«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Адам және қоғам» білім беру саласының мазмұны «Дүниетану» және «Өзін-өзі тану» пәндері арқылы беріледі.
«Дүниетану»
«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта сияқты оқыту нысандарына тоғыстырылған.
Бұл оқу пәні негізгі және жоғары мектепте қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар циклі пәндерінің негізін қалай отырып, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі жөніндегі білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пропедевтикалықпән.
Ол Қазақстан тұрғындарының әлеуметтік, моральдық, шығармашылық және коммуникативтік өмірінің жалпы бейнесін көрсетеді, өзі, үйі, отбасы мәселелері негізінде білім алушылардың қоршаған орта туралы түсініктерін дамытуға ықпал етеді.
«Дүниетану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:1-сыныпта – аптасына1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34сағат; 3-сыныпта – аптасына –1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
«Дүниетану» пәні бойынша білім алушылардың білімі мен біліктілігі қалыптастырушы бағалау шеңберінде сұрақ-жауап нәтижелері, бақылау жұмыстарының, тест тапсырмалары, практикалық жұмыстар мен диктанттар нәтижелері бойынша кері байланыс беру және білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, қажетті форматтағы сабақты құру мақсатында, сонымен қатар, рәсімдер саны нақты анықталынған жиынтық бағалау шеңберінде бағаланады және сынып журналына балл қою қарастырылады.
Мұғалім дүниетану сабақтарында пән бойынша қосымша жұмыс түрлерін өткізе алады. Өткізу мерзімі мен жұмыс түрлерін мұғалімнің өзі анықтайды. Төменде ұсыным ретінде критерийлері бар жұмыстардың түрлерікөрсетілген
(68-кесте).
68-кесте – Пән бойынша қосымша жұмыс түрлері
№
|
Жұмыс түрлері
|
Критерийлер/Дескрипторлар
|
1
|
«Сөздерді кестеге бөлу»
№
|
Бұл жануарға тән (мұны жануарлар ғана жасай алады)
|
Бұл адамға және жануарға тән (мұны адам да және жануар да жасай алады)
|
Бұл адамға тән (мұны адам ғана жасай алады)
|
1
|
|
|
|
2
|
|
|
|
Іріктелген сөздер жиынтығын көмек ретінде беруге болады: тыныс алу, қозғалу, ойлау, жасау, тамақтану, ұрпағына қамқорлық жасау, түрлі машиналарды ойлап табу, сурет салу, әуен шығару,олжасыныңізін аңду, ұзақ ұйқыға кету,азық табу, өсімдіктер өсіру, жануарларды асырау.
|
жануарларға не тән екенін біле алады;
адамға және жануарға не тән екенін біле алады;
адамға не тән екенін біле алады
|
2
|
«Өсімдікті таны»
Білім алушылар өсімдіктер туралы сипаттау мәтінін оқиды немесе тыңдайды.
- Мына өсімдіктіатаңыз.
- Адамдар оны қалай пайдаланады?
|
- өсімдіктің атауын сипаты бойынша анықтайды;
- бұл өсімдіктіңне үшін қолданылатынын біледі
|
3
|
«Жедел жәрдем» ойыны. Мысалы,
- Жараларды емдеу үшін қандай өсімдіктер пайдаланылады? (алоэ, түймедақ, жолжелкен, орамжапырақ...)
- Қызуды басу үшінқандай өсімдіктерпайдаланылады?(таңқурай, лимон)
- Жүрек ұстамасы кезінде қандай өсімдік пайдаланылады? (валериан.)
-Қандай шөптің көмегімен қалай күн соққысынан құтылуға болады? (басқа түйежапырақты қою керек)
- Көруді жақсарту үшін қандай жемістерді адамдар тұтыну керек? (сәбіз, қаражидек.)
- Қай гүлдің тұнбасына шаш жуғанда сары түс береді?Оларды атаңыз. (гүл, түймедақ.)
|
- жараларды емдеу үшін қандай өсімдіктердің қолданылатынын біледі;
- қызуды басатын дәрі ретінде қандай өсімдіктерпайдаланылатынын біледі;
- жүрек ұстамасы кезінде қандай өсімдікті қолданатынын біледі;
- қандай шөптің көмегімен күн соққысынан сақтануға болатынын біледі;
- адамдар көруді жақсарту үшін қандай жемістерді тұтынатынын біледі;
- қандай шөптің тұнбасына жуылған шаштың түсісары түсті болатынын біледі
|
4
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |