Креативті оқылым. Оқуды игертудің алғашқы кезеңдерінде білім алушылардың меңгерген шектеулі сөздік қорларын қолдану арқылы еліміздегі түрлі саяси, әлеуметтік, мәдени, экономикалық проблемалар туралы мағлұматтар беруге болады. Ол үшін дидактиканың «жеңілден ауырға қарай» ұстанымын бағытқа ала отырып, білім алушыларға шағын мәтіндер беріліп,ол мәтіндер күн сайын күрделеніп отыруы тиіс. Оқылым үдерісін бастапқы кезеңінің негізгі міндеті – дауыстап және іштей оқу механизмдерін қалыптастыру. Білім алушылар күнделікті тұрмыста қолданылатын белсенді сөздерді тез қабылдап, дұрыс айта білуге міндетті.. Мәтінді оқу – мәтінді аудару емес:
- мәтін мазмұнын түсіну үшін мәтіндегі барлық сөзді түсіну шарт емес;
- мәтінді түсіну барысында адамда болатын білім қоры (фоновое знание) өте маңызды орын алады;
- мәтінді оқып бастамай-ақ, мәтіннің мазмұны туралы өзіңіз ойлағаннан да көбірек білуіңіз әбден мүмкін.
Жарнама мәтіні, газет мақаласы, күнделік мәтіні, ертегі әлде өлең жолдарыма?
Мәтіннің қосымша элементтері болуы мүмкін (сурет, диаграмма, схема, кесте т.б.) бұлар мәтінді түсінуге көмектеседі.
3) Креативті тыңдалым.Тыңдалым бойынша жүргізілетін жұмыстардың алдын ала мәтіндерді тыңдатудан бастаған жөн. Тапсырма түрі де қарапайым: Тыңдаңыз, түсінуге тырысыңыз. Тыңдалымға үйретудің нәтижелі болуы мәтіннің дұрыс тыңдалуына да байланысты.Оның көлемі үйренушінің қабылдауына әсер етеді. 2-3 минуттық материалды І деңгейде үйренуші есінде толық сақтай алмауы мүмкін.Тыңдалым дағдысын қалыптастыру тілдің табиғи қолданысына, табиғи темпіне негізделуі қажет, ауызекі сөйлеу тілі стиліндегі мәтіндерді ұсыну; бақылау жұмыстарында әртүрлі тестерді ұсыну. Тыңдалым әрекетіне арналған тіл үйренушілердің креативті ойлауын дамытатын жаттығулар түрлері:
Дыбыстарды естіп, ажыратуға арналғанжаттығулар:
[ә] дыбысы бар сөздерді естігенде қолдарыңыздыкөтеріңіздер;
дыбысты естіп, әріп түрінде жазыңыз;
Сөздерді түсінуге арналғанжаттығулар:
мәтінде аталған жануарлардың суреттерінсалыңыз;
тыңдалған мәтіндегі кейіпкерлердің мамандығын анықтаңыз; кейіпкерлердің әуестігін атаңыз т.б.
Логикалық ойлай білу қабілетін арттыратынжаттығулар:
бірнеше сөзді тыңдап, осы сөздің бәрін бірақ сөзбентүсіндіріңіз;
диалогті тыңдап, түпнұсқалық қалпынакелтіріңіз;
тыңдалым мәтінінде қате айтылған сөйлемдерді дұрыс ретімен айтыңыз; мәтінде естіген оқиғаны рөлге бөлініп ойнапберіңіз.
Жазылым әрекетін дамытужаттығулары:
1) мәтінді тыңдап, түсіп қалған сөздерді жазыңыз; бірқатар сөздерді тыңдап, тек қана мағынасы бір-біріне жақын сөздердіжазыңыз.
Монологті сөйлеуді машықтандыратынжаттығулар:
мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауапберіңіз;
мәтінде кездескен сөздердің көмегімен өз досыңыздысипаттаңыз.