баланың мектепте оқуға деген эмоционалды-оң көзқарасын қалыптастыру.
Арнайы білім беру ортасын құру, зияткерлік – психологиялық ойындар өткізу, бірінші сыныпта жалғасатын психологиялық - педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету арқылы іске асырылады.
болашақ оқушы тұлғасын қалыптастыру.
«Таным», «Социум», «Коммуникация», «Шығармашылық» білім беру салаларын біріктіру арқылы жүзеге асырылады.
«мектепалды даярлық - бастауыш мектеп» сабақтастық қағидатын сақтау.
«Қарапайымнан күрделіге дейін» дидактикалық принциптерді жүзеге асыру арқылы іске асырылады, бірізділік, жүйелілік, ғылымилық, қол жетімділік.
Баланың мектепке дайындығының критерийлері:
тұлғалық дайындық - оқу мотивациясы (мектепке барғысы келеді; мектептегі оқытудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді; жаңа білім алуға қызығушылық танытады);
зияткерлік дайындық - баланың ойлау операцияларының дағдыларын меңгеру: талдау, синтез, салыстыру, жалпылау.
Әлеуметтік - психологиялық дайындық-жаңа әлеуметтік жағдайларға бейімделе білу, ересектермен және құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасай білу.
«Бүлдіршіндер мектебі» жыл сайын жазғы кезеңде мектептер жанынан 2 ай бойы құрылады. Министрлік ұсынылған курс бағдарламасы ЖАО-ға жіберілді (ҚР БҒМ 2019 жылғы 12 шілдедегі № 11-6/607 хаты).
Баланы тәрбиелеу және дамыту, оның ішінде инклюзивті білім беру мәселелерінде педагогтер мен ата-аналарға қолдау көрсету.
Стандартқа ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды жасына қарай топтарға қосу шарттарын көздейтін норма енгізілген. Бір топқа осы санаттағы үш баладан артық емес балалар енгізілуі мүмкін, бұл ретте балалардың жалпы саны ерекше білім беру қажеттілігі бар бір балаға үш тәрбиеленуші қатынасында азаяды.
Достарыңызбен бөлісу: |