Ақпараттық-комуникациялық технологиялар (АКТ)
2018-2019 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап жаңа «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (АКТ) пәні республиканың жалпы білім беретін мектептерінің 3-сыныптарына енгізіледі.
Бастауыш сыныпта «АКТ» пәнін оқыту негізгі мектепте информатиканың базалық курсын меңгертудің пропедевтикасын қамтамасыз етеді.
Ақпараттық технологиялар әр түрлі білім беру салаларын кіріктіру үшін ресурстарды және техникалық құралдарды ұсына отырып, басқа оқу пәндерін оқытуда жаңа құралға айналып отыр.
«АКТ» пәнін оқытудың мақсаты білім алушыларды оқуда және күнделікті өмірде тиімді қолдану үшін қазіргі ақпараттық технологиялардың базалық білімімен, білік және жұмыс жасау дағдыларымен қамтамасыз ету болып табылады.
Негізгі міндеттер:
компьютер туралы алғашқы ұғымдар, қазіргі заманауи цифрлық технологиялар және олардың қоғам өміріндегі алатын рөлі туралы білім алушыларға мәлімет беру;
ақпараттық-комуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ақпаратты іздеу, жинақтау, өндеу, сақтау және әр түрлі формаларда жіберу дағдыларын қалыптастыру;
әр түрлі бағдарламалық қосымшаларды пайдалана отырып, білім алушылардың идеяларын ұсынуға мүмкіндік беру;
бір-бірімен сөйлесу, ақпарат алмасу және бірлесе жұмыс істеу мақсатында АКТ құралдарын пайдалануға әрекет жасау;
білім алушыларды авторлық құқықтарды сыйлауды және компьютермен жұмыс істеу барысында техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрету.
«Ақпараттық-комуникациялық технологиялар» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
3-сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
«АКТ» пәні бойынша оқыту процесінде қолданылатын әдістер мен тәсілдер мынадай:
ойын түрінде оқыту;
«компьютерсіз» оқыту;
«АКТ» құралдары қолданылатыншығармашылық тапсырмалар;
шағын жобалар.
Келесі тақырыптар бойынша:«Астана бойынша виртуалды экскурсия», «Интернеттегі ауарайын болжау», «Мультимедиялық тарих», «Суреттер тарихынан тұратын шығарма, фотосуреттер, аудио жазбалар, видео, анимация, мультфильм және т.б. жобаларды өткізу ұсынылады.
Пән бойынша жиынтық бағалау бөлім бойынша (БЖБ) және тоқсан бойынша (ТЖБ) жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны әр тоқсанда 1 рет өткізіледі. 1-сыныптапән бойынша жиынтық бағалау үшінші тоқсанда өткізіледі.
66-кесте – Төменде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны.
Сынып
|
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
|
1 тоқсан
|
2 тоқсан
|
3 тоқсан
|
4 тоқсан
|
3 сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша сыныпты екі топқа бөлу мүмкін. Инклюзивті білім беруде сыныпты топтарға бөлу, білім алушылар жалпы санының кему есебінен әрбір үш баланың ерекше білім беру қажеттіліктеріне қарай жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |