Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет100/193
Дата24.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#133233
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   193
Байланысты:
Нұсқау хат 2018-2019 оқу жылы

Әдебиеттік оқу
«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – бастауыш сынып білім алушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
Оқу бағдарламасында әдеби-шығармашылық қабілеттерін дамыту қарастырылған. Нақты шығармаларды оқып білу және қажетті шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін мұғалім білім алушылардың даярлық деңгейіне байланысты сабақтар санын анықтайды.
Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 2-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында – 102 сағатты;
2) 3-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында – 102 сағатты құрайды.
Білім алушылардың оқу дағдыларының қалыптасуын ескере отырып, мұғалім төмендегі міндеттерді қояды:
екінші сыныпта сөз бен сөз тіркестерін тұтас оқуға біліктерінің қалыптасуын; оқу қарқыны бойынша оқылған мәтіннің мазмұны түсінуін, оқу кезінде кідіріс жасай білуін, тиісті тыныс белгілерін қоюын, интонациясын, кейіпкерлерінің ерекшеліктері тән қассиеттерді білуін тексереді;
үшінші сыныпта негізгі құралдардың мәнерлілігін пайдалануда өлеңдер және шығармалар мәтінін оқу мәнерлілігін тексеру, дауыстап және іштей оқуда оқылған мәтіннің мәнін түсінуін, сонымен қатар, оқу техникасын тексерудің негізгі міндеттерін тұтассөздермен оқи білуінің қалыптасуын тексереді.

56-кесте – Оқу дағдыларының нормалары





Сыныптар

І
жартыжылдық

ІІ
жартыжылдық

2-сынып

40-45 сөз

50-55 сөз

3-сынып

60-65 сөз

65-70 сөз

Білім алушылардың оқу техникасы оқу дағдысын қалыптастыру бойынша одан әрі оқыту алгоритмін құру үшін критерий болып табылатынын ескеру маңызды.
Білім алушылардың дайындық деңгейіне байланысты қажет болған жағдайда, мұғалім таңдауы бойынша басқа да әдеби шығармаларды оқуды тізбеге қосуға болады. Ол шығармалар білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек.
«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша мұғалім әр түрлі қосымша жұмыстарды жүргізуі мүмкін және тапсырмалардың критерийлері мен дескрипторлары даалдын ала дайындалады. Мұғалім шығармашылық жұмыстарды өткізу кезеңі мен түрлерін өзі анықтайды. Төменде ұсыным сипатында критерийлермен жұмыс жасаудың шамамен түрлері берілген (56- кесте).

57-кесте – Пән бойынша жұмыс түрлерінің үлгісі







Оқудың түрлері

Критерийлер/дескрипторлар


Алгоритм бойынша әңгіме құрау

- алгоритм бойынша әңгіме құрай алады;
- әңгімедегі оқиғалардың дәйектілігін анықтайды;
- әңгімені аяқтай алады;
- құралған әңгімені жазады


Кейіпкердің атынан хат



  • сөйлемдерді нақты әрі анық құрайды;

  • дәйектілікті сақтайды;

  • кейіпкердің іс-әрекетін бағалай алады, қорытынды жасай алады


Кейіпкерге хат
Мұғалім шығарманы өз қалауы бойынша таңдайды. Ал білім алушылар хат жазатын кейіпкерін өз бетінше таңдайды.

- өз хатына ат қоя алады;
- тірек сөздерді пайдалана отырып, ұсынылған тақырып бойынша хат жазады;
- өз ойын қисынды және жүйелі түрде жеткізеді;
- сөйлемнің ойын дәл жеткізеді;
- кейіпкердің іс-әрекетін сипаттайды;
- кейіпкердің іс-әрекетін бағалай алады, қорытынды жасай алады


Санамақ құрастыру
Санамақ – баланың есептеу, ойлау қабілетін дамытуға арналған тілдік құралы.

  • санамақтарды мақал-мәтелдерден, жұмбақтардан, т.б. ажырата алады;

  • санамақ құрастырудың принципін түсінеді;

  • өзінің құрастырған санамағына таныстырылым жасайды


Диалог

  • диалог түрінде сөйлесе алады;

  • диалогтің басында, ортасында және соңында айтылатын сөйлемдерді дұрыс қолданады;

  • ойын түсінікті және дұрыс жеткізе алады;

  • сөздік қорын көрсете алады


Кітап жасау
Шығармашылық жобаның бұл түрін (жеке немесе топтық) әртүрлі техникада орындауға болады. Бұл өзі суреттерін салып, қолымен жазылған кітап болуы мүмкін. Кітапты аппликациямен әрлеуге болады. Кітап әртүрлі мазмұнда бола алады: «Бұл қандай аң?»; «Ақ» сөзімен тұрақты сөз тіркестері, иллюстрацияланған (суретті) сөздік.

  • шығармашылық жобаның тақырыбын анықтайды;

  • кітаптың мазмұнын ойластырады (ресурстарды таңдайды);

  • суреттермен әрлейді;

  • суреттер мазмұнына сәйкес келеді


Берілген рифма бойынша өлең (буриме) шығару және басқа да өлең түріндегі шығармаларды ойлап табу; сондай-ақ бірінші жолдың екінші жолын ойлап табу және т. б.

  • екі немесі бірнеше сөздердің қосымшаларынан, соңғы буындарынан ұйқасым таба алады;

  • берілген рифмаға сәйкес сөздерді таңдай алады;

  • берілген тақырыпқа сәйкес өлеңді жалғастыра алады


Ертегілер елінде
Әртүрлі ертегілерден сюжеттерді және кейіпкерлерді таңдайды, оларды біріктіріп, ертегі ойластырады. Білім алушылар кейіпкерлерін алмастыра отырып, өздерінің сүйікті ертегілерін ала алады.

  • әртүрлі ертегілердің кейіпкерлерін бір сюжетке біріктіре алады;

  • ойластырған ертегісі түсінікті;

  • оқиғалардың дәйектілігін сақтайды


Аяқталмаған әңгіме

  • ұсынылған бастамасы бойынша әңгімені жалғастырады;

  • әңгімедегі оқиғалардың дәйектілігін анықтайды;

  • әңгімені аяқтай алады


Оқылған шығармаға диафильм салу

  • мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді;

  • мәтінді аяқталған мазмұндық бөліктерге бөле алады;

  • әр бөліктің негізгі ойын анықтай алады;

  • әр бөлікке ат қояды;

  • дәйекті жоспар құрады;

  • диафильм салады



Пән бойынша жиынтық бағалау бөлім бойынша (БЖБ) және тоқсан бойынша (ТЖБ) жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты санымен әр тоқсанда 1 рет өткізіледі. Төменде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны (57-кесте).

58-кесте – «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны





Сыныптар

Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

2-сынып

2*

2*

2*

2*

3-сынып

2*

2*

2*

2*

* Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет