Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«Өлкетану» оқу курсы туралы



бет28/193
Дата24.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#133233
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   193
Байланысты:
Нұсқау хат 2018-2019 оқу жылы

«Өлкетану» оқу курсы туралы

2018-2019 оқу жылынан бастап қоғамдық танымды жаңғыртуды жүзеге асыру аясында мектеп бағдарламасына жалпы білім беретін «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» (қазақ тілінде оқытпайтын мектептер үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті»), «География», «Музыка» жалпы білім беретін оқу пәндерін толықтыратын және туған өлкенің тарихын, табиғатын, мәдениетін зерттеуге ықпал ететін кіріктірілген «Өлкетану» оқу курсы енгізіледі.


Курс мақсаты туған өлкенің қалыптасуы мен дамуы кешенінде сипатталатын географиялық, тарихи, мәдени, табиғат және басқа да факторлар; туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімін, патриотизмді, қоршаған табиғатқа ұқыппен қарауды тәрбиелеу туралы білімді қалыптастыру болып табылады.
Курс міндетіне:
– Қазақстан тарихы, география, қазақ әдебиеті және музыка бойынша сабақтарда алған білімдері мен дағдыларын кеңейту, тереңдету;
– ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін туған өлке аумағындағы тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру;
– туған өлкенің табиғат байлықтары, тарихи ескерткіштер мен мәдениет объектілері туралы білімді кеңейту;
– өңірдің мақтанышы болып табылатын өлкенің мәдени және әдеби мұралары мен адамдары, дәстүрлі қолөнер кәсіптері туралы білім көкжиегін кеңейту;
– туған өлкенің табиғаты, тарихы мен мәдениетінің бірегейлігіне деген құрмет сезімін; оны сақтауға деген жауапкершілікке тәрбиелеу кіреді.

«Өлкетану» курсы оқу жүктемесінің көлемі:


1) 5-сыныпта – оқу жылында 5 сағатты;
2) 6-сыныпта – оқу жылында 7 сағаттты;
3) 7-сыныпта – оқу жылында 8 сағатты, барлығы – 20 сағатты құрайды.
«Өлкетану» кіріктірілген курсының материалы 5-7-сыныптарда «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» (қазақ тілінде оқытпайтын мектептер үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті»), «География», «Музыка» оқу пәндерінің аясында оқытылады.
«Өлкетану» курсы оқу жүктемесінің көлемі сыныптар мен пәндер бойынша төмендегідей бөлінеді:
5-сыныпта – «Қазақстан тарихы» пәні аясында 4 сағат, «Музыка» пәні аясында 1 сағат;
6-сыныпта «Қазақстан тарихы» курсына 4 сағат, «Қазақ әдебиеті» (қазақ тілінде оқытпайтын мектептер үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті») пәні бойынша 2 сағат, «Музыка» пәнінің мазмұны арқылы 1 сағат.
7-сыныпта «Қазақстан тарихына» (тағы 4 сағат), «Қазақ әдебиеті» (қазақ тілінде оқытпайтын мектептер үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті») (2 сағат), «География» пәні аясыда 2 сағат қосылады.
Бағдарлама Қазақстан тарихы, география, әдебиет және музыка пәндерінің бағдарламасы мазмұнын қайталамайды. Тақырыптар мүлде басқаша. Мысалға, «Туған өлкенің аңыз-ертегілері», «Топонимдер – өткен заманнын куәгерлері (өлке тарихы атауларында)», «Бір ел – бір тағдыр (менің өлкемнің халықтары)», өлкетану мұражайына баруды қажет ететін «Жәдігерлер сыр шертеді», «Туған өлке симфониясы», «Туған өлке тарихының тірі куәгерлері», «Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада».
Мектеп оқушылары іс-әрекетінің түрлері де дәстүрлі қалыптан өзгеше болады. Мысалға, өз өлкесінің Визит карточкасын жасау, туристік маршруттар дайындау. Ұжыммен бірге «Менің туған өлкемнің 30 әні мен әуені» аудиокаталогын, «Менің туған өлкем» электронды энциклопедиясын жасайды.
Бірыңғай оқулық-хрестоматия болмайды. Әрбір өңір үшін өз оқулығы болады. Әр өңірде оқулық-хрестоматияға не кіретінін анықтайтын шығармашылық топ құрылған. Қазіргі уақытта 16 оқулық бар. Жұмысқа оқу процесіне жұмыс жасайтын барлық баспалар шақырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет