Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны жағдайларында педагогикалық процесті ұйымдастыру Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны:
ұқсас тақырыптар негізінде құрастырылған перспективалық жоспар;
апталық циклограмма;
балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін бақылау үшін индикаторлар жүйесін енгізу арқылы іске асырылады.
Табысты жоспарлаудың шартары:
жоспарлау кезінде өз жұмысының деңгейін әділ бағалау;
жоспарланған кезеңнің соңында қол жеткізілуі тиіс жұмыс нәтижесінінің нақты көрсетілуі;
алға қойылған мақсатқа жетуге көмектесетін тиімді әдістер мен құралдарды таңдау.
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру қызметін тиімді ұйымдастыру үшін АКТ-ны қолдану арқылы көрнекілік, сөздік, практикалық дәстүрлі әдістер мен тәсілдер кеңінен қолданылады.
Ұқсас тақырыптар негізінде оқу жылына перспективалық жоспар құрастырылады. Ұқсас тақырыптардың үлгілері 2017-2018 оқу жылындағы әдістемелік нұсқау хатта жарияланған. Перспективалық жоспарды құрастыруда Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негіз болып табылады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыру балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, оларды жан-жақты дамытуға, әлеуметтік дағдылары мен өзін-өзі үйрету дағдыларын дамытуға бағытталған («Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет») білім беру салалары мазмұнын кіріктіру қамтамасыз етеді.
Перспективалық жоспарды құрастыруда кіріктіру ұқсас тақырыптарға сәйкес білім беру салалары міндеттерін біріктіру әдісі арқылы жүзеге асырылады.
Педагог ұқсас тақырыптарды таңдау барысында аймақтық ерекшеліктерді, балалардың жастарын, мектепке дейінгі ұйымның тақырыптық бағытын немесе тәрбиешінің, педагог-маманның жұмыс тақырыбын ескере отырып, шығармашылық құзыреттілік танытуы тиіс.
Перспективалық жоспарға сәйкес әр аптаға Циклограмма құрылады, олар:
(«Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет») білім беру салалары мазмұнын кіріктіру;
балаларды жан-жақты дамытуға, әлеуметтік дағдылары мен өздігінен үйрену дағдыларын дамытуға бағыттау;
өз бетінше шешімдер қабылдау үшін жағдайлар жасау негізінде іске асырылады.
Циклограмманы құрастыруда білім беру міндеттерін анықтау тәсілдері өзертілуі тиіс. Педагогтерге «балаларды үйрету» емес, «өзбетінше шешімдер қабылдау үшін жағдайлар жасау» арқылы балаларға ойлануға, зерттеуге, белгілерді санауға және оларда бағдарлай білуге мүмкіндік беру ұсынылады.
Ағылшын тілі мамандары үшін ұқсас тақырыптардың саны өзгертілуі мүмкін, бірақ 9 тақырыптан кем болмауы тиіс. Бұл шетел тілін оқыту ерекшелігіне: жаңа лексикалық бірліктер мен шетел тілінің сөйлеу моделдерін енгізуге және бекітуге байланысты.
Циклограммада әрбір күн тәртібі сәтінің ұзақтығы «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидалары талаптарына сәйкес балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп, анықталады.
Циклограмманы құрастыруда :
саусақ, артикуляциялық және гимнастиканың басқа түрлеріне картотекалар қолдану ұсынылады.
Картотеканы педагогтер, мамандар құрастырады, ол циклограмманың қосымшасы болып табылады.
Білім беру поцесін қамтамасыз ету «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендерінің, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесін» бекіту туралы ҚР БҒМ бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. 2018-2019 оқу жылына жасалған аталып отырған құжат мектепке дейінгі ұйымдарға арналған 900 аса оқу әдебиеттері атауларын қамтиды. Бұл тізбеде көрсетілмеген оқу әдебиеті білім беру ұйымының білім беру процесінде қолданылмауы тиіс. Циклограмманың құрастырылуын бақылауды әдіскер төмендегі белгіге сәйкес жүзеге асырады: Тексеру күні. Жазу: «Жоспар тексерілді, кеңес берілді, ұсынылды: 1…., 2….., 3…..және т.б.».