6-сыныпта «Математика» оқу пәнінің базалық мазмұнына шамалы өзгерістер енгізілген.Атап айтқанда, қолданыстағы оқу бағдарламасы бойынша 6-сыныпта қарастырылатын «функция» ұғымына қатысты тарау 7-сыныпқа көшірілген. Осы тараудың орынан 6-сыныпта «Шамалар арасындағы тәуелділіктер» тарауы қарастырылады және келесі тақырыптардан тұрады: «Шамалар арасындағы тәуелділіктерді беру тәсілдері: аналитикалық (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл», «Нақты процестердің графиктерін қолданып шамалар арасындағы тәуелділіктерді зерттеу», «Тура пропорционалдық және оның графигі». Осыған байланысты «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен олардың жүйелері» бөліміне өзгерістер енгізілген. Яғни осы тарауда екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және оның графигі, екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері, екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу, есептерді сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару материалдары ғана қарастырылады.
5-6-сыныптарда «Математикалық моделдеу және анализ» бөліміне баса назар аударылған. Әр бөлімді игерген кезде мәтінді есептерді шығару ұсынылады. Статистикалық мәліметтерді ұсынуға арналған тапсырмаларды орындауға көңіл бөлінген. Бұл практикаға бағытталған есептерді қарастыруға байланысты.
3. 7-сынып, «Алгебра» оқу пәні. Оқу пәнінің базалық мазмұнында қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда елеулі өзгерістер жоқ. Егер, қолданыстағы оқу бағдарламасында 5 тарау оқытылатын болса, жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында 6 тарау оқытылады. Бұл, «функция» ұғымына қатысты материалдар жеке «Функция. Функцияның графигі» тарауы етіп берілген және бұл тарауға 6-сыныптан «Функция ұғымы», «Функцияның графигі», «Сызықтық функция және оның графигі», «Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы», «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу» тақырыптары көшірілген. Бұл тақырыптар 6-сынып білім алушыларының игеруіне қиындық туғызады деп есептеп, практик-мұғалімдердің ұсыныстары бойынша ауыстырылған.
Практикаға бағытталған, зерттеушілік және шығармашылық тапсырмаларды шешу қажеттілігіне баса назар аудару керек.
4. 8-сынып, «Алгебра» оқу пәні.
Оқу пәнінің базалық мазмұнында қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда елеулі өзгерістер жоқ. Курстың базалық мазмұнына «Статистика элементтері» тарауы (Жиілік. Жиіліктер кестесі. Интервалдық кесте. Гистограмма. Жинақталған жиілік. Орта мән. Дисперсия. Стандартты ауытқу. Алқап.) қосылған. Бұл тараудың кейбір материалдары қолданыстағы оқу бағдарламасы бойынша 9-сыныпта қарастырылған болатын.
5. 8-сынып, «Алгебра» оқу пәні.
9-сыныпта қолданыстағы оқу бағдарламасындай
«Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері», «Тізбектер», «Тригонометрия» бөлімдері қарастырылады. Оқу бағдарламасының мазмұны комбинаторика мен ықтималдықтар теориясы бойынша материалдармен толықтырылған. Атап айтқанда «Комбинаторика элементтері» бөлімінде келесі тақырыптар берілген: Комбинаториканың негізгі ұғымдары мен ережелері (қосу және көбейту ережелері). Санның факториалы. Қайталанбайтын «орналастыру», «алмастыру» және «теру» ұғымдары. Комбинаториканың негізгі формулалары. Комбинаторика формулаларын қолдану арқылы есептер шығару. Ньютон биномы және қасиеттері, ал «Ықтималдықтар теориясының элементтері» бөліміне «Оқиға, кездейсоқ оқиға, ақиқат оқиға, мүмкін емес оқиға. Элементар оқиғалар. Қолайлы нәтижелер. Тең мүмкіндікті және қарама-қарсы оқиғалар. Ықтималдықтың классикалық анықтамасы. Статистикалық ықтималдық. Геометриялық ықтималдық» тақырыптары енгізілген. Қолданыстағы оқу бағдарламасы бойынша бұл бөлім 10-сыныпта қарастырылған болатын.
6. 7-сынып, «Геометрия» оқу пәні. 7-сыныпта білім алушылар «Геометрия» оқу пәнін оқуға енді ғана кіріседі, сондықтан қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында өзгерістер жоқ.
7. 8-сынып, «Геометрия» оқу пәні. «Геометрия» оқу пәнінің базалық білім мазмұнында қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда өзгерістер жоқ.
8. 9-сынып, «Геометрия» оқу пәні. «Геометрия» оқу пәнінің базалық білім мазмұнында қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда өзгерістер жоқ.
7-8-сыныптарда «Геометрия» пәнін оқытуда пәннің практикалық бағыттылығы күшейтіледі.
«Информатика» оқу пәнінің базалық мазмұнында 2013 жылғы оқу бағдарламаларымен салыстырғанда келесідей өзгерістер бар.
5-8 сыныптарда мектеп пәнінің негізгі мазмұны 2018-2019 оқу жылындағыдай өзгермейді.
2019-2020 оқу жылындағы 9 сыныпта базалық білім берудің 5-9 сыныптары үшін «Информатика» пәні бойынша типтік оқу жоспарына сәйкес жаңартылған мазмұндағы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына 9-қосымша) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына қосымша 200). «Информатика» пәнінің 9-сыныпқа арналған негізгі мазмұны мынадай бөлімдерден тұрады:
1) «Компьютердің құрылғылары». Мақсатына байланысты компьютердің аппараттық конфигурациясын таңдау;
2) «Программалық қамтамасыз ету». Пайдаланушының қажеттіліктеріне байланысты бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау;
3) «Компьютерлік желілер». Бұлтты технологияларды қолдану арқылы құжаттармен ортақ жұмыс істеу;
4) «Ақпаратты ұсыну және өлшеу». Ақпарат қасиеттері (өзектілігі, дәлдігі, анықтығы, құндылығы);
5) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру». Дерекқор, өріс, жазба. Электрондық кестеде деректер базасын құру. Деректерді іздеу, сұрыптау және сүзгілеу;
6) «Модельдеу». Процесс моделдерін (физикалық, биологиялық, экономикалық) электрондық кестеде зерттеу және құру;
7) «Программалау». Бір өлшемді массив. Екі өлшемді массив. Массивтерді өңдеудің негізгі алгоритмдері: массив элементтерін іздеу, сұрыптау, орнын ауыстыру, жою және қою. PyGame (пайгейм) кітапханасы. Ойынның артқы фоны. Ойынға арналған дайын кейіпкерлер. Кейіпкер қозғалысы. Дайын сценарий бойынша ойын программмалау. Ойын нәтижелерін есептеу;
8) «Эргономика». Компьютерде ұзақ уақыт жұмыс істеу тәуекелін бағалау;
9) «Ақпараттық қауіпсіздік». Желіде жұмыс істеудің этикалық және құқықтық нормаларын бұзу салдарлары.
Сыныпты 2 топқа бөлу қалалық жалпы білім беру ұйымдарында 24 және одан да көп оқушыларды, ал ауылдық жерлерде - 20 және одан да көп оқушыларды, ал шағын мектептерде кемінде 10 оқушы қамтитын сыныпта өткізіледі.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ бағалау процесін өткізу үшін мұғалімге көмек ретінде (http://smk.edu.kz) сайтқа келесі материалдарды: Критериалды бағалау бойынша нұсқаулық, Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының жинағы, Жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдамалар, Тоқсанға арналған жиынтық бағалау спецификациясы орналастырған және еркін түрде кіруге мүмкіншілік жасалған.
5-9-сыныптарда «Информатика» пәнін оқыту кезінде үштілділік саясатына ерекше көңіл бөлінуі керек. Пән үшін айрықша болып танылатын білім алушылардың академиялық тілін дамыту ұсынылады. Бұл процесс әрбір сабақ үшін білім алушылардың тілдік дағдыларын дамыту жолдарын анықтауды қамтиды. Мысалы: «Білім алушылар әлеуметтік желіні пайдалану мен атрибуттарын ауызша талқылай алады».
Программалау тілі ағылшын тілі болып табылатынын, көптеген компьютерлерлік интерфейстер де ағылшын тілінде берілгенін айта кету керек. «Информатика» пәні жоғары сыныптарда білім алушылардың калауы бойынша ағылшын тілінде оқып игеруіне болатынын пән мұғалімдері әрдайым естерінде сақтаулары керек. Мұғалімдер білім алушылардың назарын, информатика бойынша (http://tinyurl.com/NIS-CS-Lexicon) лексиконда сипатталғандай академиялық тілді пайдалануға аударту, сондай-ақ ұқсастықтар мен метафораларды пайдалана отырып күрделі жүйелерді түсіндіру мүмкіндігі сияқты информатика саласындағы жұмыстарға қажетті тілдік дағдыларға аудартулары керек. Одан бөтен, мұғалімдер білім алушылардың бойында бай академиялық тіл қалыптастыру мақсатында, диалог/жазу үшін пайдалы сөздерді пайдалануды қамтитын мұқият және жүйелі түрде тілдік қолдау көрсетулері керек.
Мұғалімдерге көмек ретінде TIMSS және PISA халықаралық зерттеулерге білім алушыларды дайындауғаарналғанесептер жинағы әзірленді, ол Академия сайтында (www.nao.kz) орналастырылған.