Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Сабақты бақылаудан кейінгі рефлексия



бет29/252
Дата08.02.2022
өлшемі3,55 Mb.
#120068
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   252
Сабақты бақылаудан кейінгі рефлексия
1. Сабақты бақылау парағындағы барлық негізгі тұстарын талқылау басталғанға дейін белгілеу.
2. Сабаққа тікелей қатысқаннан кейін бақылауды белгілеуге болады.
3. Сабаққа қатысу қорытындысы бойынша талқылау өткізу. Талдауды сабақтың/сабақ үзіндісінің оң аспектілерінен бастау қажет, одан кейін келесі сабақтарға дайындалу кезінде ескеруді қажет ететін маңызды тұстарды атап өту қажет. Мұғалімнің жеке қасиеттеріне емес, сабақтың сәтті немесе керісінше, сәтсіз нәтижелерінің дәлелдемелеріне назар аудару қажет.
4. Маңызды бөлшектерді жіберіп алмау үшін талқылау кезінде барлық аталған тұстарды жазып отыру ұсынылады.
5. Талқылау кезінде мұғалімге кері байланыс беру үшін сабаққа айтылған негізгі түсініктемелерді анықтау қажет.
6. 1 сабақты немесе сабақтың фрагментін талқылау уақыты 15 минуттан аспайды, өйткені қатысқан барлық сабақтарды талқылау қажет.
7. Сабаққа қатысты кері байланыс барысында, ең алдымен, мұғалімге өтілген сабақ жөнінде не ойлайтынын, яғни сабақта ненің жақсы өткенін және тиімді оқыту үшін нені жақсартуға болатынын сұрау керек.
Мұғалім өз пікірін білдіргеннен кейін сабақтың оң сәттерінен бастап, жақсартуға болатын немесе жақсарту қажет болған сәттерді талқылау арқылы диалогті жалғастыра отырып, кері байланыс беру қажет.
Сабақтарды бақылау оқу пәндерін оқыту практикасын жақсарту, мұғалімнің кәсіби өсуі мен дамуы, сондай-ақ білім алушылардың білім сапасын арттыру үшін негіз болуы тиіс. Сабақтарды бақылау нәтижелері педагогикалық кеңестердің отырыстарында мезгіл-мезгіл тыңдалуға тиіс.


Назар аударыңыз! Педагогтер олардың кәсіби қызметіне тән емес міндеттерге (пәтер және аула аралау, түлектерді ҰБТ пункттеріне жеткізу және т.б.) тартылмауы тиіс.
Сондай-ақ Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша жалпы білім беретін мектептердің рейтингін өткізуге жол берілмейді.
Орта білім беру ұйымдары Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық үшін сынақ тестілеуін өткізуге қатыспайды, ал мұғалімдер мепктеп бітірушілерді ҰБТ тапсыру пункттеріне алып баруды және ҰБТ базасын толтыруды қамтамасыз етпейді.
Назар аударыңыз!
Әрбір педагог мұғалім мәртебесіне сәйкес болуы және педагогикалық әдеп қағидаларын Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының ережелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей танылған адамгершілік қағидалары мен нормаларына сәйкес сақтауы тиіс.
Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері педагогикалық әдептің жалпы қағидалары мен нормаларын басшылыққа алуға міндетті.
Педагогикалық этиканың негізгі принциптері:

  • адалдық

  • әділдік

  • жеке тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу

  • жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеу

  • кәсіби ынтымақтастық

  • кәсіби дамудың үздіксіздігі.

Ең алдымен педагог қызметкерлер өз қызметінде Қазақстан Республикасының педагог қызметкері жоғары атағының беделін түсіретін іс-әрекеттерді жасауға жол бермеуі тиіс, өзінің қызметтік міндеттерін адал және сапалы орындай отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қолдануы тиіс, өзінің жеке мінез-құлқымен әділдік, адалдық және әділеттілік үлгілерін көрсетуі тиіс.
Педагог өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киім киюдің іскерлік стилін ұстауы маңызды.
Білім беру ұйымдарында, білім беру ұйымдарынан тыс, интернет-кеңістікте педагогтің мінез-құлық мәдениеті мұғалімнің жоғары атағына сәйкес болуы тиіс. Педагог педагогтің беделіне нұқсан келтіретін, педагогиканың принциптері мен талаптарына қайшы келетін мінез-құлыққа, оның ішінде интернет-кеңістіктегі мәліметтердің таралуына жол бермеуі тиіс.
Педагог кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жүйесінің органдарына өмірлік қиын жағдайда жүрген баланы анықтау фактілері туралы хабардар етуге міндетті.
Сондай-ақ педагог құқық қорғау органдарына кәмелетке толмағандардың қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттер (әрекетсіздік) жасау фактілері туралы, сондай-ақ ұйымдардан тыс жерде кәсіби қызметіне байланысты өзіне белгілі болған фактілер туралы хабарлауға тиіс;
Педагог ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңес береді, оқыту мен тәрбиелеудегі ортақ жауапкершілік принциптерін түсіндіреді.


Назар аударыңыз! «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 61-бабы 2-тармағының 3- тармақшасына сәйкес білім беру ұйымдарының қызметінде ашықтықты қамтамасыз ету бойынша халықты ақпараттандыру мақсатында білім беру ұйымдарының басшылары Қамқоршылық кеңеспен бірге оқу жылының аяқталуы бойынша ата-аналардың, жұртшылықтың қатысуымен кездесулер өткізуді (қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпарат) қамтамасыз етуі қажет.
Сонымен қатар, 2019-2020 оқу жылында Білім беру ұйымдарының басшылары жеке ресми интернет-ресурстарда «Білім және ғылым ұйымдары қызметіндегі ашықтық қағидатын іске асыру туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына қосымшаға сәйкес (өзгерістер енгізілген жаңдайда) тарификация мен штаттық кестені жариялауды қамтамасыз етуі қажет.
Облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, қалаларының білім басқармаларының, сондай-ақ білім бөлімдерінің басшылары ата-аналар мен жұртшылықтың сұрақтарына белсенді жауап беру үшін Call-орталықтың жұмысын қамтамасыз етуі қажет.
Аталған материалдарды интернет-ресурстарда орналастыру мониторингін қамтамасыз ету көзделіп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет