Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны



бет126/136
Дата07.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#96630
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   136
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020

«Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны


Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
64 кесте - Бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны



Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

10-сынып
ЖМБ

3

3

3

2

10-сынып
ҚГБ

2

3

3

1



«Геометрия» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны


Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
65 кесте - Бөлім бойынша жиынтық бағалау
рәсімдерінің саны

Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

10-сынып
ЖМБ

1

1

2

1

10-сынып
ҚГБ

1

1

2

1



«Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау
рәсімдерінің саны


Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
66 кесте - Бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны



Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

10-сынып
ЖМБ

2

1

1

1

10-сынып
ҚГБ

2

1

1

1

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ


Физика
Физика курсын оқу мақсаты - білім алушылардың ғылыми дүиетанымдық негіздерін, әлемнің жаратылыстанымдық-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауын, өмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.

  1. Мақсатқа сәйкес оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:

  1. білім алушылардың әлемнің заманауи физикалық бейнесінің негізінде жатқан заңдылықтар мен принциптер туралы іргелі білімді, табиғатты танудың ғылыми әдістерді меңгеруіне ықпал ету;

  2. білім алушылардың интеллектуалдық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлективтік мәдениетін дамытуға, физикалық экспериментті және зерттеу жұмыстарын орындау дағдыларын қалыптастыру;

  3. оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;

  4. меңгерген дағдыларды табиғат ресурстарын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда, қоғам мен адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қолдану.

«Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сыныпта – аптасына 4 сағатты, оқу жылында 136 сағатты;

  2. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

10-11 сыныпқа арналған жаңартылған мазмұндағы бағдарлама 10 бөлімнен тұрады:

  • механика;

  • жылу физикасы;

  • электр және магнетизм;

  • электромагниттік тербелістер;

  • электромагниттік толқындар;

  • оптика;

  • салыстырмалы теорияның элементтері;

  • кванттық физика;

  • нанотехнология және наноматериалдар;

  • космология

10-сыныпта Кинематика, Теңүдемелі қозғалыс кинематикасының негізгі теңдеулері мен ұғымдары, Динамика, Статика, Сақталу заңдары, Сұйықтар мен газдардың механикасы, «Газдардың молекулалық- кинетикалық теория негiздерi», «Газ заңдары», «Термодинамика негiздерi», Сұйық және қатты денелер, Электростатика, Тұрақты ток, Әртүрлі ортадағы электр тогы, Магнит өрісі, Электромагниттiк индукция тақырыптары оқытылады.
Жаңартылған мазмұндағы бағдарламаның тиімді ерекшеліктерінің бірі білім алушыларды теориядан тәжірибеге бағыттау болып табылады. Осы орайда, тәжірибелік дағдыларды дамыту мақсатында жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сыныпта 9 Зертханалық жұмыс, 15 практикалық жұмыстар жұмыс қамтылды.
Зертханалық жұмыстар тоқсан бойынша төмендегідей реттілікпен жүргізіледі.
1-тоқсанда:

  • «Көлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау»;

  • «Ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігін зерттеу»;

  • «Көлбеу науамен сырғанайтын дененің қозғалысын оқып үйрену»;

  • «Бір-біріне бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу»;

  • «Тұтқыр сұйықта қозғалатын кішкентай шардың жылдамдығының оның радиусынан тәуелділігін зерттеу»;

3-тоқсанда:

  • «Өткізгіштерді аралас жалғауды оқып үйрену»;

  • «Ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісін анықтау»;

  • «Шамның қыл сымының, резистордың және жартылай өткізгіш диодтың вольт-амперлік сипаттамасы»;

  • «Бір валетті ионның электр зарядын өлшеу»;

67 кесте - Бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны



10 сынып

Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

ЖМБ

3

3

3

2

ҚГБ

3

3

3

2

География
География интеграциялық ғылым ретінде қамтиды жаңа салаларды қамтиды. География пәнінің мұғалімі жұмысы енді ақпараттық технологиялар мен геоақпараттық жүйелермен тығыз байланысты.
«География» пәнінің мақсаты – оқушылардың қоғам мен географиялық кеңістіктің барлық деңгейлерінде туындаған геоэкологиялық, геоэкономикалық, әлеуметтік, геосаяси және ғаламдық проблемаларды шешуге бағытталған географиялық білімдерін, біліктері мен дағдыларын қолдану үшін жағдай жасау.
Пәннің міндеттері:

  • оқушылардың бойында географиялық кеңістіктік ойлауды, географиялық мәдениет пен тілді дамыту;

  • геоэкологиялық, геосаяси, геоэкономикалық, әлеуметтік үдерістер мен құбылыстарды зерттеу үшін ғаламдық, аймақтық және жергілікті ұстанымдардың түсінуін дамыту;

  • оқушыларға картографияны, геоэкологияны, геоэкономиканы, геосаясатты, елтану мен адамзаттың ғаламдық проблемаларын зерттеу барысында геокеңістіктік деректерді өңдеудің заманауи әдістерін қолдану үшін жағдай жасау;

  • оқушының бойында қазіргі дүниенің географиялық көрінісін іс-әрекеттер арқылы зерттеп-тану барысында құндылықтар жүйесін қалыптастыру;

  • геокеңістіктік әдістер және деректермен жұмыс істейтін мамандық пен кәсіп иелері атқаратын әрекеттерді орындату арқылы оқушыларға кәсіби бағдар беру.

«География» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сыныпта – аптасына 4 сағатты, оқу жылында 136 сағатты;
2) Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   136




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет