Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«Kүнделік» электронды мектеп журналдары жүйесі туралы



бет25/193
Дата24.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#133233
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   193
Байланысты:
Нұсқау хат 2018-2019 оқу жылы
!16 ОШ БЖБ Әдебиет 7-сын қаз, !25-БЖБ Жаратылыстану 6-сын қаз
«Kүнделік» электронды мектеп журналдары жүйесі туралы

Қазіргі уақытта «Kүнделік» электронды мектеп журналдары жүйесін Қазақстанның 5400-ден астам мектебі қолданады. Жоба 14 облыс, сондай-ақ Астана, Алматы Шымкент қалалары аумағында жұмыс істейді.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі Министрлік) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жеке серіктестік туралы» Заңына сәйкес, «Күнделік» (Kundelik) ЖШС компаниясы атынан жеке серіктеспен «Қазақстан Республикасындағы «Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру, енгізу және қызмет етуін қамтамасыз ету» республикалық жобасы бойынша мемлекеттік-жеке серіктестік туралы шарт жасасты.
Kundelik.kz – білім саласындағы электронды құжат айналымының мүмкіндіктерін білім беру жүйесінің барлық қатысушылары арасындағы әлеуметтік желілік өзара қарым-қатынастың құралымен біріктіретін интернет-портал. Kundelik.kz автоматтандырылған жүйесі Learning Management Systems деп аталатын үздік халықаралық тәжірибелер мен стандарттарға негізделеді.
Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасының барлық білім беру процесіне қатысушылардың электронды білім беру технологияларына тең дәрежеде қолжетімділігін қамтамасыз ету, бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін білім сапасын жоғарылату, сондай-ақ, функцияларды, оқу-тәрбие процестері мен жалпы білім беру ұйымдарының бақарушылық қызметтері орта білім беру басқармалары органдарын автоматтандыру есебімен, Қазақстан Республикасының жалпы білім ұйымдары білім алушыларының білім алудағы жетістіктері есебінің жүйесін жүзеге асыру болып табылады.
Шарт бойынша жобаны мемлекеттік серіктес тарапынан қаржыландыру қарастырылмаған.
«Күнделік» журналын қолдануға байланысты көптеген сұрақтар туындауда, сондықтан Әдістемелік нұсқау хат аясында ең қажетті ақпараттар ұсынылды.
«Kүнделік» журналы тегін болып табылады. Kundelik.kz сайтын қолданғаны үшін абоненттік төлем алынған емес және алынбайды. Ата-аналарға Kundelik.kz сайтында өзінің логині мен құпия сөзі арқылы «Балалар» - «Күнделік» бөліміндегі өз баласының электронды күнделігіне кіріп, бағалары мен үй тапсырмаларын білуге үнемі тегін мүмкіндік беріледі. Сайтты пайдаланғаны үшін мектептен де ешқандай төлем алынбайды.
Болашақта ақылы қосымша міндетті емес қызметтер пайда болады деп болжануда. Бұл мысалы, білім беру қосымшалары және контент болуы мүмкін. «Оқушы рейтингі» осындай міндетті емес қызмет үлгісі болып табылады. Әр ата-ана оған өз қалауымен қосылуға құқылы, ол ата-анаға нақты пән бойынша өз баласының үлгерім деңгейін сыныптың басқа да білім алушыларының үлгерімімен салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл опцияның баланың бағасын электронды күнделік түрінде үнемі тегін кез келген уақытта қолжетімді түрде көрсетуге еш қатысы жоқ.
Тұтынушы мәліметтерін қорғауға қатысты. Kundelik.kz сайты және тұтынушылардың барлық мәліметтері «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» ММ бекітілген және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік ақпараттық жүйелер операторына тиесілі ақпараттық-есептеу ресурстарында, яғни Қазақстан Республикасының аумағында жабық қорғалған мерзім орталығында орналастырылады. Тұтынушылар мәліметтері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тікелей жүргізуінде болады. Kundelik.kz жүйесіне кіру жабық болғандықтан, ешбір деректер қолжетімді емес. Kүнделік.kz ішінде әлеуметтік желі бар. Бұл байланыстың заманауи құралы, соның арқасында тұтынушылар жүйе ішінде бір бірімен қарым-қатынас жасай алады. Бұл әлеуметтік желіде басқа әлеуметтік желілер сияқты анонимді тұлғалар өз бетімен тіркеле алмайды. Әр тұтынушыны мектеп тіркейді. Сондықтан, Күнделік желісіне балаларға қауіп төндіретін анонимді тұлғалар кіре алмайды, ондай тұтынушы бірден анықталып, бұғатталады және оған Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.
Сонымен қатар, әр тұтынушы өз профилін өзінің деректері ешкімге көрінбейтіндей күйге келтіруді таңдай алады. Бұл Kundelik.kz-ті жасөспірімдердің қарым-қатынасы үшін біршама қауіпсіз білім беру ортасына айналдырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет