Критериалды бағалау құралдары
1. Мұғалімнің ауызша бағалауы: ол белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуді көтермелеумен байланысты болуы керек. Сөздік бағалауда баланың бүгінгі жетістіктерін, оның кешегі болған жетістіктерімен салыстыру қажет. Келеңсіз бағалау оқушының ықылас-ыждаһатына, жауапкершілігіне, табандылығына ғана қатысты болуы мүмкін. Мұғалімге сөздік бағалау қорын толықтыру қажет, классикалық «жарайсың!», «жақсы», «ақылды-сың» деген пайымдаумен тоқтап қалмау керек.
Бұл ретте білім алушының оқу жетістігіне қарап, эмоционалдық қатынасты, оқушының табыстары бойынша қобалжуы-алаңдауын көрсетуі қажет.
«Бүгін сенде кешегіге қарағанда, өте жақсы шықты», «сенің бұл алгоритмді түсінгеніңе қуаныштымын», «Сенің пікірің қызықты» (болжам, жорамал), "Қандай керемет идея, оқулық авторы бұл туралы ойлаған да емес», «Есептеу өте қиын болды, бірақ сен алғашқы екі іс-әрекеттерді орындап шықтың», «Сен тапсырмалардың жартысын дұрыс орындадың, келесі жолы барлығын өзің жасай аласың», «Сен өте тырыстың және сенде барлығы міндетті түрде орындалады, осылай жалғастыра бер».
Барлығының көзінше мадақтау маңызды: («Балалар, қараңыздаршы, бүгін Арман қалай жұмыс істеді! Онда бәрі де жақсы шықты!». Бұл ретте, басқалардың мұны әлдеқашан істей алатыны маңызды емес).
Мұғалім білім алушылардың іс-әрекеттерін мақұлдау кезінде, келесі қағидаларды басшылыққа алуы мүмкін:
- тіпті болмашы нәтижеге қол жеткізгеннен кейін, білім алушыны бірден мақтаңыз;
- білім алушынының жеке қасиеттерін емес, оның оқу жетістіктерін мақтаңыз;
- оның қол жеткізген нәтижесіне риза екеніңізді, сізге оның жетістігі жағымды екенін айтыңыз.
Баланы шын мәнінде не үшін мақтауға болатынын атап өту маңызды, содан кейін жаңа міндет қоюға болады.
Мұғалім білім алушының кемшіліктерін оң мақсаттарға қайта пайымдауды үйренуі керек.
Білім алушы коррекциялық міндетті өзі құрастырғаны жақсы.
Мұғалім сыныптағы барлық білім алушыға өзара әрекеттестік-тің, конструктивті/сындарлы қарым-қатынастың және оң/жағымды бағалаудың үлгісін көрсетуі керек.
Жазбаша түсініктеме - кері байланыс, рубрика білім алушының белгілі бір кезеңдегі жетістіктерінің нәтижелеріне сипаттама болып табылады. Мұғалім онда білім алушының табыстарын сипаттайды, қажетті ұсыныстар береді. Мұғалім оған 2-3 сөйлем қоса алады.
Мысалы, әліппелік /букварный/ кезең бойынша оқу жетістіктерін бағалау үшін тиісті бағдарламаларда баяндалған, білімдерге, біліктерге қойылатын талаптарды басшылыққа алуға болады. Бұл ретте кейбір критерийлер міндетті емес болуы мүмкін, өйткені алда әлі тұтас бір тоқсан тұр және білім алушылар бірқатар біліктіліктерді табысты игеру үшін мүмкіндіктері бар.
3-кесте – Критерийлер тізбесі
Критерийлер
|
Тапсырма үлгісі/ мысалы
|
Баға
|
Жиынтық баға
|
Сөз құрайтын дыбыстарды атай білуі
|
|
|
|
Дыбыстар мен әріптерді айыра білуі
|
|
|
Дауыссыз дыбыстарды белгілейтін әріптерден кейін тұратын дауысты дыбыстың рөлін анықтай білу
|
|
|
Дауыссыз дыбыстың жұмсақтығын жазуда белгілей білу
|
|
|
|
Жатық/бірқалыпты, буынға бөліп оқу мен оқи білуі
|
|
|
|
Балл.
Балмен бағалау бірден енгізілмейді.
Ол дәстүрлі баға белгілеріне байланып қалмаған.
Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқу мақсаттарындағы жетістіктерін мониторингілеу үшін және орындалған үй жұмысының қорытындысын және педагогтің жазбаша түрдегі (көбінесе білім алушылар дәптерлерінде немесе жетекшілердің) немесе ауызша ұсыныстарын қоса алғанда, сабақта сараланған жұмысты одан әрі тізіп қоюды /сапқа тұрғызуды мониторингілеу үшін жүргізіледі. (№47 бұйрық)
Бағалау – бұл үздіксіз процесс. Оған мұғалім, білім алушылар, ата-аналар, әкімшілік /мектеп әкімшілігі/ қатысуы қажет.
Қалыптастырушы бағалау түрінің ажырамас бөлігі бақылау және құжаттама болып табылады. Бақылаудың формальды және формальды емес түрлері бар. Бейресми бақылау барлық уақытта сабақтарда арнайы фокуссыз-ақ жүреді. Формалды бақылау – мұғалім өзіне қадағаланатын сол немесе өзге де дағдылар қаншалықты дамығанын көру мақсатын қояды.
Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқу үдерісінде білімді меңгеру және дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау қызметін атқарады, білім беру процесін түзетуге мүмкіндік береді, мұғалім кері байланысты жүзеге асыру үшін жүргізеді. Кері байланыстың формаларын, түрлерін мұғалім өзінің жинақталған тәжірибесін пайдалана отырып, өз қалауы бойынша таңдайды. Бұл ретте кері байланысты ұсынудың оң және дұрыс/сыпайы сипатына назар аударған жөн.
Қалыптастырушы бағалау жүргізу алдында білім алушыларды оқу мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру маңызды. Білім алушыларға тапсырманы орындау кезінде не нәрсеге назар аудару қажеттігі түсінікті болу үшін бағалау критерийлерінің маңызын түсіндіру керек.
Оқыту процесінде тиімді сынып пікірталасын қалыптастыру және білім алушылардың қойылған мақсаттарды түсінуінің куәсі ретінде қызмет ететін басқа да оқу міндеттерін қою маңызды. Мұғалімнің үнемі кері байланыс беруі білім алушыларды алға жылжуға, жақсы/үздік нәтижелерге қол жеткізуге ынталандырады.
Ойлау дағдыларының деңгейін нақты бағалай білу критериалды бағалаудың маңызды аспектісі болып табылады. 2-кестеде оқу бағдарламасына енгізілген ойлау дағдыларының деңгейлері, сондай-ақ қалыптастырушы және жиынтық бағалау кезінде бағалану қажет даму немесе қалыптасқандығы дәрежесі ұсынылған.
4-кесте - Блум таксономиясы бойынша ойлау қызметінің деңгейлері
Дағдылар
|
Сипаттама
|
Білу
|
Нақты дәлелдерді, ақпараттарды және олардың сипаттамаларын білу және еске түсіру /қайта жаңғырту /қалпына келтіру.
|
Түсіну
|
Дұрыс есінде жаңғырту арқылы түсінуін, болжамы немесе ақпаратты интерпретациялауды көрсету
|
Қолдану
|
Ақпаратты және бұрын алынған білімді жаңа немесе таныс емес жағдаятта немесе контексте қолдану және пайдалану
|
Талдау
Сыни ойлау
|
Ақпараттық материалды құрамдас бөліктерге бөлу қабілетін көрсету, себептерді немесе мотивтерді, ой-тұжырымдарды анықтау жолымен әртүрлі қорытынды алу/жасау үшін ақпаратты зерттеу, және/немесе жалпы ереже-қағидаларды негіздеу үшін дәлелдеме табу.
Ақпараттың нақтылығы және маңыздылығы туралы пайымдауды түрлі көзқараста қарастыра отырып, қалыптастыру
|
Синтез
|
Жаңа контексте бұрын алынған білімнің әртүрлі бөліктерін қайта құру қабілетін көрсету
|
Бағалау
|
Белгілі бір критерийлер бойынша идеялар немесе фактілердің маңыздылығы туралы ой-пікір қалыптастыру
|
Білім алушылардың дайындық деңгейі әрбір білім беру ерекшелігін ескере отырып жобаланған, күтілетін оқыту нәтижелері арқылы анықталады.
Төменде ойлау дағдыларының барлық деңгейлерін дамыту бойынша күтілетін нәтижелерді анықтау үшін пайдаланылатын етістіктер кестесі берілген (4-кесте).
5-кесте – Блум бойынша ойлау дағдыларының деңгейі таксономиясы
Достарыңызбен бөлісу: |