Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


-сыныптардың білім алушылары 2012 жылғы МЖМБС бойынша оқуды жалғастырады



бет34/193
Дата24.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#133233
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   193
Байланысты:
Нұсқау хат 2018-2019 оқу жылы
!16 ОШ БЖБ Әдебиет 7-сын қаз, !25-БЖБ Жаратылыстану 6-сын қаз
4-сыныптардың білім алушылары 2012 жылғы МЖМБС бойынша оқуды жалғастырады.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің негізгі міндеті – оқу, шығармашылық, көркемдік, еңбек, спорттық іс-әрекеттерде дербестікті қалыптастыру, алдына мақсат қойған, еңбексүйгіш, салауатты өмір сүруге ұмтылатын, өз жұмысын жоспарлай алатын және өздігінен білім ала алатын, негізгі мектепте оқуға (білім алуға) дайын білім алушы тәрбиелеу.


4-сынып оқушылары бастауыш сыныпты аяқтаған соң, 5-сыныпта жаңартылған бағдарлама бойынша оқитын болады, әсіресе функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет, өйткені білім алушыларды оқытуда білім беру процесіне: дәлелдер келтіру, жалпы сыныптық, топтық, жұптық жұмыстарды ұйымдастыру, диалог әдісі, бір сабақ аясында әртүрлі тапсырмаларды қолдану, эссе жазуға үйрету сияқтыоқытудың белсенді түрлерін енгізуге ерекше назар аудару қажет. Жаңартылған білім мазмұнына көшуге дайындық және сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында мұғалімге критериалды бағалаудың элементтерін қолдануға болады.
Білім алушының сабақтағы іс-әрекеті мұғалімнің іс-әрекетінен басым болуын қамтамасыз ету өте маңызды. Бұл міндетті шешуде оқуға ынтасы жоғары және оқуда қиындықтары бар білім алушылар үшін сабаққа арналған тапсырмаларды дайындауда оқытудың қосымша ресурстарын қолдану, оқыту түрлерінің көптүрлілігі, бақылау және өзіндік бақылау жұмыстарының түрлері көмектеседі. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын қолдану әр оқушының жұмыс жасауына және сол арқылы оқытудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Білім алушылар негізгі оқу материалын сабақта меңгерулері тиіс екеніне назар аудару қажет.
Үй тапсырмасының негізгі қызметі – білім мен білікті бекіту. Оқу сабақтарында меңгерілген материал ғана үй тапсырмасына ұсынылады. Білім алушылардың шамадан тыс жүктемесінің алдын алу мақсатында мұғалімүй тапсырмасының мөлшерін, сабақта мазмұнды, оны орындау тәртібі мен тәсілдерін түсіндіруді қадағалауы керек. Жоғары деңгей тапсырмалары білім алушыларға олардың қалауы бойынша өз бетінше орындауға ұсынылуы мүмкін.
Бастауыш білім берудің мазмұны жеті білім саласын қамтиды: «Тіл жәнеәдебиет», «Математика», «Жаратылыстану», «Адам жәнеқоғам», «Өнер», «Технология», «Денешынықтыру».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет