Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Тіркеу барысында ЖСН қолдануға байланысты бірқатар сұрақтар туындады



бет26/193
Дата24.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#133233
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   193
Байланысты:
Нұсқау хат 2018-2019 оқу жылы

Тіркеу барысында ЖСН қолдануға байланысты бірқатар сұрақтар туындады. Тұтынушының ЖСН-і тіркеу үшін негізгі өріс болып табылмайды. Ата-аналарға тіркелу үшін тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін және жынысын хабарлауы қажет болады. Басқа деректер міндетті емес және тіркелу үшін талап етілмейді. Ата-аналардың тіркелуі өз қалауы бойынша іске асады, себебі, үлгерім туралы ақпаратпен қатар, ата-ана, мұғалімдер және мектеп әкімшілігінен жеке хабарлама да ала алады. Сөйтіп, ата-аналар мен педагогтер арасында тікелей онлайн қарым-қатынас орнайды. Сонымен қатар, болашақта ата-аналарға арналған, мысалы, Ата-аналар кеңесі және т.б. ақпараттық бөлімдер пайда болады.
Электронды журналмен қатар қағаз нұсқада есеп беруді қолдануға қатысты. Мектеп әкімшілігінің мұғалімдерден электронды және қағаз журналды қатар жүргізуін талап етуіне сәйкес қандай да бір нормативтік құжаттар жоқ. Мұғалімдердің қалауымен бір электронды журналды немесе электронды және қағаз журналдарды қатар жүргізуге рұқсат беріледі.
Kundelik.kz жүйесінде жыл басында бір-ақ рет таңдап алынатын журналдың екі түрі бар, олар – жаңартылған мазмұнға кірген 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8- сыныптарға арналған «Критериалды бағалау журналы» және сыныптың қандай бағалау жүйесімен оқытылатындығына байланысты 4, 9, 10, 11-сыныптарға арналған «Классикалық журнал».
Жиынтық бағалау журналында оқу бағдарламасы бөлімдері үшін жиынтық бағалаудың ең жоғарғы санын қою және ең жоғағы балл көрсетілген баған қарастырылған.
Егер оқу бағдарламасының бөлімдері аз болса (мысалы, 2 бірлік), онда 2 артық жиынтық жұмыстарының ең жоғарғы балдарын көрсету қажет емес.
Жиынтық бағалау журналына:

  • бөлім бойынша әр жиынтық жұмысының (БЖБ) балы – жиналған балдардың сомасы мен оқу жетістіктерінің тиісті деңгейі;

  • оқу кезеңінің жиынтық жұмыстары (ТЖБ)бойынша балл – ерекшеліктерге сәйкес жиналған балдардың сомасы;

  • оқу кезеңі бойынша бағалау - оқу кезеңінің ішінде барлық жиынтық жұмыстарға белгілі бір пайыздық арақатынасының бал сомасы. Оқу кезеңінің ішінде білім алушы ең жоғарғы БЖБ% + ТЖБ% = 100% ала алады: БЖБ % 50% - ға теңестіріледі, сәйкесінше, ТЖБ% да 50% -ға теңестіріледі;

  • жылдық бағалау – шкалаға сәйкес барлық оқу кезеңі бойынша ықтимал ең жоғарғы балға жиналған соманың пайыздық арақатынасы.

Пайыздарды шығару үшін балды енгізген кезде браузер парақшасын жаңарту керек: парақшада «Ctrl+F5» пернесінің комбинациясын басу керек.
Егер балды түзету немесе жою қажет болса, онда курсорды қажетті балға қойып, түзету немесе жою, содан кейін пернетақтадағы «Enter»-ді басу керек. Егер қателесіп басқа бөлім толтырылатын болса, онда алдымен балдарды жойып, содан кейін ғана ең жоғарғы балды жоюға тура келеді.
Жиынтық бағалауды қою үшін алдымен «Ең жоғарғы балды», содан кейін БЖБ-лар мен ТЖБ-ларды қою керек. 1-сыныптарда БЖБ-лар мен ТЖБ-ларды тек 3-4- тоқсандарда қою қажет. Егер 1, 2-тоқсандарда БЖБ-лар мен ТЖБ-лар не болмаса «Ең жоғарғы балдар» көрсетілген болса, онда жылдық бағалау қалыптаспайды.
«Ең жоғарғы балды» өзгерту үшін, ең алдымен, осы ең жоғарғы бал оқулықтарының барлық БЖБ-ларын жою қажет. Осыдан кейін ғана ең жоғарғы балды түзетуге болады.
Түсіндіру жұмыстары мақсатында мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылар тарапынан жиі қойылатын сұрақтар сараланды.
Қалай тіркелуге болады? Жүйеге қалай кіруге болады?
Оқушылар мен ата-аналарға тіркелуге арналған логин және құпия сөз алу үшін мектептегі мәліметтерді Жүйеге енгізуге жауапты тұлға, яғни әкімші болып табылатын қызметкерге хабарласу қажет. Егер әкімші туралы ақпарат болмаған жағдайда мәліметтерді алу үшін сынып жетекшісіне хабарласуға болады.
Не үшін профильді баптауда өз тегі, аты-жөнін өзгертуге болмайды және қажет болған жағдайда оларды қалай өзгертуге болады?
Тұтынушылардың тегі, аты-жөнін, туған күнін және жынысын редакциялау құқығының болмауы жоғары тұрған инстанцияға ұсыну үшін «Kundelik.kz» ААЖ көмегімен білім алушылар, ата-аналар және қызметкерлер туралы деректерді автоматты түрде жинауға негізделген. Білім беру саласындағы электронды құжат айналымының мәні осында. Берілген ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету үшін жеке мәліметтерді редакциялауға тек келесі мектеп қызметкерлерінің ғана құқықтары бар:

  • әкімші;

  • сынып жетекшісі.

Бағаларды, үй тапсырмасын және сабақ кестесін қалай көруге болады?
Білім алушы оқу ақпараттарына өту үшін экранның жоғарғы жағындағы навигациялық жолақтан «Білім беру» - «Күнделік» бөлімін таңдауы қажет. Ата-аналар үшін сол навигациялық жолақта «Балалар» бөлімі бар. Берілген сілтемені басқанда ол барлық мәліметтер жиналған бетке түседі. «Күнделік» сілтемесі бойынша: күнделік (ағымдағы аптаның әдеттегі қалпы бойынша сабақ, баға және үй тапсырмасы жөніндегі ақпараттар); сабақта оқытылған және үйге берілген тапсырма.
«Мұғалім жазбалары» бағаны жекелеген білім алушылардың мінез-құлықтары мен олардың жетістіктері немесе оқу барысында артта қалуы туралы ескертпелер жазу мақсатына қызмет етеді.
Білім алушылардың бөлімдер/ортақ тақырыптардың жиынтық бағалау қорытындылары бойынша балдары аталған жұмыс өткізілгеннен кейін екі күнтізбелік күн ішінде журнал бағанына қойылады.
Үй тапсырмасына «Үй тапсырмасы» бөлімінде қолжетімді, ал қоңырау және сабақ кестесін «Сабақ кестесі» бөлімінен табуға болады.
Жүйеге мұғалімдердің, білім алушылардың және олардың ата-аналарының деректерін қалай жаппай енгізуге болады?
Мектеп профилін толтыру кезінде қызметкерлер уақытын үнемдеу үшін жүйеде мұғалімдердің, білім алушылардың және олардың ата-аналарының деректерін импорттауға болады.
Бағалардың жиі сақталмай жоғалып кетуіне байланысты мұғалімге бағаны қайта қоюына тура келеді.
Журналдағы бағаның жоғалып кетуінің бірнеше себептері бар:
* журналда әкімші, пән мұғалімі, мұғалім-редактор немесе сынып жетекшісінің бағаны әдейі немесе кездейсоқ нүктелі жоюы себеп болды;
* әкімшінің әдейі немесе кездейсоқ кестені жоюы себеп болды;
* бағаларды қоюда Internet Explorer браузері қолданылды (қолданылмайтын нұсқа).
* бағалау жүйесі күшпен өзгертілді.
Айына бір рет журналдың резервтік көшірмесін түсіру ұсынылады, сондай-ақ осыған ұқсас жағдайларды болдырмау мақсатында үштен артық қызметкердің әкімшілік құқығын көрсетпеу ұсынылатындығын еске саламыз.
КТЖ өзгерісіндегі проблемалар. Өзгерістер енгізу үшін (сабақты, тақырыпты ауыстыру) басылымдардан барлық КТЖ-ны алып тастап, барлығын қайта қолмен толтыру керек болады, себебі жыл бойына қойылған тақырыптар өшіп қаладыжәне сақталмайды.
Сіз КТЖ-ны түзеткеннен кейін, оны жариялап, «Кесте бойынша бөлу» ұсынылады, сонда ғана тақырыптар сабақтар бойынша автоматты түрде бөлінеді. Әр сабақ өз орнына келеді. КТЖ-да көрсетілген сағаттар санының кестеде көрсетілген сағаттардың санымен сәйкес келуі маңызды. Сәйкес келмеген жағдайда сабақтардың тақырыптары «жылжып» қажетті күнмен сәйкес келмей қалуы мүмкін.
Кесте генераторы бойынша сұрақтар.
Кестені түзету және топтарды қосқан кезде, сабақта нақты қандай шағын топтар қатысатындығын тексеру қажет. Егер, қателесіп басқа топты таңдаса, онда қойылған бағалар жоғалып кетеді.
Кестені ауыстыру немесе жаппай жариялау қажет емес. Егер бір пән бойынша ғана туындайтын болса, деректерді өзгерту қажет. Алдымен, енгізілген қатені анықтау керек. Егер кабинет, сабақтың нөмірі немесе мұғалім дұрыс көрсетілмесе, онда бағалар жоғалмайды. Егер қателік кіші топтың өзінде, болмаса пәнде болса, онда бағаларды көшіріп, экспорттап, содан кейін өзгерту керек.
Жүйеде жұмыс істеу үшін қандай браузерді пайдалану қажет? Арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату қажет пе?
Жоқ, Жүйеге кіру және жұмыс істеу қарапайым браузермен іске асады. Тұтынушыларға қолдау көрсету порталындағы «Ұсынылатын браузерлер» мақаласында: жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне кепілдік беретін және қолдайтын браузерлер тізбесі бар.
Жеке меншік білім беру ұйымдары да «Күнделік» электронды журналына қосыла алады. Ол үшін https://kundelik.kz/ сайтында қосылуға өтінім бере алады («Қосылу БҰ» командасы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет