Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет77/136
Дата07.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#96630
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   136
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020

«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ

«Дене шынықтыру» білім саласының мазмұнына «Дене шынықтыру» пәні енгізілген.


Дене шынықтыру
Дене шынықтыруды оқытудың мақсаты денені салауатты шынықтыруға, спорттық-спецификалық қозғалу дағдылары мен дене бітімі қабілеттерін меңгеруге бағытталған дене шынықтырудың негіздерін қалыптастыру болып табылады.
«Дене шынықтыру» пәнін оқытудың міндеттері: дене шынықтыру және спорт саласындағы теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын дамыту; өзінің дене және психикалық денсаулығын нығайту үшін ұмтылуға ынталандыру; білім алушылардың төзімділікке, ширақтыққа, күштілікке, ептілікке және икемділікке ықпал ететін қозғалыс дағдыларын дамыту; Отанға деген патриоттық сезімін, құрметтеуге, жауапкершілік пен өзара түсіністікке тәрбиелеу; білім алушылардың өз өмірлерінде салауатты өмір салтын ұстануға және үйренген дене-қимыл дағдыларын алдағы уақытта қолдануға ынталандыру; жалпы адамзат мәдениетінің бөлігі ретінде дене шынықтыру туралы түсініктерін қалыптастыру.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына:
1) 1-сыныпта 3 сағаттан, оқу жылында 99 сағатты;
2) 2-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты;
3) 3-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты;
4) 4-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
Дене шынықтыру мұғалімдері білім алушы организмінің анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктеріне (жетілуіне) сәйкес өздерінің педагогикалық тәсілдерін бақылауы және өзгертуі тиіс.
«Дене шынықтыру» пәнінің сыныптар бойынша мазмұны:
- 1-2-сыныптар үшін: денсаулық туралы білу; қауіпсіздік ережесі; дене тәрбиесі дегеніміз не; күн тәртібі; жүру және жүгіру; секіру және лақтыру; ойын арқылы қарым-қатынас дағдыларын дамыту; сюжеттік-рөлдік қозғалмалы ойындар; бірқатар гимнастикалық фигураларды үйрену; қазақ ұлттық қозғалыс ойындары; доппен және секіртпемен орындалатын ойындар мен тапсырмалар; ойын арқылы қарым-қатынас пен әлеуметтік дағдылар; қауіпсіздік ережесі; ойын арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту; ойын арқылы коммуникативті дағдыларын дамыту ойындары; ойынға шығармашылық идеялар; жеке қозғалыс белсенділігі; салауатты өмір салтын қалыптастыру; ашық ауада физикалық қозғалыс; жылдамдық, күш пен ептілік; секіруді дамыту үшін тапсырмалар; эстафета және қозғалмалы ойындар;
Пән бойынша бағдарламаның әрбір үшінші сағаты білім алушылардың қозғалыс белсенділігін (спорттық және қозғалыс ойындарының санын арттыру есебінен) және сауықтыру процесін арттыруға бағытталған.
Оқу бағдарламасында қарастырылған шаңғы/коньки/кросс дайындығы сабақтары өңірлердің климаттық жағдайларына сәйкес өзара алмастырылады.
Мұғалімнің әр сабақ сайын жүргізетін бақылау жұмыстары жүйелі түрде іске асырылады және білім алушының тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындап жатқандарын түсінуге, олардың білім алу траекторияларына түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.
«Есептелінді» және «есептелінген жоқ» деген сынақ қойған кезде критериалды бағалау қағидасына сүйену керек. Яғни, білім алушы «есептелінді» деген сынақ алу үшін сабаққа қатысып қана қоймай, дене дамуы бойынша білім мен біліктілік негіздерін игеруі керек.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша тоқсан соңында және оқу жылының соңында «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы сынып журналына қойылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген МЖМБС редакциясында және бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің Үлгілік оқу жоспарларында «Ағылшын тілі» оқу пәні «Шетел тілі» деп өзгертілген. Білім беру ұйымдарының: «Ағылшын тілін», «Неміс тілін», «Француз тілін» таңдау құқығы бар. Тілді таңдауды, оқушылардың қажеттіліктерін және ата-аналардың сұраныстарын ескере отырып, жалпы білім беретін мектеп жүзеге асырады.
2019-2020 оқу жылында 1-4 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұнының келесі Үлгілік оқу бағдарламалары бойынша оқиды:
- Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Ағылшын тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы.
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Француз тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы және бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Неміс тілі» пәнінен Үлгілік оқу бағдарламасы жаңа болып табылады.
Оқу бағдарламалары сөйлеу қызметінің барлық түрлері (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) бойынша дағдылар мен қабілеттерді дамытуды көздейді. Бағдарламаның лексика-грамматикалық мазмұндалуы қарапайымнан күрделіге қарай жүргізіледі. «Француз тілі» және «Неміс тілі» оқу пәндері бойынша бастауыш білім беру деңгейінің бағдарламалары білім алушылардың тілдік дағдыларын дамытуға, олардың өзіне деген қызығушылығы мен сенімділігін арттыруға, сондай-ақ француз және неміс тілін үйренуге оң көзқарасты қалыптастыруға бағытталған. Оқу бағдарламаларының мазмұны жалпы тақырыптар аясында қарым-қатынас жасаудың қарапайым білігін қалыптастыру үшін базалық қабілеттер мен дағдыларды жасауды және дамытуды қамтамасыз етеді.
Оқу бағдарламалары ҚР БҒМ бұйрығымен бекітілген және ҚР Білім және ғылым министрлігінің және Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының сайттарында орналастырылған.
Шетел тілі оқу бағдарламаларының құрылымында «Ағылшын тілі», «Неміс тілі» және «Француз тілі» пәндерінің базалық мазмұны маңызды аспект болып табылады. Оқу пәндері білім алушыларда өз халқының рухани құндылықтары мен мәдениет диалогі, ұлттық бірегейлігі, азаматтылық, моральдық және сөйлеу әдебінің нормалары туралы түсінік қалыптастыруға ықпал етеді.
Шетел тілі бағдарламалары білім алушыларға төмендегі тәсілдер арқылы тілді меңгертуге бағытталған:

  • талдау, бағалау және шығармашылық ойлау дағдыларының дамуына ықпал ететін әртүрлі тапсырмалар;

  • ауқымды жазбаша және ауызша дереккөздермен жұмыс жасау.

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 1-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 66 сағатты;

  2. 2-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты;

  3. 3-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты;

  4. 4-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.

Бастауыш білім беруді аяқтағаннан кейін білім алушылар шетел тілін тілді меңгерудің жалпыеуропалық жүйесіне (Common European Framework of Reference, CEFR) сәйкес А1 тілдік деңгейінде меңгеруі тиіс.
Білім алушылар сандар, түстер, уақыт, ауа райы, тағам, киім, жануарлар, өсімдіктер, дене мүшелері, жеке ақпараттар, отбасы, достар, мектеп, ойындар, саяхат, транспорт, спорт, мерекелер, салт-дәстүрлер, ғимараттар, өнер, музыка, аңыздар, зерттеушілер мен өнертапқыштар тақырыптарына байланысты лексиканы меңгереді.
Бастауыш мектеп бағдарламасында тілдік дағдыларды дамыту үш тілде ортақ тақырыптарды оқу арқылы жүзеге асырылады: қазақ тілі (Т1, Т2), орыс тілі (Я1, Я2) және шет тілі (L3). Бастауыш мектептің оқу жоспарларында (1-4 сыныптар) пәнаралық байланыс (Cross Curricular Links) әр тақырыпта көрсетілген.

36 - кесте – 1-4-сыныптардың оқу бағдарламасындағы пәнаралық байланыс





«Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша тақырыптар

«Француз тілі» оқу пәні бойынша тақырыптар

«Неміс тілі» оқу пәні бойынша тақырыптар

1 класс

All about me

Tout sur moi

Alles über mich

My school

Mon école

Meine Schule

My family and friends

Ma famille et mes amis

Meine Familie und meine Freunde

The world around us

L’environnement

Umgebung

Travel

Voyage

Reise

Tradition and folklore

Les fêtes et les traditions

Traditionen und Folklore

Food and drink

Repas

Essen und Getränke

Health and body

Un esprit sain dans un corps sain

Ein gesunder Geist in einem gesunden Körper!

2 класс

All about me

Se présenter, parler de soi

Alles über mich

My family and friends

Ma famille et mes amis

Meine Familie und meine Freunde

My school

Mon école

Meine Schule

The world around us

L’environnement

Umweltbedingungen

Health and body

Un esprit sain dans un corps sain

Ein gesunder Geist in einem gesunden Körper!

Tradition and customs

Les traditions et les coutumes

Sitten und Bräuche

The natural environment

L’environnement. Les saisons

Umwelt

Travel

Vacances et voyage

Reisen

3 класс

Animals

Vive la nature!

Belebte Natur

Light & Dark

La ville

Licht und Schatten

Time

Ma journeé de travail

Zeit

Buildings

Nous faisons des courses

Architektur

Art & Music

L’art

Kunst

Explorers & Inventors

Les Grands Hommes

Berühmte Persönlichkeiten

Water, water everywhere

Culture et repos

Wasser – Quelle vom Leben

Having fun

Bientôt les vacances!

Erholungskultur, Feier

4 класс

Kazakhstan in the World of Sport

Sport

Sport in Kasachstan

Values in Myths and Legends

La Francophonie

Werte in den Mythen und Legenden

Treasure and Heritage

Un ami étranger

Kulturerbe

Professions and ways of Communication

Le monde des métiers

Berufswelt und Kommunikationen

Hot and Cold

Phénomènes naturels

Naturerscheinungen

Healthy World

Un esprit sain dans un corps sain

Ein gesunder Geist in einem gesunden Körper!

Journey into Space

Mes loisirs

Weltraumreise

Machines

Les transports

Autos

Шетел тілі бойынша сабақтарды жоспарлауға төмендегі ұсынымдар беріледі:



  1. 1-сыныпта оқу және жазу дағдыларын дамыту қарастырылмайды, «Оқу» бөлімі бойынша оқыту мақсаттары таныс сөздер мен сөз тіркестерін танып білуге ғана бағытталған;

  2. сабақта ұсақ моториканы дамытуға байланысты іс-әрекеттер, ойындар, әндер, санамақтар, ұйқастырмаларды қолдану;

  3. оқу тапсырмаларын орындауда білім алушылардың жұмыстарын ынталандыру, білім алушыларды ынталандыру мен қолдаудың әртүрлі нысандарын қолдану арқылы білім алуға қолайлы және жайлы атмосфера жасау, жарыс сипатындағы тапсырмаларды қосу;

  4. бастауыш сынып білім алушыларының психологиялық және жас ерекшеліктерін (жоғары эмоционалдылық, қозғалғыштық, сезімталдық, шаршағыштық) ескере отырып, оқытудың әдіс-тәсілдерін, формаларын ойластыру;

  5. бастапқы кезеңде қателесу білім беру процесінің бір бөлігі болып табылатындықтан, білім алушылардың қателерін түзетпеу. Коммуникативті құзыреттілікті меңгерудің негізгі шартының бірі білім алушының білім беру процесіне белсенді қатысуы болып табылады;

  6. сабақта білім алушыларға таныс ағылшын тіліндегі сөздерді, фразаларды және нұсқауларды жиі қолдану қажет, бұл білім алушылардың тапсырмаларды орындаған кезінде сөздер мен фразаларды тиімді есте сақтауға және тануына мүмкіндік береді;

  7. мұғалімнің өз сөзін модельдеуі, тиісті интонацияны, дауысты, айтылуын және ым- ишараларды пайдалана отырып, сөздер мен фразаларды баяу және анық айту;

  8. мимиканы, эмоцияны, ым-ишараны, түрлі-түсті көрнекі құралдарды (суреттер, ойыншықтар, постерлер) белсенді пайдалану, бұл білім алушылардың назарын неғұрлым тиімді шоғырландыруға және оларды жаңа сөздерді меңгеру процесіне тартуға ықпал етеді;

  9. білім алушылардың қызығушылығын ынталандыру, жұмыс нәтижелерін көрсету, өткен материалды бекіту мақсатында сыныптағы арнайы бөлінген орындарда («сөйлейтін қабырғалар», көрмелер және т. б.) оқушылардың жұмыстарын орналастыру және жаңартып отыру;

10) іздестіру, өңдеу, тазарту, ақпарат жасау және ұсыну, ақпарат және идея алмасу сияқты АКТ-ға негізделген дағдыларды қолдануға ықпал ету;
11) әр сабақта қысқа аудио және бейне материалдарды, логикалық ойлауды дамытуға арналған тапсырмаларды және флэш карталар мен басқа да көрнекі құралдарды қолдана отырып, өткен тақырыптар бойынша қысқаша театрландырылған көрсетілімдерді үнемі қолдану.
Пән бойынша жиынтық бағалау әр тоқсанда 1 рет тоқсандық жиынтық бағалауды (ТЖБ) және бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты санын жүргізуді көздейді. 1 сыныпта пән бойынша жиынтық бағалау үшінші тоқсаннан басталады. Төменде бөлім / ортақ тақырып үшін жиынтық бағалау рәсімдерінің саны көрсетілген.

37-кесте. «Шетел тілі/Ағылшын тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау процедураларының саны





Сыныптар

Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

1-сынып

-

-

2*

2*

2-сынып

2*

2*

2*

2*

3-сынып

2*

2*

2*

2*

4-сынып

2*

2*

2*

2*



* Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым)

«Шетел тілі» пәні бойынша сыныпты екі топқа бөлу мектептің шешімімен жүзеге асырылады. Инклюзивті білім беруді іске асыру кезінде сыныптарды топтарға бөлу ерекше білім беру қажеттілігі бар әрбір балаға оқушылардың жалпы санын үшке азайту есебінен жүзеге асырылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   136




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет