Количество процедур суммативного оценивания по предмету
«Русский язык и литература»
Суммативное оценивание по предмету предполагает проведение конкретного количества процедур суммативного оценивания за раздел (СОР) и за четверть (СОЧ) 1 раз в каждой четверти. Ниже представлено количество процедур суммативного оценивания за раздел/сквозную тему.
Таблица 41- Количество процедур суммативного оценивания
за раздел/сквозную тему
Класс
|
Количество процедур суммативного оценивания
за раздел/сквозную тему
|
1 четверть
|
2 четверть
|
3 четверть
|
4 четверть
|
5 класс
|
2
|
2
|
2
|
2
|
6 класс
|
2
|
2
|
2
|
2
|
7 класс
|
2
|
2
|
2
|
2
|
8 класс
|
2
|
2
|
2
|
2
|
9 класс
|
2
|
2
|
2
|
2
|
Примечание: По языковым предметам в суммативном оценивании за раздел объединяются два вида речевой деятельности (например, аудирование и говорение, чтение и письмо).
Шетел тілі
Негізгі орта білім берудің «Ағылшын тілі», «Неміс тілі» және «Француз тілі» оқу пәндері тілді меңгерудің жалпыеуропалық жүйесіне (Common European Framework of Reference, CEFR) сәйкес шетел тілін негізгі орта білім беру деңгейінде дайындауға бағытталған.
2019-2020 оқу жылында 5-9 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұнының келесі Үлгілік оқу бағдарламалары бойынша оқиды:
- Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасы;
- Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Француз тілі» оқу пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасы;
- Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Неміс тілі» оқу пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасы.
Оқу бағдарламалары ҚР БҒМ бұйрығымен бекітілген және ҚР Білім және ғылым министрлігінің және Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының сайттарында орналастырылған.
Негізгі орта білім беруді аяқтағаннан кейін білім алушылар «Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша В1 деңгейіне, «Француз тілі» және «Неміс тілі» оқу пәндері бойынша А2+ деңгейіне жетуі тиіс.
Негізгі орта білім беру деңгейінде шет тілін оқытудың мақсаты:
талдау, бағалау және шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуға ықпал ететін әр түрлі тапсырмалар;
кең ауқымды ауызша және жазбаша дереккөздермен жұмыс жасау арқылы білім алушылардың тілдік дағдыларын дамытуға арналған.
Оқу бағдарламасы шиыршық принципіне негізделіп жасалған. Бұл тәсіл білім мен дағдыларды қоса алғанда, тереңдігі, көлемі мен күрделілігі бойынша біртіндеп кеңейтілетін, белгілі бір уақыт аралығында (оқу жылында немесе келесі сыныптарда) мақсаттар мен тақырыптарды қайта зерделеуді көздейді. Сөйлеу қызметінің дағдылары бойынша мақсаттарға жету прогрессияда ойлау қызметінің дамуы «біледі, түсінедіден» «ажыратады, салыстырадыға» өтуін жобалайды. Білім, білік және дағдылары ең қарапайымнан жоғары ретті ойлау дағдыларына дейін қалыптасады және дамиды (Блум таксономиясы бойынша).
5-9-сыныптарға арналған «Шетел тілі» оқу пәні бойынша бағдарламалардың мазмұны бұрын көрсетілгендей, әрбір жеке сыныпта қарапайым дағдыларды қалыптастырудан бастап күрделі дағдыларға дейін прогрессия түрінде құрылған әр қайсысы оқыту мақсаттарына бөлінген бағыттардан тұрады. Дағдыларының дамуына қарай сыныптан сыныпқа, бір деңгейден екінші деңгейге өткен сайын мақсаттар күрделене түседі.
Оқу бағдарламасы, бөлімдері оқу жылында меңгерілетін және мұғалім тоқсанда өтетін тақырыптардың реті мен сағатын еркін бөліп қоя алатын, ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес іске асырылады.
5-9-сыныптарға арналған оқу бағдарламалары оқу процесіндегі әрбір пәннің әдіснамалақ әлеуетін кеңейтуге бағытталған. Бұл пәндік білім мен дағдыларды саналы меңгеруді қамтамасыз етеді және әлеуметтік және мәдени білімді, оқытудың әртүрлі әдістерін, жобалық және зерттеу іс-әрекетінің дағдыларын меңгеру арқылы өзіндік мінез-құлықты көтермелейді.
5-9 сыныптарға арналған оқу бағдарламалары дәстүрлі нормативтік білім беру құжаттары мен бірқатар инновациялық әдіснамалық стратегиялар функцияларының үйлесімді байланысын қамтиды. Бағдарламалар әр түрлі аудиториялармен тиімді қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Білім алушылар бұл мақсатқа мектеп ортасындағы құрдастарымен, мұғалімдермен және мектепке келушілермен бейресми және ресми ауызша және жазбаша презентацияларды қамтитын интерактивті тапсырмалар арқылы қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерінің арқасында қол жеткізеді. Сонымен қатар, онлайн режимінде білім алушылармен және басқа мәдениеттерден ағылшын тілін тасымалдаушылармен бетпе-бет қарым-қатынас жасауға көп көңіл бөлінеді.
Жаңартылған бағдарламалар білім алушылардың тілді шынайы өмір жағдаятында қолданудың функциональдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған. Оқытуға арналған жағдайлар өмірмен байланысты және оларға түсінікті де таныс шындықты көрсетеді. Жаңартылған бағдарламалар ағылшын, француз және неміс тілін оқытуды тек лексикалық жиынтық, құрылымдық талаптар және тілді пайдаланудың коммуникативтік конвенцияларының дәрежесі шеңберінде ғана үйренуге шек қоймайды. Прагматикалық аспект контекстке, қарым-қатынас жағдайына және коммуникацияға қатысушылар арасындағы қалыптасқан қарым-қатынас ережелеріне баса назар аудара отырып, тілдің барлық мүмкіндіктері мен бояуларын ашады. Лексикалық және грамматикалық материалды оқу білім алушының қандай да бір жағдайға өз көзқарасын зерттеу контексінде жатыр. Әдістер мен тәсілдер арқылы ойлау процестерін белсендіруді көздейтін белсенді оқыту тиімді және мақсатқа сай қолданылады. Бағдарламалардың әдебиеттер тізімімен шектелмейтінін, білім алушылардың жас ерекшелігі мен қызығушылығына сәйкес әртүрлі ресурстарды пайдалануға ұсынатынын атап өткен жөн.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасының тақырыптық мазмұны 2013 жылы бекітілген оқу бағдарламасының тақырыптық мазмұнына сәйкес келеді сонымен қатар, келесі тақырыптар оқытылады:
5-сынып – Creativity (Art, Music, Stories and poems);
6-сынып –Helping and Heroes, Drama and Comedy, Our Neighbourhood;
7-сынып – Communication and Technology, Space and Earth, Natural disasters;
8-сынып – Entertainment and Media;
9-сынып – Charities and Conflict, Science and Technology.
Оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша ұсынымдар.
5-сыныпта жаңа лексика мен грамматиканы оқытуға көңіл бөлу ұсынылады. Тыңдалым мен оқылым тапсырмаларында мәтіндердің лексикасы мен грамматикасының білім алушыларға таныстығын алдын ала тексеру ұсынылады, сонымен қатар оқыту процесінде қосымша ресурстар мен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануға болады.
6-сыныпта өтілген лексика мен грамматиканы қайталау және білім алушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған коммуникативтік оқыту технологиясын қолдану ұсынылады. Оқыту процесінде қосымша ресурстар мен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануға болады.
«Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша 7-сыныпта грамматикалық тақырыптарды: шақ формаларын және сын есімдердің салыстырмалы шырайын қайталау ұсынылады, себебі жаңартылған білім мазмұнының бағдарламасы бойынша жоғарыда аталған тақырыптар өтілген болып саналады (2013 жылғы оқу бағдарламасы бойынша 7-сыныптар А1 high деңгейі бойынша оқиды, ағылшын тілінің Үлгілік оқу бағдарламасы бойынша 7-сыныптар В1 low деңгейі бойынша оқиды). Оқыту процесінде қосымша ресурстар мен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануға болады.
Жаңа тақырып бойынша оқыту және жаңа сабаққа дайындық процесінде мәтіндер мен сөйлемдердің лексикалық және грамматикалық мазмұнын тексеру ұсынылады. Сонымен қатар, жоғарыда аталған себептер бойынша білім алушыларға таныс емес грамматикалық құрылымдарға көңіл бөлген дұрыс. Айтылым және жазылым тапсырмаларында перифраз қолдану ұсынылады.
8-сыныпта жоғары ойлау дағдыларын дамытатын тапсырмаларды таңдау ұсынылады. Сонымен бірге даралап оқыту технологиясын қолданған дұрыс. Білім алушылардың лексикалық қорын жақсарту және айтылым мен жазылым дағдыларын қалыптастыру үшін перифраз қолдану ұсынылады.
9-сыныпта коммуникативтік-мәдениетаралық құзыреттердің барлық компоненттерін одан әрі дамыту жалғасады: грамматикалық және лексикалық минимумдарды кеңейту, тілдік және сөйлеу дағдыларын нығайту, дискурстық және әлеуметтік-мәдени білікті дамыту. Білім алушылардың жоғары ойлау дағдыларын талап ететін оқыту мақсаттарын таңдау ұсынылады.
Шетел тілі сабақтарында білім алушылардың тұлғалық қасиетін қалыптастырудың маңызды аспектісі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру болып табылады:
білім алушылар бойында шетел тілінің қазіргі адам өмірінде және көп мәдениетті әлемдегі рөлі мен маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру, Шетел тілін мәдениаралық қарым-қатынас құралы ретінде, басқа халықтар мәдениеті мен дүниені тану құралы ретінде жаңа тәжірибе жинақтау;
тілдерді және мәдениеттерді, жалпы қабылданған адамзаттық және негізгі ұлттық құндылықтарды меңгеру арқылы азаматтық бірегейлікті, өз халқы, туған өлкесі, өз елі үшін патриоттық және мақтаныш сезімін, өз этникалық және ұлтқа қатыстылығын түсіну;
коммуникативтік құзыреттіліктері мен мәдениетін қалыптастыру, яғни өзінің сөйлесу мүмкіндігі мен қажеттілік деңгейінде ауызша (айтылым және тыңдалым) және жазбаша (оқылым және жазылым) әртүрлі үлгіде тілді тасымалдаушымен қарым-қатынасқа дайын болуы және коммуникативтік міндеттер мен әңгімелесу әдебіне сәйкес қарым-қатынастың тілдік және сөйлесуден басқа құралдарды барынша кең көлемде пайдалану;
басқа елдердің мәдениетімен танысу арқылы өзге (бөгде) мәдениетке құрметпен қарауды қалыптастыру;
ауызша және жазбаша қарым-қатынаста шетел тілінде өзінің төл мәдениетін таныстыру қабілетін одан әрі дамыту.
Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында шетел тілі пәні мұғалімдеріне:
аутентті оқыту материалдарын пайдалану (аудио, бейнежазбалар, фильмдер, әндер, ғылыми және ойын-сауық журналдарынан мақалалар);
шетел тілінде сипаттама беру, мінездеме беру, салыстыру, талдау, диалог жүргізу, пікірталас, қажетті дәлелдемелер келтіру, жинақтау және қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру үшін БАҚ материалдарымен жұмыс жасау;
білім алушылардың сөздік қорын байыту мақсатында өз бетінше анықтамалармен және энциклопедиялық әдебиеттермен, электронды ресурстармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
білім алушылардың қауіпсіз мәдениетті тәртібін қалыптастыру үшін қауіп-қатер жағдайындағы және түрлі жағдаяттардағы мінез-құлықтары туралы мәтіндерді жұмыс үшін қолдану ұсынылады.
Қосымша материалдар мен Интернет-ресурстарды қолдану кезінде мәтіналды, мәтіндік және мәтіннен кейінгі жұмыс кезеңдерін сақтаған дұрыс.
Шетел тілінің оқу процесін ұйымдастыру коммуникативтік технологияларды (жобалар, сұхбат, рөлдік ойындар, пікірталас, дебат, конференциялар, конкурстар, сахналандыру және т.б.) жан-жақты қолдануды талап етеді. Сонымен қатар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың және сабақтан тыс іс-әрекеттердің кең мүмкіншіліктерін белсенді қолдану шетел тілін оқуға ынтасын арттыруға, білім алушылардың танымдық әрекеттерін белсендендіруге, олардың өзара тілдік қарым-қатынастарының белсенділігін арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасауға ықпал етеді.
Сабақ уақытын ауызша сөйлетудің дағдылары мен біліктерін дамыту және жетілдіру үшін қолданған дұрыс. Коммуникативтік жағдаяттарда жаңа лексикалық және грамматикалық материалды енгізу және бекіту, сабақта жұппен, топпен жұмысты ұйымдастыру арқылы әрбір білім алушының сөйлеу белсенділігін арттыру; мәтіндермен жұмыс жасау кезеңдерін міндетті түрде сақтай отырып оқылым мен тыңдалымға үйрету ұсынылады.
Шетел тілі бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5-9-сыныптарда – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
«Шетел тілі» пәнінен оқу жұмысын ұйымдастыруда келесі ұсынымдар беріледі:
1. Білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған «Independent project» юнитына назар аудару қажет. Жоба жұмысы арқылы мұғалім мақсаттар мен сөйлеу дағдыларының түрлеріне бағытталған қалыптастырушы бағалауды жүргізе алады. Жоба жұмысының түрі мен мазмұны (тақырыптық мазмұны, іс-әрекет түрлері, күтілетін нәтижесі, бағалау түрлері және т.б.) мектеп ішіндегі әдістемелік бірлестіктерде талқыланады.
2. «Reading for pleasure» бөлімінде оқу дағдысын дамыту үшін әдістемелік нұсқауларды белсенді қолдану керек. Көркем және оқу әдебиет мәтіндерімен жұмыс жасау ағылшын тіліне оқытудың міндетті элементі болып табылады және білім алушылардың алған дағдыларын бекітуге мүмкіндік береді.
Шетел тілі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің үлкен білімдік, тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар. Бұл жұмыс шетел тілі туралы білімді арттырып қана қоймай білім алушының мәдениеттану ой-өрісін, шығармашылық белсенділігін, эстетикалық талғамын тереңдетуге мүмкіндік береді, өзге елдің тілі мен мәдениетін үйренуге деген қызығушылығын арттырады. Міндетті курспен қатар толық практикалық, тәрбиелік, дамыту мақсаттарын жүзеге асыруға толық жағдай жасайды.
Шетел тілін сыныптан тыс оқытуды моделдеу іс-әрекетінің негізгі тәсілдері:
тақырыптық ойын кештері;
елтануға арналған үйірмелер;
шетел тілдері апталығы;
бейнеклубтар, тілдік орталықтар;
шетел тіліндегі театрландырылған қойылымдар және т.б.
Тілдік құзыреттілікті бағалауда ескерілетін жағдайлар:
1. Білім алушылардың тілдік қателерін атап өту керек және олардың назарын жіберген қателеріне қарапайым тәсілмен аудару қажет, алайда егер білім алушы өз білімін көрсете алған болса, қателердің бағалауға әсері болмауы керек. Білім алушының ең басты мақсаты – өз ойын қарапайым сөзбен бере білуі, бұл жағдайда грамматикалық талаптар дұрыс сақталмауы мүмкін. Уақыт өте келе оның өзіндік сөйлеу дағдысы қалыптасады, нақтыланады әрі дұрыстала түседі.
2. Сұраққа жауап беру барысында білім алушылар бірінші тілді қолдана алады. Олардың шектеулі сөздік қоры мен мақсатты тіл бойынша білімдерінің аздығы сөз сөйлеу мен жауап беру кезінде кедергі болуы мүмкін болғандықтан, оқудың бірінші сатысында (кем дегенде ішінара) бұл рұқсат етіледі. Сондықтан барлық білім алушылар мақсатты тілге қашан көшуге болатынын келісіп алғаны жөн және келісілген уақыттан бастап бірінші тілді қолдану тоқтатылуы керек.
3. Мұғалім ережеге сәйкес ауызекі сөйлеу тілінде кеткен қателерді перифраз көмегімен дұрыстайды, бірақ білім алушыға дұрыс түрін қайталату міндетті емес, себебі ол айтқалы жатқан ойын үзіп және өзге тілде өз ойын сенімді жеткізе алмай қалуы мүмкін.
4. Егер бір рет жіберілген қате тағы да қайталанса, сәйкес тақырыпты түсіндіру соңында мұғалім дұрыс үлгідегі сөздерге мысалдар келтіреді және қажет болған жағдайда оның грамматикасына баса назар аударады. Бұдан өзге, сынып білім алушылары немесе мұғалім барлығы ынтымақтасқан іс-әрекет негізінде кейбір тақырыптарға байланысты лингвистикалық мазмұндағы сөйлемдерге мысалдар келтіре алады.
5. Жазба жұмысты тексеру барысында тілдік қателер ескерілмейді (егер білдіретін ойы мен мәтіні түсінікті болса), бірақ педагог оны өзінің түсініктемесінде көрсетеді.
«Шетел тілі/Ағылшын тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау
рәсімдерінің саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
42-кесте. Бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
Сынып
|
Бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
5-сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
6-сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
7-сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
8-сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
9-сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
Достарыңызбен бөлісу: |