Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет166/184
Дата07.02.2022
өлшемі4,48 Mb.
#89342
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   184
Байланысты:
О у жылында аза стан республикасыны жалпы орта білім беретін м

Мектепте балаларға қосымша білім беруді дамытудың негізгі ерекшеліктері:
1) білім беру құндылықтарын жағымды қабылдау және оның мазмұнын тиімді меңгеру үшін кең жалпымәдени және эмоциялық-боямды орта құру;
2) «жалықтырмайтын» тәрбиені іске асыру - балаларды қызметтің тұлғалық маңызды шығармашылық түрлеріне қосудың арқасында, осы процесте өскелең ұрпақтың адамгершілік, рухани, мәдени бағдарларының «байқаусыз» қалыптасуы өтеді;
3) балаларға қосымша білім беру ұйымдарында өздерінің қабілеттерін іске асыру үшін қызметтің осы немесе басқа түріне ерекше қызығушылық (көркемдік, техникалық, спорттық және басқа) білдіретін білім алушылардың бағдарлануы;
4) білім алушылардың жеке білім жолын анықтауға, өмірлік және кәсіби жоспарларын нақтылауға, маңызды жеке қасиеттерін қалыптастыруға қажетті негізгі білімдеріндегі қандай да бір оқу курстарының болмауына байланысты олардың орнын толтыру.
Қосымша сыныптан тыс іс-шараларды, үйірмелерді, секциялар мен факультативтерді ұйымдастырудың негізгі мәні – баланың дарындылығын ерте анықтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, оның қызығушылықтарының жан-жақтылығын қалыптастыру, кәсіби өзін-өзі анықтауына көмектесу болып табылады.
Заманауи мектептегі қосымша білім беру жүйесі:

  • түрлі жас санатындағы балалардың қажеттіліктеріне жауап беру;

  • тұлғалық әлеуетті, шығармашылық бастаманы ашуға көмектесу, білім алушыларға психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан ыңғайлы жағдай жасау;

  • дағдыларын өз бетінше дамытуға үйрету, өзін ұстай білуді тәрбиелеу;

  • сабақта алынған білімді тереңдету және практикада қолдану процесінде жалпы білімнің әлеуетін іске асыруға көмектесу.

Білім беру бағдарламаларын (әрі қарай - бағдарламалар) педагогтер көркем-эстетикалық, ғылыми-техникалық, жаратылыстану-ғылыми, экологиялық және биологиялық, дене шынықтыру-спорт, әскери-патриоттық немесе мәдени бағыттарда өз беттерінше әзірлейді.
Шығармашылық шеберханалар, ізденіс үйірмелерін, әдебиеттану курстарын, өлкетану, қызықты химия және математика секцияларын, электротехника үйірмелерін және де білім алушылардың қажеттіліктерін ескеріп басқа нәрселерді ұйымдастыруға болады.
Бағдарламаға қойылатын талаптар.
Мектептегі қосымша білім беру бағдарламалары өзекті, қолайлы, бақыланатын болуы керек. Білім алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарлануы тиіс. Практикалық қызметтің барынша бағалы тәжірибесін алудың міндеттері мен нұсқаларын анықтау қажет. Бағдарламада білім алушылардың жетістіктерін бақылау мүмкіндігі болуы керек.
Қосымша білім бойынша сапалы қызмет көрсету үшін мектеп әкімшілігі, мектептегі қосымша білім беру педагогі, білім алушылар мен олардың ата-аналары арасындағы өзара қарым-қатынасты ретке келтіру тиіс. Барлық тараптардың тиімді өзара әрекеттестігі ғана қосымша үйірмелерді, секцияларды, іс-шараларды ұйымдастыруды мүмкін етеді.
Мектепте қосымша білімді келесі кезеңдерді іске асыру процесінде ұйымдастыру қажет.
1. Білім алушылардың қажеттіліктері мен тілектерінбілу. Мәліметтерді жазбаша тестілеу, білім алушылар мен олардың ата-аналарынан ауызша сауалнама алу, бастауыш, орта және жоғары мектепті аяқтау кезеңіндегі білімділік сапасына бақылау жүргізу арқылы жинауға болады.
2. Білім алушыларды қызығушылықтары бойынша топтарға біріктіру, секцияларды, факультативтерді, үйірмелерді ашу. Мектептегі қосымша білім беру моделі мен бағдарламасын сауалнама нәтижесі бойынша қалыптастыруға болады. Осы кезеңде сыныптан тыс оқытудың негізгі бағыттарын анықтау қажет.
Іс-шараларды әлеуетті қатысушылардың және де белгілі тақырып бойынша сабақтарға қажеттіліктері бар қатысушылардың санына байланысты әзірлеген жөн.
3. Оқыту саласын анықтауда мұғалімдер мен білім алушыларға көмек көрсету. Білім алушыларға қосымша білім бағдарламасын таңдауда еркіндік беру қажет, сабақтың алдында мектеп білім алушыларына қабылдау туралы тестілеу беріледі, оның нәтижесін басшылыққа алуға болады, алайда олар басты болып табылмайды.
Қосымша білімдегі маңызды рөлдердің бірі - сабақ формасы. Соңғы нәтиже дәл осы таңдалып алынған әдістемеге байланысты болады. Әр жыл сайын оқытудың жаңа техникалары пайда болады. Бұл кездейсоқтық емес, себебі уақыт өткен сайын қоғам да өзгеріп отыр. Сондықтан да әр педагог психологиялық-педагогикалық білімді меңгеруі, өзінің оқыту әдістемелерін ұдайы жетілдіруі және жаңа техникаларды меңгеруі қажет.
Қосымша білімдегі сабақ формалары келесі талаптарға сәйкес болуы қажет:

  • дамыту сипатында, нақтырақ айтқанда білім алушылардың табиғи қабілеттері мен қызығушылықтарын дамытуға бағытталуы керек;

  • өткізу мазмұны және сипаты бойынша түрлі болуы қажет.

  • әртүрлі қосымша әдістемелерге негізделуі қажет.

Жұмыс барысында ағымдық бақылау және үнемі түзетулер жүргізу қажет. Есеп беру кезеңін анықтау қажет, оның нәтижесінде білім алушылар туралы, үйірмелер мен секцияларға қатысуы, білім алушылардың жетістіктері туралы мәліметтер жиналады. Жиналған барлық мәліметтер сарапталады және жүйеленеді. Қажет болған жағдайда осы ақпараттар бойынша түзетуге бағытталған іс-шаралар әзірленеді.
Қызметті сараптау және жұмыс келешегін анықтау үшін ұдайы мониторинг жүргізіп отыру қажет. Бұл білім алушылардың оларды қызықтыратын бағыттары бойынша қосымша оқыту жүйесін жүргізудің нәтижелілігін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мектептегі қосымша білім беру жүйесін дамыту келешегін анықтауға болады.
Қосымша оқыту жүйесі, яғни үйірмелер, секциялар, факультативтер және басқа да сыныптан тыс іс-шаралар нақты оқу орнының материалдық базасына негізделеді. Мектептегі кабинеттер, инвентарь, әдебиеттер қолданылады. Алайда мектептердің барлығында сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыру және пәндерді терең меңгеруге арналған ресурстар бола бермейді. Егер мектеп тегін қосымша оқыту қызметін қамтамасыз ете алмаса, ақылы секциялар мен үйірмелер енгізіледі.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайларында қосымша білім беру барысындағы мектеп мұғалімдерімен педагогогтердіңатқаратын жұмыстары білімді, дамыған көшбасшы қабілеттеріне ие, таңдау кезінде өз бетінше шешім қабылдай алатын, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық әрекеттестікке қабілетті, өз халқының тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар адамды қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Біздің балаларымыздың ұлттық идеология рухында, мәдени дәстүрлерде тәрбиеленгендігі маңызды. Идеологиялық құраушы барлық өткізілетін іс-шараларда болуы тиіс. Қосымша білім беру педагогтеріне және мұғалімдеріне республикалық көрмелердің әдістемелік қорына белсенді жүгіну, кәсіби қызметтерінде көрмелік материалдарды пайдалану ұсынылады.
Мектептегі балалар фольклорлық ұжымдарының педагогтеріне қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері мен салт-дәстүрлерін зерттеу бойынша, әншілік, бишілік, халық қолөнері және тағы сол сияқты өңірлік фольклорлық дәстүрлерді сақтау және дамыту бойынша жұмыс жүргізуді жалғастыру ұсынылады. Сабақ барысында білім алушыларға халқымыздың адамгершілік құнды бағдарларын түсіндіруге ерекше ден қою қажет, олар: әйел-аналарға деген құрмет, үлкендерге деген ізет, еңбекқорлық, әлеуметпен және табиғатпен және басқалармен үйлесімде өмір сүруге талпыну.
Театр шығармашылығы бірлестіктерінің педагогтеріне балалар театр шығармашылығы дамуының заманауи үрдістерін, театрдың интерактивті түрлерін дамытуды ескере отрып, жоғары адамгершілік мазмұнды драматургиялық материалдарды іздеуге көп көңіл бөлгендері жөн.
Бейнелеу және сәндік-қолданбалы шығармашылығының мектеп үйірмелері мен бірлестіктерінің педагогтеріне шығармашылық мәдениетін дамыту, әсемдік сезімін тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бейнелеу өнері, хореография, музыкамен айналысу - рухани-адамгершілік ағартудың қуатты тетігі болып табылады.
Бірқатар дербес байқаулар мен көрмелердің құрылымы «Өнер арқылы - бірлікке және өзара түсіністікке» атты келесі номинациялар бойынша жалпы идеямен біріктірілген болуы мүмкін:
1) «Ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар» (байқау қатысушылары ұлттық әдет-ғұрыптың сипаттамасын ұсынады немесе көрсетеді, сондай-ақ өз халқының салт-дәстүрлерін айтып береді);
2) «Ұлттық әндер, поэзия, ойындар мен билер» (байқауға қатысушыларфольклор шығармаларын ана тілінде орындайды, биді, сондай-ақ ұлттық және халықтық ойындарды көрсетеді);
3) «Ұлттық киім» (ұлттық киімді немесе оның бөліктерін көрсету. Оның тарихын, символикасын және аталған бұйымды жасау тәсілдерін әңгімелеуіне болады);
4) «Дәстүр ордасы» сәндік-қолданбалы шығармашылық (осы номинацияның байқау бағдарламасына шығармашылық жұмыстардың авторлары және отбасы жәдігерлерін сақтаушылар қатысады (ұлттық ойыншық, кесте, тігін, құрақ құрау, тоқыма, өру, моншақ, ағаштан ою, қыш және т.б.). «Кішкентай кереметтер» балалар және отбасылық жұмыстардың көрмесі);
5) «Ұлттық асхана тағамдары» (байқау қатысушылары дайындаған тағамдарын ұсынып, осы тағамға байланысты ұлттық дәстүрлерді айтып берулері керек, сондай-ақ ұсынған тағамдардың жасау жолдарын көркемдеп ресімдейді);
6) «Отбасы альбомы» шығармашылық жобасы (байқау қатысушылары өз тегінің өкілдері туралы әңгіме дайындайды. Әңгіме фотосуреттерді, бейнежазбаларды, хаттарды, жазба күнделіктерін, басылымдарды, отбасы мүшелерінің шығармашылық жұмыстарын және үйде сақталған қызықты тарихы бар ерекше заттарды көрсетумен сүйемелденуі мүмкін);
7) «Біз – Қазақстандықтармыз!» бейнежобасы және басқалары. Туризмде үлкен рухани-адамгершілік әлеует жатыр. Экскурсиялық қызметті ұйымдастыру балаларды өз халқының, өз елінің тарихына, мәдени мұрасына тартуға ықпал етеді. Білім алушылардың туристік-өткетану экспедициялары аясында жыл сайын жаяу, шаңғылы, су, велосипед жорықтары, сан түрлі бағдарлар бойынша экспедициялар мен экскурсиялар өткізген жөн. «Туған өлкенің көрікті жерлерінен – Қазақстанның киелі жерлеріне», «Ұлы Дала Елі», «Қазақстан – менің алтын бесігім», «Сенің өмірдегі бірінші асуың», «Алтын компас» және басқа тақырыптарда, жергілікті табиғат және тарихи ескерткіштерден бастап Еліміздің астанасы - Астана қаласына және елдің басқа да өңірлеріне дейін білім алушылардың экскурсиялары мен экспедицияларын ұйымдастыруды белсендендіру маңызды.
Жаңа оқу жылында еліміз үшін ең маңызды оқиға Елордамыз – Астана қаласының 20 жылдығына ерекше назар аударылу керек.
Сынып жетекшілеріне, қосымша білім педагогтеріне жас өлкетанушылар, экологтер мен табиғаттанушылар арасында «Болашақтың энергиясы» ұранымен сабақтар топтамасын өткізу ұсынылады. Мұндай іс-шараны өткізудің формалары алуан түрлі («Жасыл планета», «Табиғатты аяла!» суреттер байқауы, «Ландшафты дизайн», «Екінші өмір», «Туған өлкенің биоалуандығын сақтаймыз және дамытамыз», «Денсаулық және қоршаған орта», «Жасыл экономика» және басқа номинациялар бойынша әлеуметтік маңызы бар зерттеу жобалары). Мұндай іс-шаралар балаларды жастайынан өзекті мәселелер туралы білім алуларын ғана емес, сондай-ақ оларды жаңа көріністерге тарта отырып, балалар үшін мансаптық перспективаларды ашуды қамтамасыз етеді.
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріне бес күндік оқу аптасының енгізілуіне байланысты, алтыншы күннің (сенбі) сабақтан тыс бос уақыттағы тәрбие процесіне ерекше көңіл бөлінеді, ол білім беру жүйесінің барлық деңгейдегі тұтас педагогикалық процестің бөлігіне айналуы тиіс. 5-күндік оқу аптасына көшкен кезде білім алушының бос уақыты көбейеді.
Сабақтан тыс уақытта, оның ішінде сенбі күні балалардың бос уақытын толық қамту үшін пән мұғалімдерінің әлеуеттерін тиімді пайдалану қажет. Пән мұғалімдері қызығушылықтарына қарай үйірмелерді, секцияларды, студияларды, клубтарды, сондай-ақ өз бейіндері бойынша сабақтан тыс уақытта танымдық, байқау, ойын-сауық бағдарламаларын, экскурсияларды және басқаларын ұйымдастыра алады.
Мысалы, физика пәнінің мұғалімі «Қызықты физика», «Робототехника», техникалық шығармашылық үйірмелерін жүргізе алады (көлік, әуе, кеме және тағы басқа техника түрлерін үлгілеу). Яғни, педагог күннің бірінші жартысында пән мұғалімі болып, ал екінші жартысында қосымша білім беру педагогі болып қызмет атқарады. Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдар жалпы орта білім беру ұйымдары мен қосымша білім берудің мектептен тыс ұйымдары үшін қосымша білім беретін педагогтер мен педагог-ұйымдастырушылардың қосымша штаттық бірліктерін қарастырады.
Сонымен қатар, жоғары оқу орындары мен колледждердің базаларында кәсіпке бейімдеу жұмысын жүргізуге болады.
Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында білім беру және құқықтық тәрбие беру саласындағы басты бағыттардың бірі ретінде балалардың бос уақыттарын қамту бойынша кешенді шаралар қабылдауы қажет, нақтырақ айтқанда:
– қауіп-қатер тобындағы жасөспірімдерді қарау үшін қосымша білім беру мұғалімдері мен педагогтері арасынан қоғамдық тәрбиешілер-тәлімгерлерді бекіту;
– аула және мектеп жанындағы клубтарды ашу үшін бос тұрған ғимараттарды тиімді пайдалану;
– балалар туристік базаларын, сыртқа шығу және жаяу жүру өлкетану туристік жаңа маршруттарын және т.б. ашу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   184




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет