Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОПТАРЫ МЕН СЫНЫПТАРЫНДА ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет30/252
Дата08.02.2022
өлшемі3,55 Mb.
#120068
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   252
2. МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОПТАРЫ МЕН СЫНЫПТАРЫНДА ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



2019-2020 оқу жылында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың басым бағыттары:


- мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру;
- ерте жастағы балалардың дамуы;
- әлеуметтік дағдылар мен өзін-өзі оқыту дағдыларын дамыту;
- 4 К дағдыларын дамыту (креативтілікті, сыни ойлауды дамыту, тіл табысуға дайын және командада жұмыс істей білу).

Мектепке дейінгі дайындық білім беру жүйесінің бастапқы сатысы ретінде мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді, 5 жастағы балалардың интеллектуалдық және физикалық дамуы үшін жағдай жасайды.


Мектепке дейінгі дайындық міндетті және отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады ("Білім туралы"ҚРЗ 30-бабының 2-тармағы). Мемлекеттік білім беру ұйымдарында мектепалды даярлық тегін болып табылады.
Мектепке дейінгі дайындық шеңберінде балаларда мектепке әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігері, физикалық және зияткерлік дайындығы қалыптасады.
Мектепке дейінгі дайындықтың негізгі міндеттері:

  • балалардың мектепте оқуға сапалы дайындығын қамтамасыз ету.

Бұл міндет ұйымдастырылған оқу қызметін жүзеге асыру, еркін қызметті қалыптастыру арқылы іске асырылады (не істейді? не үшін жасайды? қалай жасайды?), өзін-өзі оқыту дағдыларын қолдану.

  • мектепте оқуға ынтасын қалыптастыру.

Білімқұмарлықтың, шығармашылық белсенділіктің және қоршаған ортаға бейімділіктің, бастамашылдықтың дамуына ықпал ететін алған білім арқылы жүзеге асырылады.

  • мектепке дейінгі жастағы балалардың ерте дамуы.

Мектепалды даярлық топтары мен сыныптарында педагогикалық процесті жүзеге асырудың негізгі бағыттары
Білім беру процесі балаларды мектепте оқуға табысты дайындау үшін сапалы білім беру қызметтерін ұсынуға бағытталған.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін 2019-2020 оқу жылында келесі міндеттер анықталды:
- балалардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту;
- білім беру процесін жетілдіру;
- баланы тәрбиелеу және дамыту, оның ішінде инклюзивті білім беру мәселелерінде ата-аналарды қолдау;
- балаларды рухани-адамгершілік құндылықтарға баулу.
Білім беру процесін жетілдіру;
2019-2020 оқу жылында меншік нысанына қарамастан мектепалды даярлық сыныптары мен топтарындағы тәрбие-білім беру процесінің мазмұны мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі-Стандарт) сәйкес қамтамасыз етіледі.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартына жас мерзімділігіне қатысты өзгерістер енгізілді (22 тармақтың 2 тармақшасы) :
- мектепалды жас: мектепалды топтар, сыныптар – 5 жастан бастап;
Білім беру процесі келесідей жүзеге асырылады:
- ортақ тақырыптар негізіндегі перспективалық жоспар;
- апталық циклограмма;
- диагностика негізіндегі мониторинг (бастапқы, аралық және қорытынды).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет