Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер



бет112/193
Дата24.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#133233
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   193
Байланысты:
Нұсқау хат 2018-2019 оқу жылы

Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты – оқушыларды шығармашылық ойлауға бағыттау, олардың өз ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және талдау, бағалау дағдыларын қалыптастыру.
5-8-сыныптарда оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (ҚР Әділет министрлігінде 2017 жылы 13 қарашада № 15982 тіркелген) бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы» бойыншажүзеге асырылады.
Жалпы білім беретін мектептерде әдебиетті оқытуда қазақ әдебиетінің мазмұнын, стилін, идеяларын және жанрын бағалай білуге, талдау жасауға, шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуға баса назар аударылады.
Пәннің оқу бағдарламасы «шиыршық» қағидаты негізінде әзірленген, яғни оқу мақсаттары мен тақырыптардың басым көпшілігі белгілі бір оқу кезеңінен кейін (оқу жылы барысында немесе келесі сыныптарда) білім мен дағдының көлемі көбірек, тереңірек, күрделірек деңгейде қайта қарастырылады.
Әр сынып бойынша дағдыларды қалыптастырып, дамыту үшін оқу мақсаттарының жүйесі берілген.
«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың бойында гуманистік, адамгершілік-эстетикалық, ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу; ұлттық әдеби туындылармен қатар әлем әдебиеті туындыларымен таныстыру; көркем шығарманы тануда қажетті біліммен қаруландыра отырып, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде көркемдік тұтастық пен көркемдік бейнені талдау, жинақтай білу, шығарма идеясын, жазушы ұстанымын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру.
«Қазақ әдебиеті» пәні әдебиетті өнердің басқа салаларымен (кескін, театр, кино, музыка) салыстыра қарастырып, өз ойын еркін, дәлелді, сараптай, салыстыра отырып жеткізе білетін тұлғаның қалыптасуына үлес қосады. Сонымен қатар әдебиетті «Қазақ тілі», «Тарих», «Орыс әдебиеті», «География» пәндері, мәдени, қоғамдық және тәрбиелік шаралармен байланыстыра отырып, жүзеге асыру көзделеді.
Негізгі орта білім берудің (жаңартылған мазмұнның) үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі:
1)5-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
2) 6-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
3) 7-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68сағат;
4) 8-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағатты құрайды.
«Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасы үш негізгі дағдыны басшылыққа алады:

  1. түсіну және жауапберу;

  2. анализ жәнеинтерпретация;

  3. бағалау жәнесалыстыру.

«Түсіну және жауап беру» бөлімі аясындағы бөлімшелер білім алушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:
- көркем шығарманың мазмұны мен пішінін анықтау және талдау;
- әдеби шығарманың тұжырымдамасын айқындай білу;
- көркем шығармадағы образды ашу және сипаттау;
- шығарма үзінділерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
«Анализ және интерпретация» бойынша:
- әдеби шығарманың композициясын, композициялық амал-тәсілдерді талдау;
- шығармадағы автор бейнесін анықтау, оның рөлін талдау;
- көркем шығарманың тілін, көркемдегіш құралдардың қолданысын талдау;
- көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, шығармашылық жұмыс жазу.
«Бағалау және салыстыру» бойынша:
- шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға беру;
- әдеби шығармаларды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;
- шығарманың құндылығын талдап, әдеби эссе жазу;
- әдеби шығармаларды талдап, салыстыра отырып, сыни шолу және сыни мақала жазу дағдыларын дамыту.
Қазақ әдебиеті туындылары жасөспірімдердің рухани қажеттіліктері мен даму мүмкіндіктеріне сәйкестендіріле, қазақша ойлау және сөйлеу, жазу, тыңдағанын түсіну, монолог, диалог, пікірталас жасау дағдыларын қалыптастырып, талдап, тану негізіне сәйкес құрылған.
Үлгілік бағдарламада көркем шығарма санының аз болуы ұлттық құндылықтарымыздың оқушы бойына сіңірілуіне еш кедергі келтірмейтінін, ғылыми таным мен түсінік, салт-дәстүр мен ұлттық сана әдеби туындыларды талдап, зерделеп және бағалап, зерттей оқу арқылы ғана көңілге тоқылатынын ескеру керек.
Қазақ әдебиетінің әр кезеңінде жазылып, өзінің көркем құндылығын жоғалтпай келе жатқан туындылармен танысу арқылы оқушы әдеби талдау, сыни ойлау қабілеттеріне ие болып, шығармашылдық ізденіске қадам басады. Оқу мақсаттары белгілі бір тарау бойынша ұзақ мерзімді жоспарда көрсетілген тізімге сай жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет