Шетел тілі Жалпы орта білім беру деңгейіндегі «Шетел тілі» оқу пәні шетел тілінигеру деңгейінің жалпыеуропалық жүйесіне сәйкес келеді:
10-сынып – В1 («Қалыптасқан игерім 1»);
11-сынып – В1+ (В2) («Қалыптасқан игерім 1.2»).
Шетел тілін оқыту тәрбиелеу құралы ретінде, танымдық және басқа ұлттар мәдениетімен және оны тасымалдаушылармен өзара әрекет ету құралы ретінде болашақта бәсекеге қабілетті маман даярлау үшін оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, болашақта шетел тілін меңгеру дағдысының артуын ілгерілетуге бағытталған. Функционалды сауаттылықты дамыту нәтижесінің бірі - шетел тіліндегі жазбаша, ауызша өнімді коммуникацияға қабілеттілік болып табылады.
Орта мектептің жоғары сынып білім алушыларына шетел тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері осылайша туындаған.
10-11-сыныптарда шетел тілін оқытудың басты мақсаты - мәдени сұхбат жасауда білім алушылардың шетел тілін қарым-қатынас құралы ретінде қолдану қабілетін дамытуда, әсіресе, мектептің білім беру саласындағы мәдениетаралық қарым-қатынасқа дайындауда, жастар туризмі, білім саласында өзіндік білімін көтеруде, Қазақстан Республикасында тұратын басқа ұлт өкілдерінің мәдениетімен, тұрмыс-тіршіліктерінің ерекшелігімен танысуда, Қазақстанның әлемдік мәдениетке қосқан үлесімен танысуда қарым-қатынас құралы ретінде шетел тілін пайдалану мүмкіндігін дамытудан тұрады.
Шетел тілін меңгеру заманауи коммуникативтік әдістер көмегімен оқушылардың интерактивті дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау және басқалармен қарым-қатынас жасау негізінде жақсы өткізуші болуын дамыту. шетел тілін білетін жақсы коммуникативті дағдылары бар оқушылар Қазақстан елінің дамуына өз үлестерін қосады.
Қазіргі әлемдегі жаппай жаһандық коммуникация бойынша шетел тілінде қарым-қатынас жасай білу біліктілігінің шешуші маңызы бар. Білім алушылар шетел тілінде оқи білулері, жаза алулары және шетел тілінде өзінің қатарластарымен және мұғалімдерімен түсінісіп, жоғары деңгейде қарым- қатынас жасай алулары керек. Шетел тілі коммуникация, ғылым, бизнес, бос уақыт, саяхат және спорт саласында жиі қолданылады. Білім алушының шет тілі бойынша меңгерген жақсы білімі өзінің білімдік, экономикалық, әлеуметтік және мәдени тұрғыда дамуына зор мүмкіндік береді.
Орта мектепте шетел тілінде білім беруді аяқтау кезеңінің негізгі айырмашылығы – шетел тілі бейіндік оқытуды жүзеге асырудың құралы болып табылуында. Нақты бейіндік бағыт, яғни оқу мазмұнын қайта құрылымдау есебінен, жалпы білім беру тақырыптарын қысқартумен, болашақ білім алушыларды мамандыққа бағытталған оқу материалының кіріспесімен, коммуникативтік құзыреттілікті, сөздік қорды байыту жолымен, мәтіндік материал негізінде бейіндік бағытты жетілдіру арқылы қол жеткізіледі.
Сондай-ақ, жоғары сыныптарда «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыру ұсынылады. Бұл орайда, қазіргі әлемде және Қазақстанда шетел тілін білудің қажеттілігі мен маңыздылығы болашақта лауазымдық өсуге, кәсіби дамуға зор мүмкіндіктер ашатынын түсінуді қалыптастыру қажет.
Шетел тілі сабақтарындағы тыңдау материалдарын пайдалану - жас ерекшеліктері мен жоғары сынып оқушыларының тұлғалық мүддесіне жауап беруі, елдегі оқытылатын тілдің олардың кәсіптік бағдарлық және қайта даярлаумен танысуды қамтамасыз етуге,таңдаған кәсіптің ерекшелігімен және шетел тілінің болашақ мамандықты меңгерудегі рөлімен танысуға, ғылыми-техникалық және мәдени өрлеуге қосылуға, таңдап алған салада кәсіби бағыттағы жалпы ой- өрісін кеңейтуді қамтамасыз етуі қажет.
Бейіндік бағыттағы оқу материалдарымен жұмыс істеу кейбір продуктивті, рецептивті тілдік минимумдарды ұлғайтуға, сондай-ақ білімін, сөйлеу қызметінің барлық түрінде шеберлігі мен дағдысын арттыруға, әрі қарай колледждер мен жоғары оқу орындарында бейіндік бағыттағы базаны жалғастырып оқуға мүмкіндік береді.
Тұлғалық және бейіндік бағыттағы оқыту мазмұны мен шығармашылық- креативті оқыту деңгейін көтеруге мүмкіндігі бар қолданылған оқыту технологиялары жалпыеуропалық стандартқа сәйкес шет тілдерін В1+ (В2) деңгейінде білуді қамтамасыз етуі тиіс. Білім алушылар тілдік және сөйлеу тақырыптарын игеруі тиіс, әңгімелесу барысында тілдік материалды пайдалану, оқу және нақты тақырыптар шеңберінде коммуникативтік міндеттерге сәйкес ауызша және жазбаша түрдегі монологтік және диалогтік сөйлеулерді түсіну және ой қорытуы тиіс.
Шетел тілі бойынша сағат саны: қоғамдық-гуманитарлықбағытта:
10-11-сыныптарда – аптасына 4 сағаттан, оқу жылында 136 сағатты;
жаратылыстану-математикалық бағытта:
10-11-сыныптарда аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Оқушы дәптерлерінің саны мен түрлеріне, оқушы дәптерін жүргізуге қойылатын негізгі талаптарға және дәптерлерді тексеруге қойылатын негізгі талаптарға берілетін ұсыныстар өзгеріссіз қалады. Бұл талаптар 2017-2018 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хатта көрсетілген.