Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет139/193
Дата24.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#133233
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   193
Байланысты:
Нұсқау хат 2018-2019 оқу жылы

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12-наурыздағы №91 бұйрығына сәйкес Үлгілік қағидалардың 3-қосымшасының 13-тармағында сыныптарды біріктіру нұсқалары алынып тасталынды.
Үлгілік қағидалардың 13-тармағының бұрынғы редакциясында көрсетілген сыныптарды біріктіру нұсқалары, 2012 жылғы МЖББС қолданыстағы бағдарламаларына сәйкес, сол сыныптардың оқу бағдарламаларының бөлімдерінде кездесетін ұқсастықтармен түсіндіріліп келген. Биылғы оқу жылында 3, 6, 8-сыныптардың жаңартылған оқу бағдарламаларымен оқуға көшуіне байланысты, алдыңғы басылымдағы Үлгілік қағидалардың 13-тармағы өзінің маңызын жояды. Сонымен қатар, Үлгілік қағидалардың 11-тармағына сәйкес қолданылып келе жатқан, ШЖМ жағдайындағы үш және төрт сыныпты біріктіру тәжірибесінің де бар екенін ескеру қажет. Сондықтан сыныптарды біріктірудің тиімді нұсқаларын мектеп анықтайды. Мектептің әдістемелік бірлестігінің отырысында және педагогикалық кеңесінде комплектация саны мен ондағы балалар контингентінің толымдылығына байланысты сыныптарды біріктіру жолдарын талқылау ұсынылады.
Білім беру мазмұнын жаңартуға көшу келесі жағдайда жұмыс жасауға дайын болуды талап етеді:

  • білім беру процесін дараландыру;

  • коллаборативті орта қалыптастыру жағдайында белсенді оқытуды іске асыру;

  • саралап оқытуды іске асыру;

  • пәнаралық байланысты қамту;

  • АКТ қолдану;

  • диалог арқылы оқыту;

  • зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргізу.

Аталған өзгерістерге байланысты, шағын жинақты мектеп педагогы, біріктірілген сынып оқушыларының сабақта бағдарлама материалдарымен орындайтын өзіндік жұмысының ұзақтығын дербес түрде анықтайды.
2018-2019 оқу жылында республиканың жалпы орта білім беретін мектептеріндегі 3,6,8-сыныптар жаңартылған оқу бағдарламаларымен оқуға көшуіне байланысты, ШЖМ жағдайында бір мезгілде қолданыстағы және жаңартылған бағдарламалармен оқитын да, сонымен қатар біріктірілетін сыныптарда бірыңғай жаңа оқу бағдарламаларымен оқитын да сыныптар болады. Шағын жинақты мектеп мұғалімдері үшін қолданыстағы және жаңартылған бағдарламаларды бейімдеу арқылы біріктірілген сыныптарда білім алушыларға оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар және барлық пәндерден ұзақ мерзімді жоспарлардың, орта мерзімді жоспарлардың, қысқа мерзімді жоспарлардың үлгілері былтырғы жылы әзірленген, қазіргі уақытта бұл құрал академия сайтында қолжетімді www.nao.kz.
Биылғы оқу жылында, ШЖМ жағдайында бірыңғай жаңа оқу бағдарламаларымен оқитын біріктірілген сыныптардағы оқу процесін ұйымдастыру үшін оқу бағдарламаларын бейімдеудің келесі тетігі ұсынылады: ұзақ мерзімді жоспарларды талдау негізінде жаңартылған бағдарламалар бойынша оқитын біріктірілген сыныпқа арналған ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлар әзірлеу. Ол үшін алдымен біріктірілетін сыныптардағы оқу материалының мазмұнын талдау қажет. Пән бойынша тақырыптарды сәйкестендіру мақсатында келесі кестені пайдалану ұсынылады.


Кесте. ШЖМ-нің біріктірілген 5 және 8-сыныптары үшін «География» пәнінен оқу материалдарының мазмұнын талдау үлгісі



Оқу мақсаты

7-сынып оқу материалының мазмұны

Оқу материалындағы тақырыптардың сәйкестігі

Оқу мақсаты

8-сынып оқу
материалының мазмұны





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет