Тамыз кеңесінде тарих пәні мұғалімдерінің пәндік секциясында талқылауға келесі сұрақтар ұсынылады:
– 2017-2018 оқу жылындағы жаңартылған мазмұнда тарихи білім беру нәтижесін ескере отырып, жалпы білім беретін ұйымдарда 2018-2019 оқу жылында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері;
– тарих бойынша әдістемелік бірлестіктердің, шығармашылық топтардың, жас мұғалімдер мектебі жұмысын жоспарлау.
Оқу жылы ішінде тарих пәні бойынша әдістемелік бірлестіктер кеңесінде келесі мәлелелерді қарастыру ұсынылады:
Рухани жаңғыру идеясы негіздерінің құндылықтарын оқыту мен тәрбиелеуде жүзеге асыру;
Қазақстан тарихы сабағында «Өлкетану» кіріктірілген курсын жүргізудің өзекті мәселелері;
Қоғамдық пәндерді оқытудағы тарих пәні мұғалімінің рөлі мен маңызы.
Достарыңызбен бөлісу: |