5. «ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДІНТАНУ НЕГІЗДЕРІ» КУРСТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2018-2019 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы
15 шілдедегі №281 бұйрығына сәйкес «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсы оқытылады.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын міндетті түрде оқыту үшін 9-сыныпта үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат бөлінеді. Курсты «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы бойынша біліктілікті жетілдіру курсынан өткен, сертификаты бар «тарих» пәнінің мұғалімдері жүргізеді.
Осы факультативтік курс сыныптың оқу журналына жазылады.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мәні және маңызы оның қазіргі қоғам қажеттілігі мен тұрақтылығының ғылыми тұғырнамасы ретіндегі өзектілігінен, қоғам тарихы, мәдениеті мен рухани құндылығын анықтайтын бастаулардан тұрады. «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы жалпы орта білім жүйесіндегі әлеуметтік-гуманитарлық және қоғамтанулық білімнің құрамдас бөлігі болып табылады.
2018/2019 оқу жылында «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы бойынша оқу процесін ұйымдастыруда келесі оқу бағдарламасы қолданылады:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі №281 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 9-сыныбына арналған «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының оқу бағдарламасы.
Достарыңызбен бөлісу: |