«Өзін-өзі тану» Өзін-өзі тану пәнін оқыту бойынша бағдарлама 9-сыныпта аптасына 1 сағаттан оқу жылында 34 сағаттық оқу жүктемесі көлемінде жүзеге асырылады.
Негізгі білім беру деңгейіндегі пәннің мазмұндық логикалық құрылымын сақтай отырып, олардың бұрын меңгерген жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімдерін жинақтап, қорытындылау мақсатында 9 - сыныптағыбілім мазмұны мына бағытта беріледі:
«Адам және өмір»;
«Адам болам десеңіз...»;
«Адам және мәдениеттілік»;
«Адам әлем аясында».
Оқушылардың білімін бағалау. Оқушылардың білім сапасын бағалау жалпы білім беретін мектептің «Өзін-өзі тану» пәні бойынша 1-11-сыныптарға арналған оқу бағдарламаларындағы 9-сынып бағдарламасында белгіленген «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне) қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындысында «сынақ» деген баға қойылады.
Оқушы 9-сынып бағдарламасындағы «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың» жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады.