Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. ҚР Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы №205 Жарлығы
|
2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2019 жылға қарай мектепке дейінгі білім берудің 30%-ы, орта білім берудің 70%-ы және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 40%-ы инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау, сондай-ақ арнайы ұйымдар желісін кеңейту (ПМПК, ППТК) жоспарланған.
Брайль қарпімен (көрмейтіндер үшін) және үлкейтілген қаріппен (нашар көретіндер үшін) басылған оқулықтарды әзірлеуге қаражат көзделген.
Электронды оқыту жүйесін қолдану үшін оқу үрдісінде сурдоаудармамен бейне-сабақтар порталы құрылды (http://mediakurs.kz) оның ішінде 80 танымдық, 20 оқу-танымдық, 12 анимациялық фильмдер орналастырылған.
|