16 сәуір Тақырыбы: Мұғалімге келесі мәселелерді шешуге тура келеді: - Мұғалімге келесі мәселелерді шешуге тура келеді:
- · дидактикалық (сабақтың оқу материалын дайындау, компьютерлік бағдарламаны талдау);
- · әдістемелік (тақырыпты беруде технологияны қолдану әдістерін анықтау, сабақтың нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою);
- · ұйымдастырушылық (оқушының шамадан тыс жүктелуін және уақытты тиімсіз өткізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру);
- · оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін және ұсынылған бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту және бекіту).
- Мұғалімнің оқушыларға қоятын басты міндеттері
- Білімді өз бетінше табуды үйрен.
- Зерттеулік ізденіс техникасын меңгер.
- Проблеманы анықтау, оның шешімін табуды үйрен.
- Қарастырылатын мәселеге өз көзқарасың болсын.
- Жолдастарыңмен де, үлкендермен де байланыс орнатуды үйрен, сөйлеп қана қоймай, өзгелерді тыңдай білуді үйрен, бұл саған өмірде қажет болады.
- Не үшін оқып жүргеніңді және алған біліміңді қай кезде қолдануға болатынын түсінуге тырыс.
- Қарым-қатынас мәдениетін үйрен.
Деңгейлік оқытудың ерекшелігі: оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында. - Деңгейлік оқытудың ерекшелігі: оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында.
- 1-деңгейлік тапсырмалар: тану, түсіну, қолдануға бағытталған тапсырмалар.Бұл тапсырмалар негізгі мәтінде мазмұнды ашуға негізгі түсініктерді игеруге, түрі өзгертілмеген тапсырмалар жатады. Көбіне бұл тапсырмалар Қашан? Кім? Қайда? –деген сұрақтарға жауапқа негізделген.
- 2-деңгейлік тапсырмалар: түсіну, қолдау, анализге бағытталған тапсырмалар. Бұл тапсырмалар негізгі мәтіннің мәнін, оқиғаның себебін, неліктен екендігін анықтауға, салыстыруға, анықтауға, ерекшелігін түсінуге бағытталған. Көбіне бұл тапсырмалар Неліктен? Неге, Өйткені, Егер де ...? деген жауаптарға негізделген.
- 3-деңгейлік тапсырмалар: синтездеу мен бағалауға бағытталған тапсырмалар. Бұл тапсырмалар мәтінге қосымша сабақтан тыс берілген мәнмен жұмысқа, терең ойлауға, оқушының қорытынды шығара білу мен альтернативті ойлауға итермелейтін тапсырмалар. Көбіне бұл тапсырмалар: Сіздің ойыңызша, Қалай ойлайсыз, Қандай оқиғамен салыстыра аласыз, Өз ойыңызды дәлелдеңіз деген тапсырмалардан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |