Байланысты: О у жылында аза стан республикасыны жалпы орта білім беретін м
3. Көру қабілеті бұзылған (көрмейтін, нашар көретін, кейіннен көрмей қалған) білім алушыларды арнайы мектепте (сыныптарда) оқытудың ерекшеліктері Білім беру процесі келесі деңгейлерге бөлінеді:
− бастауыш білім – 0,1-4-сыныптар;
− негізгі орта білім – 5-10-сыныптар;
− жалпы орта білім – 11-12-сыныптар.
Орта білім алу мерзімінің ұзартылуы төмендегі себептерге: көрмейтін және нашар көретін білім алушылардың танымдық қызметінің ерекшелігіне; оқу қарқынының баяулығы және жалпы білім беру пәндеріне елестету олқылықтарын толтыру мен білім алушылардың қоршаған орта туралы білімдеріне мүмкіндік беретін пропедевтикалық бөлімдерді қосу қажеттілігіне; көрмейтіндермен ақпарат алудың сукцессивті тәсілін пайдалануына (ұстап көру арқылы ақпарат алуды пайдалану); Брайль жүйесі бойынша жазу мен оқуға үйретудің ерекшеліктеріне; рельефті суреттер және сызбаларды оқуға; тифлоқұрылғыларды және бақылау, тәжірибелік және лабораториялық жұмыстар жүргізу барысында кеңістікте бағдарлай алуға арналған құралдарды пайдалану қажеттілігіне байланысты.
Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген 6-7 жастағы балалар үшін дайындық (0) сыныбы ұйымдастырылады. 1-4-сыныптарда білім алушылардың функционалдық сауаттылық негізі және негізгі жалпы білім берудің кезекті бағдарламасын меңгеру үшін база құрылып, олардың қарым-қатынас пен оқу еңбегінің негізгі дағдылары қалыптастырылады.
Екінші сатыдағы оқыту 6 жыл ағымында іске асырылады. Осыған байланысты оқыту жылдары бойынша оқу материалы әр оқу пәнінің аясында қайта бөлінеді.
11-12-сыныптарда оқыту жалпы-гуманитарлық және жаратылыстану– математикалық екі бағытта жүзеге асырылады.
Бір немесе екі бағытты да таңдау білім алушылардың қажеттілігін және ата- аналардың сұранысын ескере отырып іске асырылады.
Білім беру процесінің түзету бағыты жалпы білім беру пәндері бойынша, қалдық көруін және көріп қабылдауын сақтау мен дамыту; әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау (ӘТБ), кеңістікте бағдарлау; мимика және пантомимиканы дамыту; сөйлеу тілі дамуының кемшіліктерін түзету (логопедпен сабақтар); емдік дене тәрбиесі және түзету ырғағы бойынша арнайы түзету сабақтарында қамтамасыз етіледі.
Факультативтік сабақтардың сағаттары жалпы білім беру циклінің пәндерін оқытуда, жаңа пәндерді, қосымша білім беру модульдерін, арнайы курстар мен практикумдарды енгізуде, жеке және топтық сабақтарды өткізуде, жеке білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда қолданылуы мүмкін. Көру қабілетінен айырылған білім алушыларды оқыту Брайль шрифтімен шыққан жалпы білім беретін оқулықтар бойынша, ал нашар көретін білім алушыларды ірі шрифтімен басылған оқулықтар бойынша оқыту іске асырылады.
4. Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған білім алушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқытудың ерекшеліктері Білім беру процесі келесі деңгейлерге бөлінеді
− бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар;
− негізгі орта білім – 5-10-сыныптар;
− жалпы орта білім – 11-12-сыныптар.
Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген 6-7 жастағы балалар үшін дайындық (0) сыныбы ұйымдастырылады.
1-4-сыныптарда жалпы тапсырмалар мен кешенді түзету тапсырмалары (балалардың барлық қозғалыс сферасын, сөйлеу тілін, танымдық қызметін қалыптастыру) шешіледі. Бірінші сыныпта жазу қимылының дағдысын қалыптастыруға арнайы уақыт бөлінеді.
Ана тілін меңгеру оқытудың бастапқы сатысының тәжірибелік бағытымен қамтамасыз етіледі. Математиканы зерделеу барысында ойлауын дамыту ерекшеліктері, кеңістіктік ұғымдарының жеткіліксіз қалыптасуы ескеріледі.
Бейімделген дене шынықтыру сабақтарында бағалау нормативтері қалыптастырылмайды.
5-10сыныптарда балаларда әлеуметтік-еңбекке бейімдеуді қамтамасыз ететін қимыл-қозғалыс, ойлау, сөйлеу дағдылары мен ептілігін дамыту бойынша түзету-қалыптастыру жұмыстары жалғасады.
11-12-сыныптарда оқыту жалпы-гуманитарлық және жаратылыстану– математикалық екі бағытта жүзеге асырылады. Бір немесе екі бағытты да таңдау білім алушылардың қажеттілігін және ата-аналардың сұранысын ескере отырып іске асырылады.
Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған білім алушылар шағын топта және жеке сабақтарда түзету-педагогикалық қолдауға ие болады:
1) емдік дене тәрбиесі (ЕДШ) сабақтары 2-4 адамнан тұратын топпен немесе жеке өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы – 45 минут. Сабақтар күннің бірінші жартысында, сондай-ақ екінші жартысында жүргізілуі мүмкін;
2) тіл дамуының кемшіліктерін түзету бойынша өткізілетін сабақтарды тіл бұзылуы ұқсас білім алушылармен жеке немесе топтық түрде аптасына 2-3 рет логопед жүргізеді. Сабақтар күннің бірінші жартысында, сондай-ақ екінші жартысында жүргізілуі мүмкін;
3) танымдық қызметті қалыптастыру және дамыту бойынша түзету сабақтарында бағдарламалық материалды игеруге, қоршаған орта туралы білімін кеңейтуге, кеңістіктік және уақыттық ұғымдарын қалыптастыруға, графикалық дағдыларды дамытуға, алдыңғы даму олқылықтарын толықтыруға және оқу материалын игеруге, бұзылған психикалық қызметтерді түзетуге, күрделі оқу материалын меңгеруге дайындықты қамтамасыз етеді. Сабақтың ұзақтығы – 20-25 минут.
Түзету сабақтары күнделікті сабақтардың мазмұны мен формасын қайталамауы қажет. Бастауыш сыныптарда сабақтың бір бөлігін ойын түрінде өткізген дұрыс. Топтар (3-4 адамнан) білім алушылардың сөйлеу тілінің, қимыл-қозғалысының және өзге де даму бұзылыстарының біртектілігі мен айқындығын ескере отырып жинақталады.
Білім алуышының топта болу ұзақтығы арнайы қиындықтарды түзету дәрежесімен және тапсырмаларды сыныппен бірге орындау дайындығымен анықталады. Топ құрамы қозғалмалы болуы тиіс. Бір білім алушы бір жылда әртүрлі топтардың құрамында болуы мүмкін.
Факультативтік сабақтарды анықтау барысында білім алушылардың әлеуметтенуі және олардың даму кемшіліктерінің алдын-алатын, білім алушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіруге ықпал ететін курстарды таңдау қажет.