Қазақ тілі (Т1) (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)
«Қазақ тіл» пәні бастауыш мектепте гуманитарлық білім берудің бастапқы өзегі болып табылады. Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірдеқолдану.
Пәнді оқытудың басты ерекшелігінің бірі білім алушылардың сауаттылығын арттыру және тілін дамыту мақсатында жазба жұмыстарын жүргізіп отыру болып табылады.
Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 2-сыныпта – аптасына 4 сағаттан, оқу жылында – 136 сағатты;
2) 3-сыныпта – аптасына 4 сағаттан, оқу жылында – 136 сағатты құрайды.
Пәннің мазмұны мәтін түрлері, көркем шығармалар мен аутентті материалдар арқылы білім алушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыруды, оқығаны бойынша пікір білдіруді және оны дәлелдеуді, белгілі бір тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша және жазбаша жеткізе білуге дағдыландыруды, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бағалауды, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды қамтиды.
53-кесте – Жазба жұмыстарының көлемі
Жазба
жұмыстарының түрлері
|
2-сынып
|
3-сынып
|
Сөздік диктант
|
5-7 сөз
|
9-12 сөз
|
Диктант
|
25-30 сөз
|
35-50 сөз
|
Мазмұндама
|
40-60 сөз
|
60-80 сөз
|
Шығарма
|
25-35 сөз
|
35-55 сөз
|
Мұғалімі қажеттілігіне қарай қосымша жазба жұмыстарының түрлерін өткізе алады, сынып журналына олардың нәтижелері қойылмайды, ал аралық мониторинг түрі бойынша білім алушылардың жетістіктерін және жүргізілген жұмыстардың нәтижесі кері байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оқыту сипатындағы шығармашылық жұмыстардың түрлерін және оның кезеңдерін мұғалім қалауы бойынша жүргізеді.
Мұғалім жазбаша жұмыстарды өткізуде дескрипторлары баркритерийлер құрастырады. Жазбаша жұмыстардың дескрипторлары анық және нақты болуы тиіс. Олар тапсырманы орындаудың қай кезеңінде білім алушы қиындыққа және оларды түзетуге тап болды дегенді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушылар мен ата-аналарға конструктивті кері байланыс беруге мүмкіндік береді.Төменде ұсыным сипатында критерийлермен жұмыс жасаудың шамамен түрлері берілген (53-кесте).
54-кесте – Пән бойынша жазба жұмыстарының түрлері
№
|
Жұмыс түрлері
|
Критерийлер/дескрипторлар
|
|
Диктант (грамматикалық тапсырмаларымен)
|
- мәтінді бұрмалаусыз жазады: әріптерді қосу және ауыстыру, тастап кету;
- әріптер мен дыбыстар арақатынасын белгілей білу;
- грамматикалық тапсырмаларды орындау;
- оқылған материал бойынша тыныс белгілерін қою;
- жазу кезінде сөздерді дұрыс жазу;
- сөздерді жазу барысында орфографиялық нормаларды сақтай білу
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |