Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет14/136
Дата07.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#96630
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   136
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020

Н азар аударыңыздар!
«Ұсынылған пәндік олимпиадалардың, кәсіби конкурстардың, ғылыми жобалардың, спорттық жарыстардың және басқа да шығармашылық іс-шаралардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі м. а. 2018 жылғы 9 тамыздағы № 394 бұйрығына өзгерістер енгізіліп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 24 мамыр №226 бұйрығымен бекітілді.


Н азар аударыңыздар!
2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес педагог мәртебесін арттыру мақсатында мектеп мұғалімдері аттестациясының жаңа жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 9 ақпандағы № 633 Жарлығымен бекітілген жалпыұлттық жоспарының іс-шарасымен педагогтерге арналған ұлттық біліктілік тестін әзірлеу және оны өткізу бойынша іс-шаралар қарастырылған. Мұғалімдерді аттестаттаудың жаңа жүйесі екі кезең бойынша жүзеге асады.
Бірінші кезең - Ұлттық біліктілік тестілеуі. Бұл рәсім білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және арнайы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын педагог қызметкерлері кәсіби құзыреттілігінің деңгейін айқындауға бағытталған.
Мұғалімдерге берілетін тест сұрақтарының 70-і өз пәндері бойынша және 30-ы педагогика мен оқыту әдістемесі бойынша ұсынылады.
Екінші кезең – қызметтің қорытындыларын кешенді аналитикалық қорытындылау – келесі көрсеткіштер негізінде педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби құзыретін жүйелі, бірізді және объективті зерделеу: білім алушылардың білім сапасы, іскерлігі мен дағдылары, жетістіктері, сабақ беру сапасы және аттестаттау кезеңіндегі кәсіби жетістіктері.
Аттестациядан өткен мұғалімдерге жаңа жүйе бойынша біліктілігіне қосымша үстемақы белгіленді:
30% - «педагог-модератор»;
35 % - «педагог-сарапшы»;
40% - «педагог-зерттеуші»;
50% - «педагог-шебер».
Жаңа жүйе бойынша өтетін аттестацияны мезгілінен бұрын тек өздерінің жалақысын көбейткісі келетіндігін білдірген пән-мұғалімдерінің қалауы бойынша өткізіледі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 51 бабына сәйкес, педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар аттестацияны 5 жылда 1 рет және мезгілінен бұрын қалауы бойынша өтеді.
Бұл ретте 2018 жылы кезекті аттестациядан өтетін мұғалімдер (жаңа санатқа ие болу және қазіргі санатын растау), 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін іске қосылған форма бойынша аттестациядан өтті. 2018 жылы берілген және расталған біліктілік категориялары 5 жылдың ішінде күшін жоғалтпайды.
Мұғалімдердің еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесі тестілеуден өткен және аталған категорияны растаған мұғалімдер жалақысына 30-50 пайызға дейін қосымша ақы алуға мүмкіндік береді.
Аттестацияның жаңа жүйесі тек жоғарыда аталған категорияларды ғана қарастырады. Аттестацияның жаңа жүйесінің ережелеріне сәйкес:
1. Дипломында екі пән бойынша мамандығы бар мұғалімдер, мысалы, «химия және биология мұғалімі», «тарих және география мұғалімі», «математика және информатика мұғалімі», бір мезгілде екі пән бойынша аттестациядан өте алады, аттестацияның оң нәтижелерінің қорытындыларына сәйкес, олар бірден екі пән бойынша қосымша ақы алады.
2. Егер екі пән бойынша дипломы бар мұғалім тек бір ғана пәнді жүргізетін болса, ол өзі жүргізетін бір пән бойынша ғана аттестациядан өту құқығына ие; аттестацияның оң нәтижелерінің қорытындыларына сәйкес, тек бір пән бойынша ғана қосымша ақы алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   136




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет