Өзін-өзі тану
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу процеснің негізгі мақсаты:
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу процесінің басты міндеті:
1) әрбір адамның табиғатына берілген жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындау;
2) қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен шешудің практикалық дағдыларын, тұлғаның құндылықтар жүйесін қалыптастыру;
3) адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа қатысы ескерілген оқушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, адамгершілік мінез-құлық негіздерін қалыптастыру.
Пәннің негізгі базалық мазмұны бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып төмендегі тарауларда ашылады:
1) «Ғасырлар даналығы»;
2) «Тату отбасы»;
3) «Адам болам десеңіз»;
4) «Қандай ғажап әлем!».
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1-3-сыныптарда – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
1-сынып
Тараулардың атауы
|
Сабақ реті
|
Сабақтардың тақырыбы
|
Ғасырлар даналығы
|
1-2
|
Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!
|
3-4
|
Тәртіп пен парыз
|
5-6
|
Өзіңмен үйлесімді өмір сүру!
|
7-8
|
Сүйіспеншілік сый талап етпейді
|
Тату отбасы
|
9-10
|
Менің үйім
|
11-12
|
Менің достарым
|
13-14
|
Бір-бірімізге көмектесеміз
|
15-16
|
Алғыс айту – игілік сыйлау!
|
Адам болам десеңіз
|
17-18
|
Жақсылық жолымен жүреміз
|
19-20
|
Қарым-қатынас әліппесі
|
21-22
|
Көңіл күй шаттығы
|
23-24
|
Менің Отаным
|
Қандай ғажап бұл әлем!
|
25-26
|
Туған табиғат
|
27-28
|
Денсаулыққа апарар жол
|
29-30
|
Әрдайым көмектес, ешқашан зиян келтірме
|
31-32
|
Жер – ортақ үйіміз
|
33-34
|
Балалық шақ мейрамы
|
2-сынып
Тараулардың атауы
|
Сабақ реті
|
Сабақтардың тақырыбы
|
Ғасырлар даналығы
|
1-2
|
Ұлы Абайдың даналығы
|
3-4
|
ГХ. Андерсеннің дана ертегілері
|
5-6
|
Білім – өмір шырағы
|
7-8
|
Мектеп – біздің ортақ үйіміз
|
Тату отбасы
|
9-10
|
Өзіңді жақсылықпен таразыла
|
11-12
|
Адам жақсы ісімен көрікті
|
13-14
|
Адал және ақкөңіл болу
|
15-16
|
Салауатты отбасы
|
Адам болам десеңіз
|
17-18
|
Өзіңді және басқаларды құрметтеуді үйренеміз
|
19-20
|
Кешіре білуді үйренеміз
|
21-22
|
Дос болуды үйренеміз
|
23-24
|
Жақсы көруді үйренеміз
|
Қандай ғажап бұл әлем!
|
25-26
|
Біз өсіп жатқан өлке
|
27-28
|
Туған өлкенің табиғатын сақтауды үйренеміз
|
29-30
|
Біз өмір сүріп жатқан ел
|
31-32
|
Әсемдік әлемінде
|
33-34
|
Балалық шақ мейрамы
|
3-сынып
Тараулардың атауы
|
Сабақ реті
|
Сабақтардың тақырыбы
|
Ғасырлар даналығы
|
1-2
|
Жалпыадамзаттық құндылықтарды зерделейміз
|
3-4
|
Халықтың мәдени мұрасы
|
5-6
|
Кітап – білім көзі
|
7-8
|
Оқу – менің еңбегім
|
Тату отбасы
|
9-10
|
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті
|
11-12
|
Бастаулардың бастауы
|
13-14
|
Өзіңді және басқаларды түсіне білу
|
15-16
|
Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады
|
Адам болам десеңіз
|
17-18
|
Ақкөңілділік және оптимизм
|
19-20
|
Ақниеттілік туралы
|
21-22
|
Жомарттық пен кеңпейілділік
|
23-24
|
Өз еліңнің патриоты болу
|
Қандай ғажап бұл әлем!
|
25-26
|
Сүйіспеншілік пен жақсылық жолы
|
27-28
|
Табиғатпен үйлесім
|
29-30
|
Денсаулық сыры
|
31-32
|
Жер – біздің ортақ үйіміз
|
33-34
|
Балалық шақ мейрамы
|
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім алушыларға жиынтық бағалау өткізілмейді. Жартыжылдықтың және оқу жылының соңында «есептелінді»/ «есептелінген жоқ» бағасы сынып журналына қойылады.
1-3-сынып білім алушыларының білім сапасын бағалау 1-4-сыныптарға арналған «Өзін-өзі тану» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы білім берудің үлгілік оқу бағдарламасында ұсынылған білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар негізінде жүргізіледі. Білім алушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптар пән бойынша «сынақ» қою критерийі бола алады.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша сыныпты екі топқа бөлу мүмкін. Инклюзивті білім беруде сыныпты топтарға бөлу білім алушылардың жалпы санының кему есебінен ерекше білім беру қажеттіліктері бар әрбір үш балаға қарай іске асырылады.
«ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР» БІЛІМ САЛАСЫ
«Технология және өнер» білім саласының мазмұнына «Көркем еңбек» және «Музыка» пәндері енгізіледі.
Музыка
«Музыка» пәні адам өмірінің, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениеттің бөлігі ретінде білім алушылардың музыкаға деген құндылықтық қарым-қатынасын қалыптастыруға бағытталған.
«Музыка» пәнін оқытудың мақсаты – білім алушылардың музыка бойынша негізгі білімі мен біліктерін, музыкалық іс-әрекеттерде шығармашылықпен өз ойын жеткізу және қарым-қатынас жасау тәсілдерін меңгеру, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениеттің адамгершілік-эстетикалық құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру, музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.
«Музыка» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат; 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
«Музыка» пәні бойынша қалыптастырушы бағалау өткізіледі. Пән бойынша білім алушылардың қалыптастырушы бағалау нәтижелері оқушылар мен ата-аналарға берілетін кері байланыс үшін материал болып саналады.
«Музыка» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. Жартыжылдық және оқу жылының соңында «Музыка» пәнін оқыту нәтижесі бойынша «есептелінді»/«есептелінген жоқ» қойылады. Алынған нәтижелер («есептелінді»/«есептелінген жоқ») сынып журналына қойылады.
Көркем еңбек
«Көркем еңбек» – «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» сияқты оқу пәндерін біріктіретін кіріктірілген пән. «Көркем еңбек» пәні әртүрлі шығармашылық әрекеттің түрлері барысында көркем-технологиялық білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
«Көркем еңбек» пәнін оқытудың мақсаты – жеке тұлғаның қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістіктік-бейнелік ойлауын, көркемдік-технологиялық білімінің негізін қалыптастыру.
«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат; 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат, 3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
Түрлі материалдармен жұмыс істеу білім алушылардың технологиялық ойлауын, көркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, қиялы мен қол моторикасын дамытуға, көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіреді.
Оқу бағдарламасының мазмұны көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттің алуан түрін қарастырады. Сабақта іске асырылатын көркемдік іс-әрекеттің түрлерін «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі анықтайды. Сонымен бірге міндетті түрде қөркемдік іс-әрекеттің негізгі үш түрі жүзеге асырылады:
конструктивті;
бейнелеу;
сәндік.
«Көркем еңбек» пәні бойынша қалыптастырушы бағалау өткізіледі. Пән бойынша білім алушылардың қалыптастырушы бағалау нәтижелері білім алушылар мен ата-аналарға берілетін кері байланыс үшін материал болып саналады.
«Көркем еңбек» пәні бойынша жартыжылдық соңында және оқу жылының соңында «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы сынып журналына қойылады.
Оқу процесінде әр түрлі жұмыстарды орындау барысында еңбек гигиенасының және қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау қажет.
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Дене шынықтыру» білім саласының мазмұнына «Дене шынықтыру» пәні енгізілген.
Дене шынықтыру
Дене шынықтыруды оқытудың мақсаты денені салауатты шынықтыруға, спорттық-спецификалық қозғалу дағдылары мен дене бітімі қабілеттерін меңгеруге бағытталған дене шынықтырудың негіздерін қалыптастыру болып табылады.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына: 1-сыныпта 3 сағаттан, оқу жылында 99 сағатты; 2-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты; 3-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
Дене шынықтыру мұғалімдері білім алушы организмінің анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктеріне (жетілуіне) сәйкес өздерінің педагогикалық тәсілдерін бақылауы және өзгертуі тиіс.
Пән бойынша бағдарламаның әрбір үшінші сағаты білім алушылардың қозғалыс белсенділігін (спорттық және қозғалыс ойындарының санын арттыру есебінен) және сауықтыру процесін арттыруға бағытталған.
Оқу бағдарламасында қарастырылған шаңғы/коньки/кросс дайындығы сабақтары өңірлердің климаттық жағдайларына сәйкес өзара алмастырылады.
Мұғалімнің әр сабақ сайын жүргізетін бақылау жұмыстары жүйелі түрде іске асырылады және білім алушының тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындап жатқандарын түсінуге, олардың білім алу траекторияларына түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.
«Есептелінді» және «есептелінген жоқ» деген сынақ қойған кезде критериалды бағалау қағидасына сүйену керек. Яғни, білім алушы «есептелінді» деген сынақ алу үшін сабаққа қатысып қана қоймай, дене дамуы бойынша білім мен біліктілік негіздерін игеруі керек.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша тоқсан соңында және оқу жылының соңында «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы сынып журналына қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |