Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет82/252
Дата08.02.2022
өлшемі3,55 Mb.
#120068
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   252
Креативті жазылым. Кез келген тілде тілдік қатынас жасау деңгейін жетілдіруде, әсіресе жазылым әрекетін дамытуда арнайы қарастыруды қажет ететін мәселелер бар. Жазылым сөйлеу әрекеті өнімді түрі болып есептеледі. Ал креативті жазылым бұл аудиторияның ерекше бір көңіл-күйде, шығармашылық еркіндікте болғанда ғана іске асуы мүмкін. Креативті жазылымның негізгі мақсаты жазылым әрекеті кезінде оқушының осы жазылым әрекетінен қуаныш пен көтеріңкі көңіл – күйде болуы болып табылады. Өнімді креативті жазылым тіл үйретудің алғашқы деңгейінде-ақ қолданыла бергені дұрыс. Алғашқы кезеңде визуалды тіректің болғаны абзал, мысалы: суреттер, фотолар,тұрмыс заттары, аудио тіректер: аудиомәтіндер, әндер, аспапты музыкалық шығармалар, жазбаша тіректер: өлеңдер, әңгімелер, цитаталар,мақал-мәтелдер.

Жаттығулар жүйесі:

  1. Құрманғазының «Сарыарқа» күйін тыңдай отырып, көз алдыңызға не елестетесіз, соның бәрін жаза беріңіз;

  2. Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнінің музыкасына туған еліңізді суреттейтін мәтінжазыңыз;

3) суретке қарап 11 буынды өлең шығарыңыз;
4) топтарға бөлініп, шытырман оқиғаға толы қызықты әңгімелер жазыңыз;
5) керемет бір қызықты жерінде үзілген әңгімені аяқтап, түпнұсқамен салыстыруыңыз;
6) бір рөлге кіріп, рөл иесін сипаттаңыз;
7) ойдан шығарылған кейіпкерлерге хат жазыңыз.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет