Количество суммативных оцениванийпо предмету «Русская литература»
Суммативное оценивание по предмету предполагает проведение суммативных оцениваний за раздел (СОР) и за четверть (СОЧ). Ниже представлено количество суммативных оцениванийза раздел/сквозную тему.
Таблица 42. Количество суммативных оцениваний по предмету «Русская литература»
Класс
|
Количество суммативных оцениваний
за раздел/сквозную тему
|
1 четверть
|
2 четверть
|
3 четверть
|
4 четверть
|
5 класс
|
2
|
2
|
2
|
2
|
6 класс
|
2
|
2
|
2
|
2
|
7 класс
|
2
|
2
|
2
|
2
|
8 класс
|
2
|
2
|
2
|
2
|
9 класс
|
2
|
2
|
2
|
2
|
«Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде емес)
Оқыту қазақ тілінде емес мектептерде «Қазақ тілі» мен «Әдебиеті» пәндері жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті» кіріктірілген пән ретінде оқытылады.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін кіріктіріп оқытудың мақсаты – оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге және сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру. Оқушылар әңгіме, поэзия, драма, сондай-ақ, ғылыми және бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарын сын тұрғысынан оқи отырып, өз түсініктерін дамытады. Оқу арқылы танымдық дағдыларын арттыра отырып, білім әлеміне жол ашады.
Қазақ тілі мен әдебиетін кіріктіре оқытуда жаңа әдістемелік логика ұсталынады. Жаңартылған коммуникативтік бағыт тек коммуникативтік әдістерді атап қана қоймайды, әрбір коммуникативтік әдісті іштей кіші бөлшектерге бөліп, олар кіші дағдылар – оқу мақсаты түрінде әрбір сыныпқа төменнен жоғары қарай дамып, күрделене түсетін спираль түрінде жүйелі құрастырылды. Өйткені коммуникативтік бағытты ұстану үшін, мұғалім мен оқушылардың және оқушылардың өзара, жеке, жұпта, топпен, ұжыммен еркін түрде сұхбаттасуына лайықталып құрылған білім берудің жүйелі үдерісі қалыптасуы керек. Бағдарламада көрсетілген оқу мақсаттарының нәтижесіне жету үшін мұғалім мен оқушының өзара педагогикалық ықпалдасуы жаңа дәрежеге көтерілуі тиіс. Ол дәрежеге өзара сыйластық, іскери ынтымақтастық және сұхбаттасып отыру арқылы қол жеткізуге болады. «Субъекті - субъектілік» дидактикалық қарым-қатынасқа негізделген оқыту жүйесінде әрбір оқушы жеке тұлға деп танылады және олардың әрқайсысы қазақ тілін оқып-үйренуі барысында өзінің ішкі құндылықтары мен қажеттіліктерін жүзеге асыруға толық мүмкіндігі болуы міндетті болады. Мұғалім оқушылардың қазақша еркін сөйлеп, жазып, үйренуі үшін, түрлі интерактивтік әдістерді қолданып, бірге күліп, бірге коммуникативтік жағдаяттың шешімін іздеп, олармен эмоциялық жақын болуы керек. Ынтымақтастық, достық, сыйластық, түсіністік орнату – басты қағида болады. Психологиялық-педагогикалық ғылыми тұғырлары осы мақсатқа лайықталып НЗМ тарапынан әзірленген Оқулық пен Мұғалім нұсқаулығы бағдарламаның мақсаты мен мазмұнын толыққанды аша алады. Өйткені мұндай арнайы сабақтар жүйесі мен жаттығулар жүйесі бағдарламаның тікелей сәулеленген көрінісін танытады.
Осыған дейінгі бағдарлама кеңестік авторитарлық «субъектілік - объектілік» қатынас жүйесінен еш алыстамаған. Ал ондай оқушыны бағынышты объекті ететін білім беру үдерісінде шынайы коммуникативтікдағды қалыптастыру мүмкін болмайды.
Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін кіріктіріп оқу арқылы оқушылар:
- сөздік қоры мен тілдік сауаттылығын дамытады;
- тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметін түсінеді;
- ойлау және танымдық қабілеттерін дамытады;
-коммуникативтік дағдыларын жағдаятқа сай дұрыс қолдана білуді және
өзгелермен еркін қарым-қатынас жасауды үйренеді;
қазақ халқы мен мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастырады, қызығушылығын арттырады.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін кіріктіріп оқытуда сабақты ұйымдастыру, ең алдымен, оқу материалының ерекшелігіне, сынып деңгейіне негізделеді. Кіріктіріп оқытудың негізгі және міндетті талабы – оқушының өзіндік жұмыс істеу қызметін арттыру, өйткені оқу материалының тақырыптық аясын кеңейте отырып, терең талдауды талап етеді.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқытылу да өзгеше. Бағдарлама оқушының білім, білік және төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір-бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және өскен сайын тілдік оқу мақсатта күрделене түседі.
5, 6, 7, 8, 9 - сыныптарда оқу процесі жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен (оқыту орыс тілінде) жүзеге асырылады.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» бағдарламасының мақсаты – оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша қамтылатын шығармалар, сағат саны, оқу мақсаттары нақты көрсетілген.
1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;
6-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;
7-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;
8-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;
9-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат.
2. Негізгі орта білім беру деңгейіндегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқушылардың білім, білік және дағдыға қойылатын талаптары «Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті» деңгейлерін (B1, B2) негізге ала отырып, айқындалған.
3. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқу мазмұны 5 бөлімге бөлінеді. Бөлімдерді бөлімшелер құрайды, олар сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер түрінде оқыту мақсаттарынан тұрады.
4. Оқыту мақсаттары арқылы мұғалімдер сөйлеу қызметінің төрт дағдысын(тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қалыптастырады, сонымен қатар, оқушылардың жетістігін бағалайды және оқытудың келесі кезеңі туралы ақпарат береді.
5. Оқыту пәнінің мазмұнын 5 бөлім құрайды:
1) тыңдалым;
2) айтылым;
3) оқылым;
4) жазылым;
5) тілдік бағдар.
6. «Тыңдалым»бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) болжау;
2) назарын шоғырландырып тыңдау;
3) сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну;
4) көркем шығармаларды тыңдау;
5) негізгі ойды анықтау;
6) тыңдалым материалдары бойынша жауап беру.
7. «Оқылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) мәтіндегі ақпаратты анықтау;
2) стильдік ерекшеліктерді анықтау;
3) көркем шығармаларды оқу;
4) мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау;
5) қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу;
6) өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау.
8. «Жазылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) әртүрлі стильде мәтіндер құрастыру;
2) эссе жазу;
3) көркемдегіш құралдарды қолданып жазу;
4) мәліметтерді жинақтау;
5) орфография және пунктуация.
9. «Айтылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) сөздік қорының алуандығы;
2) сөз мәнері мен сөйлеу этикеті;
3) орфоэпиялық нормаларды сақтау;
4) мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау;
5) сенімді және еркін жауап беру;
6) визуалды материалдар арқылы тілді дамыту.
10. «Тілдік бағдар» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) сөз таптары;
2) сөйлем.
(https://www.nao.kz /Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары./Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары «Казахский язык» для школ с русским/ узбекским/ уйгурским/ таджикским языком обучени)
Достарыңызбен бөлісу: |