Тамыздағы пәндік секцияларда келесі сұрақтарды талқылау ұсынылады: 1. Жалпы орта мектепте жаңартылған білім беру мазмұны аясында шетел тілін оқытудың ерекшеліктері.
2. Ағылшын тілінде оқытылатын ЖМБ (физика, химия, биология, информатика) пәндері мұғалімдерінің және шетел тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жұмысын жоспарлау ерекшеліктері.
3. 2019-2020 оқу жылы шетел тілін оқытуда мұғалімдердің семинарларын және тәжірибе алмасуын жоспарлау.
4. «Шетел тілі» оқу пәнінің білім беру үдерісін ақпараттық-әдістемелік қолдау.
Оқу жылы ішінде шетел тілі мұғалімдерінің әдістемелік отырыстарында шетел тілі бойынша білім беру үдерісін ұйымдастыруда қазіргі заманғы тәсілдерді іске асыру; қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарларды құру; қалыптастырушы және жиынтық бағалауды жүргізу; сындарлы кері байланыс пен рефлексия жүргізу; шетел тілі бойынша сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру мәселелерін қарастыру ұсынылады.