Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет163/184
Дата07.02.2022
өлшемі4,48 Mb.
#89342
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   184
Байланысты:
О у жылында аза стан республикасыны жалпы орта білім беретін м

5. Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар білім алушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқытудың ерекшеліктері
Білім беру процесі келесі деңгейлерге бөлінеді:
− бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар;
− негізгі орта білім – 5-10-сыныптар.
Арнайы мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген балалар дайындық (0) сыныбына түседі.
Мектепте төмендегідей білім алушыларға арналған бөлімдер ашылуы мүмкін:
− ауыр деңгейдегі жалпы сөйлеу тілі дамымаған (алалия, дизартрия, ринолалия, афазия), сонымен қатар тұтықпамен қатар жүретін жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалар;
− сөйлеу тілінің қалыпты даму барысындағы тұтықпаның ауыр формасы.
Кохлеарлы имплантацияға дейін 6 айдан кем емес ұдайы есту аппаратын тағып жүрген,кохлеарлы имплантанты 1 жастан 4 жасқа дейінгі аралықта қойылған балалар қабылданады. Оқытудың бірінші деңгейінде арнайы бағдарламалар, арнайы әдістемелік және дидактикалық материалдарды пайдалану қарастырылады. Негізгі сатыда балалар білім алушылардың мүмкіндіктеріне бейімделетін мектептің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқиды. Негізгі мектепте, әсіресе, күрделі бұзылыстары бар сыныптар үшін қазақ, орыс және шетел тілдерін оқыту сағаттарын бөлгенде вариативтілікке жол беріледі.
Арнайы логопедтік және түзету-педагогикалық қолдау барлық сабақтарда және сабақтан тыс уақыттарда сөйлеу тәртібін сақтай отырып көрсетіледі. Арнайы түзету курстарына мыналар жатады: қоршаған ортамен таныстыру, түзету ырғағы, дыбыстарды айту, сөйлеу тілін дамыту, жеке-топтық логопедтік сабақтар. Логоритмика элементтері бар міндетті оқу пәні «Түзету ырғағы» сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балалардың моторлық және сөйлеу моторлық даму ауытқушылықтарының алдын-алуға бағытталған.
Логопедиялық сабақтар белгіленген сабақтардың мазмұны мен формасын қайталамай, күннің екінші жартысында өткізілуі тиіс. Білім алушылар логопедиялық көмекті жеке, шағын топта және топтық сабақтарда алады.
Жеке сабақтар: сөйлеу тілінің жүйелі бұзылыстары бар және артикуляциялық аппаратының құрылымы мен қозғалысы бұзылған (ринолалия, дизартрия) балалармен өткізіледі. Жеке сабақтар аптасына кемінде 2 рет өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы 20-25 минут. Шағын топтарға сөйлеу тілінің біртекті құрылымы бұзылған балалар бірігеді. 5-10 сынып білім алушыларымен логопедтік сабақтарды ұйымдастырудың шағын топтық формасы жетекші болып табылады. Сабақтың ұзақтығы 40-45 минут.
Топтық сабақтың ұзақтығы (0, 1-4-сынып) дайындық сыныбы мен бірінші сыныптың алғышқы жартысында 35 минутты, келесі сыныптарда 45 минутты құрайды. Негізгі орта буын білім алушылары үшін қазақ және орыс тілдерін қосымша оқытуға арналған факультативтерді ұйымдастыруға болады.
6. Психикалық дамуы тежелген білім алушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқытудың ерекшеліктері
Білім беру процесі келесі деңгейлерге сәйкес қамтамасыз етіледі:
− бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар;
− негізгі орта білім – 5-10-сыныптар.
Арнайы мектептерге (сыныптарға) церебральды-органикалық түріндегі психикалық дамуы тежелген балалар қабылданады. Арнайы сыныптарға дамуында ауытқушылығы (ақыл-ойы кемістігі бар балалар, сөйлеу, көру, есту қабілетіндегібұзылыстар) айқын көрінетін балалар қабылданбайды.
Арнайы сыныптарға жинақтау оқытудың бастапқы деңгейінде – 0, 1 сыныптарда іске асырылады, 2 сыныпты да кіргізуге болады. Білім алушыларды оқытудың кез-келген кезеңінде жалпы білім беретін сыныптарға кіріктіру, сондай-ақ, психикалық даму тежелісі айқын көрінетін екінші сатыдағы арнайы сынып жағдайында білім беруді жалғастыру мүмкіндігі қарастырылады.
Оқу күн тәртібі балалардың тез шаршағыштығына байланысты белгіленеді: ұзартылған күн тәртібі бойынша алғашқы ауысымда оқыту.
Екінші (қазақ немесе орыс) және үшінші (ағылшын) тілдерін оқыту сынып білім алушыларының сөйлеу тілінің даму деңгейін ескере отырып, бағдарламаны бейімдеу және білім алушыларды оқыту әдістері қарастырылып іске асырылады.
Оқытудың бірінші сатысында арнайы бағдарламалар мен арнайы әдістемелік және дидактикалық материалдарды пайдалану қарастырылады. Негізгі сатыда білім алушылар негізгі орта мектепте оқу мерзімінің артуына (1 жыл) байланысты мазмұны қайта бөлінетін жалпы білім беру мектебінің бағдарламалары бойынша білім алады, әрбір пән оқытушылары білім алушылардың мүмкіндіктеріне бейімделеді.
Оқытудың түзету-дамытушы бағыты түзету пәндерінің жалпы білім беру циклі пәндерінің аясында, сонымен қатар, қосымша білім беру жүйесінде жүзеге асырылады. Басқа пәндермен тепе-тең келетін пәндерге эмоционалдық- тұлғалық жағдайын түзетуді іске асыруға мүмкіндік беретін және б3л3м алушылардың танымдық әрекеттерін белсендендіретін эстетикалық циклдегі пәндерді (музыка, сурет өнері, дене тәрбиесі) жатқызуға болады.
Бірінші және екінші сатыдағы оқу жоспарының түзету компоненті:«Айналамен таныстыру және тіл дамыту», «Түзету ырғағы», «Тіл дамуының кемшіліктерін түзеу» (логопедтік сабақ), «Білімдегі олқылықтарды толықтыру бойынша міндетті жеке және топтық түзету сабақтары», «Әлеуметтік- тұрмыстық бағдарлау» (ӘТБ) сияқты түзету курстары мен жеке-топтық түзету сабақтарын қамтиды.
Арнайы кіріктірілген «Айналамен таныстыру және тіл дамыту» (0-1-сыныптар) түзету курсы баланың қоршаған орта туралы шынайы білімдері мен түсініктерін байытуға бағытталған. «Түзету ырғағы» атты 0-4-сыныптарға арналған түзету курсы психикалық дамуы тежелген балалардың жалпы моторикасы мен қимылының үйлесімділігіндегі даму ауытқушылықтарын алдын-алуға бағытталған. «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» атты түзету пәні өмірлік құзырет дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» сабақтарын өткізу үшін сынып 2 топқа бөлінеді. Сабақтар арнайы жабдықталған ғимаратта жүргізіледі.
Сабақта оқу бағдарламасын игеруде қиындықты сезінетін білім алушылар үшін білім олқылықтарының орнын толтыруға арналған жеке және топтық түзету сабақтары ұйымдастырылады. Сабақтар жеке немесе оқудағы қиындықтарының ұқсастықтары негізінде шағын топтармен (2-4 білім алушыға) жүргізіледі. Бастауыш сынып білім алушыларымен жеке-шағын топтық түзету сабақтарын сыныптың негізгі мұғалімі өткізеді. Сабақтың ұзақтығы - 20-25 минут. Түзету сабақтары күнделікті сабақтардың мазмұны мен формасын қайталамауы тиіс. Олар пәндік-тәжірибелік және балалардың ойын әрекетін қоса отырып, әртүрлі формалар мен білім алушылардың әрекет түрлерін пайдалану арқылы жүргізіледі.
6-10-сыныптарда білім алудағы олқылықтарды толықтыру бойынша жеке және топтық сабақтарға бөлінген сағаттарды пән мұғалімдері арасында бөлінеді. Қандай топта болсын, білім алушының сабақта отыру уақыты арнайы қиындықтарды түзету дәрежесімен және сыныппен бірге тапсырмаларды орындау дайындығымен анықталады. Топ құрамы қозғалмалы болуы тиіс: балалардың бірін сыныппен бірге жұмыс жасауға қосып, бірін қарқынды жеке көмек үшін топ құрамына қосу керек. Сол бір білім алушы жыл ағымында әртүрлі топ құрамына кіруі мүмкін. Сөйлеу тілінде дамымаған білім алушылармен логопед жеке-шағын топпен сабақ өткізеді.
Жеке-шағын топтық түзету сабақтары білім алушылардың максималды жүктемесі шегінде көрсетіледі. Үлгілік оқу жоспарында көрсетілген әрбір сыныпта осы сабақтарға бөлінген апталық сағаттардың саны (бірінші сатыда 4 сағат және екінші сатыда 3 сағат) әрбір жеке білім алушының жүктемесіне емес, педагогтердің жүктемесіне кіреді. Әрбір білім алушы үшін оқытудың бірінші сатысында аптасына 40-60 минуттан, екінші сатысында 20-40 минуттан келеді.
Факультативтер мен элективті курстардың сағаттарын балалардың әлеуметтенуіне (Тіл және қарым-қатынас мәдениеті. Өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыздандыру. Экономикаға кіріспе) немесе даму кемшіліктерінің алдын алуға (Сурет салу әрекеті. Қолданбалы мәдениет. Жүзу. ЕДШ) немесе еңбекке дайындық бойынша қосымша сабақтарға қолдану дұрыс болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   184




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет