Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Психикалық дамудың тежелуі



бет155/184
Дата07.02.2022
өлшемі4,48 Mb.
#89342
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   184
Байланысты:
О у жылында аза стан республикасыны жалпы орта білім беретін м

Психикалық дамудың тежелуібала психикасының даму қарқынының бәсеңдеуі, ол жалпы білім қорының жетіспеушілігінде, ойлау қабілетінің жетілмеуінде, ойынға қызығушылықтың басымдығында, зияткерлік әрекетке тез жалығуда байқалады.
Оларға білім беру ұйымында қалыптасқан мінез-құлық нормаларын сақтау қиын.
Олар іс-әрекетті еркін ұйымдастыруда қиындықтарды сезінеді.
Олар сезінетін қиындықтар олардың жүйке жүйесінің бәсеңдегенімен қиындай түседі: балалар тез шаршайды: жұмыс қабілеттері төмендейді, кейде жай ғана бастаған жұмыстарын орындамай қояды.
ПДТ бар балалардың ерекше білім беру қажеттіліктері жалпы, мүмкіндігі шектеулі барлық балаларға тән және спецификалық:
– оқу тапсырмаларын өз бетінше орындауға мүмкіндік беретін деңгейге жеткенге дейін жалғасатын, білім алушының танымдық әрекетінің қалыптасуын үздіксіз бақылауды қамтамасыз етудегі;
– меңгеріп жатқан білімнің мазмұнын түсінуде және кеңейтуде, меңгерген біліктерін бекітуде және жетілдіруде тұрақты көмекке;
– қалыптасқан білім мен біліктерді шынайы өмірмен өзара әрекеттесудің жаңа жағдайларына «ауыстыруға» арнайы оқытудағы;
– кешенді сүйемелдеудегі, сондай-ақ эмоционалдық даму тапшылығының орнын толтыруға және танымдық әрекет пен мінез-құлықты саналы өз бетінше реттеуді қалыптастыруға бағытталған арнайы психокоррекциялық көмектегі;
– коммуникация құралдарын, конструктивті қарым-қатынас пен өзара (отбасы мүшелерімен, құрбыларымен, ересектермен) әрекеттесу тәсілдерін дамытудағы және пысықтаудағы, әлеуметтік қабылданатын мінез-құлық қалыптастырудағы, әлеуметтік байланыстарын барынша кеңейтудегі;
– отбасы мен білім беру ұйымының өзара іс-қимыл жасасуын ата-аналармен ынтымақтастықты ұйымдастыру, әлеуметтік белсенді ұстанымды, адамгершілік және жалпы мәдени құндылықтарды қалыптастыру үшін отбасы ресурстарын жандандыру) қамтамасыз етудегі қажеттіліктерді қамтиды.

Балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, жақын және жуық даму аймағы туралы есте сақтау қажет.
Көбірек ұнататын әрекет түрлерін іріктеу ПДТ бар балалардың әлеуетті мүмкіндіктерін іске асыру жағдайларын оңтайландыруды ескере отырып жүргізіледі. Оқу процесіне қабылдауды, талдау жасай отырып бақылауды, ойлау операцияларын (талдау және жинақтау, топтау және жіктеу, жүйелендіру), әрекеттер мен біліктерді дамытуға арналған тапсырмаларды мақсатқа сай қосу болады;
Тапсырманы ұсына отырып, сабақта бір және сол баланың өзекті және әлеуетті мүмкіндіктері әртүрлі тапсырмаларды орындау кезінде әртүрлі болуы мүмкін екенін ескеру қажет;
Балалар түсінуі, мазмұнына жетіп ойлануы үшін сұрақтарды дәл, қысқа қою қажет, бұл ретте оларды жауап беруге асықтырмай, ойлануға уақыт беру керек;
ПДТ балаларға тән тез шаршауды болдырмау мақсатында балаларды бір әрекет түрінен екіншісіне ауыстырып отыру, сабақ түрлерін түрлендіру, әртүрлі әрекет түрлерін пайдалану дұрыс болады;
ПДТ бар әр бала үшін оған қажетті көрнекі тіректерді пайдалану, танымдылық пен бастамашылықтың кез келген көрінісін қолдау және көтермелеу керек;
Балаға қатысты әртүрлі педагогикалық шараларды пайдаланған дұрыс: ПДТ бар балалардың қызығушылықтары, әдетте, санаулы бағытта, тұрақсыз болып келеді; қажетті ықпал ету шарасын үнемі тез табу мүмкін бола бермейді – баланың оған бейімделуіне байланысты бір және дәл сол шара өз күшін жояды.
Баланың оқудағы жетістіктерін оның танымдық дербестілікке, танымдық қызығушылыққа жылжу қарқынына қарай бағалау керек;
ПДТ бар балалармен жұмыс істеген кезде ерекше педагогикалық такт көрсету – балалардың ең аз жетістігін ескеру және көтермелеу қажет, оны өз күші мен мүмкіндігіне деген сенімін дамыту қажет, жағымды эмоционалдық көңіл-күйін қолдау керек;
Балалардың әрекетін бағалаған кезде жеке тәсілдерді пайдалану: егер ол тапсырманы жақсы орындаса, баланы міндетті түрде көтермелеу, бір нәрсені нашар орындаған балаларға ешқандай сөгіс айтып, жазғыруға жол бермеу керек;
Бала еңбегінің нәтижелерін басқа балалармен салыстырып бағаламаңыз. Нақты баланың өз алдына әрбір жеке ұмтылысын көтермелеу және соңғы нәтижені ғана емес, сонымен қатар танымдық процесті, баланың әрекетін, оның дамуындағы динамиканы бағалау да маңызды https://nao.kz/loader/fromorg/2/26



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   184




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет