Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Нормативтік-құқықтық құжаттары



бет225/252
Дата08.02.2022
өлшемі3,55 Mb.
#120068
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   252
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Нормативтік-құқықтық құжаттары

«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы.

Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидалары;
5. Жеке тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларының мазмұнына, білім алудың қолжетімділігіне жағдайлар жасалуына қарай барлық деңгейлерде оқыту күндізгі, сырттай, кешкі, экстернат және ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар (балалар) үшін қашықтықтан оқыту нысандарында жүзеге асырылады
6. Мемлекет инклюзивті білім беру мақсаттарын іске асыра отырып, білім берудің барлық деңгейлерінде ерекше білім беру қажеттілігі бар азаматтарға олардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
7. Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт білім беру ұйымдарына бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе тиісті үлгілік оқу жоспарларына сәйкес стационарлық көмек көрсететін, сондай-ақ қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту ұйымдарында тегін жеке оқыту ұйымдастырылады.
25. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың заңды өкілдерінің мүдделерін ескере отырып, білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларды инклюзивтік білім беру жағдайларында оқыту (бір сыныпта білім алуға ерекше қажеттілігі бар кемінде екі баланың оқуына рұқсат етіледі) және (немесе) дамудағы бұзылулардың түрлері бойынша арнайы сыныптарды ашу көзделген.
Инклюзивті білім беру жағдайларында білім алатын білім алуға ерекше қажеттілігі бар балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы және ұсынымдары бойынша үлгілік оқу немесе жеке оқу бағдарламасы бойынша оқиды.
Инклюзивті білім беру жағдайларында және (немесе) арнайы сыныптарда білім алатын білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін түзету сабақтарын арнайы педагогтар (дефектолог олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед) жүргізеді.

«Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым минстрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығы

Осы бұйрыққа сәйкес білім беру ұйымдарының барлық санаттағы балалар (ЕБҚ) үшін білім беру ұйымдарында түзету-дамыту ортасын құру үшін жабдықтармен және жиһазбен қамтамасыз етіледі.
Компьютерлік түзету-дамыту ойындары мен бағдарламалары дамуында кемістігі бар балалардың даму ерекшеліктерін ескеруі және осындай балаларға қажетті арнайы қадамдық дамытушы оқытуға бағытталуы тиіс. Олар бір немесе бірнеше мақсаттарды ойын процесінде жетістікті біріктіруі керек: көру қабілетін түзету; есту қабылдауын дамыту;
оқушының қабылдауын, зейінін, есте қалуын түзету;
ойлау операцияларын дамыту; ауызша және жазбаша сөйлеудің әртүрлі жақтарын түзету және дамыту; оқу жетістіктерін бекіту, әлеуметтік дағдыларды дамыту.

«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы

Білім алушылардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын меңгеруін бақылау мақсатында білім беру ұйымдары ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды және қорытынды аттестаттауды жүзеге асырады

«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 Бұйрығы

Білім беру ұйымдары осы бұйрықтың негізінде педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының бекітілген үлгілік біліктілік сипаттамаларын ескере отырып, педагог кадрларға қажеттілікті қанағаттандырады. Олар білім беру ұйымдарының меншігіне, ведомстволық бағыныстылығы мен ұйымдастыру-құқық нысанына қарамастан мыналарға негіз болады:
құрылымдық бөлімшелер туралы олардың білім беру ұйымдарындағы орны мен рөлін анықтайтын ережелер жасау;
қызметкерлердің міндеттерін, құқықтары мен жауапкершіліктерін белгілейтін лауазымдық нұсқаулықтар әзірлеу;
кадрларды іріктеу мен орналастыру, оларды пайдаланудың дұрыстығына бақылау жүргізу;
білім беру ұйымдарының қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет