Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет17/193
Дата24.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#133233
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   193
Байланысты:
Нұсқау хат 2018-2019 оқу жылы

Назар аударыңыз!
Қазіргі уақытта аталған Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалар бекітуге дайындалып жатыр. 2018-2019 оқу жылында барлық білім беру басқармаларына жіберілетін болады.
Білім беру ұйымының жұмысын 2018-2019 оқу жылына дер кезінде жоспарлауды қамтамасыз ету мақсатында кешкі мектептер, үйде оқытылатын білім алушылар және білім беру ұйымдарынан тыс уақытша оқып жүрген білім алушылар үшін Үлгілік оқу жоспарлары ӘНХ-ға қосымша беріледі.


Республика мектептерінің бескүндік оқуға көшуі
Ұсынылған жүктемеге сәйкес 1-ден 11-ге дейін барлық сыныптар бескүндік оқу аптасына еркін көше алады.
2 016 жылдың 25 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті алтыншы шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында: «Біз ЭЫДҰ-мен интеграцияланудамыз, бұл ретте біз дәйекті болуға тиіспіз. Барлық дамыған елдердің мектептерінде бес күндік оқыту аптасы қалыптасқан. Балаға қалпына келуге, педагогқа демалып, сабаққа дайындалуға мүмкіндік беріледі. Кейбір елдерде тіпті төрт күндік оқыту аптасы да бар. Мұндай форматқа көшу – бүгінде дамыған елдердің жалпыәлемдік үрдісі (тренді). Ғалымдар қазірдің өзінде оқыту аптасының ұзақтығын қысқарту оқытудың нәтижелілігін арттыратынын ғылыми тұрғыдан дәлелдеген. Бізге де осы тәжірибені енгізу керек. Білім және ғылым министрлігі бұл үдерісті тым болмаса бастауыш мектептерден бастауы керек»,- деп атап өтті.
Республика мектептерінде бескүндік оқытуға көшу жұмысы жаңартылған білім мазмұнына көшумен бір мезгілде басталды. 2016-2017 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына бірінші сыныптар, 2017-2018 оқу жылында 2, 5, 7- сыныптар көшкен болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет