Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«Химия» пәні бойынша жиынтық бағалау



бет125/193
Дата24.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#133233
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   193
Байланысты:
Нұсқау хат 2018-2019 оқу жылы

«Химия» пәні бойынша жиынтық бағалау
рәсімдерінің саны


Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.



Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау
рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

2

2

2

2

8-сынып

3

3

3

3



«Биология» оқу пәнін оқытуда оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер

«Биология» пәні жаратылыстану ғылымдарының құрамдас бөлігі ретінде оқушыларға қоршаған ортаның көптүрлілігі мен эволюциясы туралы білім береді, тірі ағзалардың даму заңы мен заңдылықтарын қарастырады, сонымен қатар әлемнің таңғажайып құбылыстарын оқып-тануға және зерттеуге мүмкіндік береді.


«Биология» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы оқушыларға алған білімдерін нысандар мен ақпаратты бақылау, топтастыру, жүйелендіру, салыстыру, талдау, себеп-салдарлық байланыстарды орнату сияқты дағдыларын дамыту үшін қолдануға көмектеседі.
«Биология» пәнінің мақсаты – оқушыларға органикалық дүниенің көптүрлілігі, ондағы болып жатқан құбылыстар мен үдерістердің заңдары мен заңдылықтары, сонымен қатар адам оның ажырамас бөлігі туралы білім мен түсінік жүйелерін қалыптастыру.
«Биология» пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасының негізі оқытудың төрт бөлімін қамтиды: «Тірі ағзалардың алуантүрлілігі, құрылымы және функциялары»; «Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік»; «Эволюциялық даму, ағза және қоршаған орта»; «Кіріктірілген қолданбалы ғылымдар».Биология бойынша білім беру бағдарламасы оқытудың бастапқы сатыларының өзінде пән туралы бүтіндей түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Биология бойынша оқу бағдарламасына (7,8-сыныптарда) мынадай бөлімшелер енгізілді: «Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары», оның шеңберінде тұқым қуалайтын және жүре пайда болған белгілері қаралады, «Микробиология және биотехнология» – микроорганиздер, антибиотиктер және антисептиктер туралы түсініктер енгізіледі.
Аталған бөлімшелерді оқыту оқушыларды қоршаған ортаны түсіну, сонымен қатар жоғары сыныптарда пәнді барынша тереңірек одан әрі зерделеуге көмектеседі.
Демек, оқушылар ағзалардың әртүрлі топтарына тән биологиялық процестер мен құбылыстарды бір мезгілде зерделеу және салыстыру мүмкіндігін алады.
Оқу бағдарламасының мынадай бөлімдері бойынша тақырыптарды зерделеудің күрделілік және тереңдік деңгейіне назар аудару керек:

      • «Тірі ағзалардың әралуандылығы» – оқушыларды ағзалардың әр түріне арналған анықтау-кілттерін құрастырған кезде дихотомия әдісін оқыту.

  • «Қорек» – адамның ас қорыту жүйесі бойынша білім негіздерін қалау (аталған тақырыпты оқушылар 9-сыныпта барынша толық зерделейтін болады).

  • «Жасушалық цикл» – генетикалық материал туралы түсінікті енгізу (химиялық формуланы ғана және ДНҚ-мен байланысты оқушылар 10-сыныпта жан-жақты зерделейтін болады).

Сабақтарды жоспарлаған кезде практикалық дағдыларды дамытуға бағыталған белсенді оқыту әдістерін көбірек қарастыру керек.
«Биология» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
7-сыныпта: аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты.
8-сыныпта: аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.

Мұғалімдер назарына!!!


Оқу бағдарламасы бойынша 7 және 8- сыныптарда қарастырылатын зертханалық жұмыстар мен модельдеу жұмыстары міндетті түрде жүргізілуі тиіс.Себебі қарастырылатын зертханалық жұмыстар мен модельдеу жұмыстары оқушының ізденіс қабілеттерін арттыруға мүмкіндік жасайды. Модельдеу жұмыстары оқушының өзіндік ғылыми ізденіс жұмысына бағытталған болғандықтан тоқсанның басында беріледі, оны орындау үшін нақты уақыты айқындалады. Сонымен қатар берілген жұмыстар бағаланады. Оқу бағдарламасы бойынша бойынша қарастырылған демонстрациялық жұмыстар бағаланбайды (мұғалім кез-келген ақпарат көзін пайдалана алады).
Жаңартылған бағдарлама бойынша 7 сыныпта 14 зертханалық жұмыс, 4 модельдеу жұмыстары қарастырылған






Зертханалық жұмыстар

Модельдеу

Демонстрация

1-тоқсан

3

1

-

2-тоқсан

4

1

-

3-тоқсан

2

-

-

4-тоқсан

5

2

-

Барлығы

14

4

-

8- сыныпта 14 зертханалық жұмыс, 2 модельдеу, 2 демонстративтік жұмыс қарастырылған, оның ішінде қолданыстағы бағдарламада 8-сыныптан – 3 жұмыс алынған. 11 зертханалық жұмыс жаңадан қосылған.







Зертханалық жұмыстар

Модельдеу

Демонстрация

1-тоқсан

5

1

1

2-тоқсан

3

-

-

3-тоқсан

6




1

4-тоқсан

-

1




Барлығы

14

2

2

Оқушылардың сыни және шығармашылықпен ойлауын, сонымен қатар көптеген эксперименттік және тәжірибелік дағдыларын дамыта отырып, проблеманы шешуде шығармашыл тәсілдерді қолдануды қолдайды. Бұл пәнді оқу барысында оқушылардың зертханалық құрал-жабдықтарды қолдану мен эксперимент жүргізу дағдылары дамиды.


Басты назар әлеуметтік және тұлғалық маңызы бар мәселелерді, ғылым жетістіктері мен ашылымдарды түсінуге қабілетті жан-жақты ақпараттанған, сын тұрғысынан ойлайтын азамат тәрбиелеуге назар аудару қажет.
Білім саласы бойынша қолданбалы курстарға немесе таңдау курстарына ұсынылатын тақырыптар: «Биологиялық модельдер және қолданбалы есептер», «Әлемнің ғылыми-жаратылыстану эволюциялық бейнесі», «Биологиядағы математикалық модельдер және әдістер», «Тамақтану және денсаулық», «Экологиялық этика», «Биология және денсаулық», «Әлемнің заманауи ғылыми-жаратылыстану бейнесі», «Биологиялық белсенді қоспалар», «Бәрі біздің түп-тұқиямызда (генетика негіздері бойынша)», «Әлемнің інжу маржаны (7–9-сынып қыздарына арналған курс)», «Менің денсаулығым – менің қолымда», «Тірі жасуша жұмбақтары», (Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтары», «Биологияның проблемалары», «Жасушалар және тері», «Үй іргесіндегі телім», «Биогеография проблемалары», «Тері – денсаулық айнасы», «Заманауи микробиология», «Нанотехнологияға кіріспе».
Мұғалімдердің өз білімін жетілдіруіне шығармашылық және әдістемелік бірлестіктерге әдістемелік тақырыптар ұсынылады: «Биология сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру», «Биология және химия сабақтарында кіріктіріп оқытуды қолдану», «Биологияны оқытуда пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру», «Оқу еңбегінің дағдыларын қалыптастыру және ұйымдастырудағы рефлексияның рөлі», «Биология сабақтарында оқушы тәрбиесіндегі экологиялық бағыт», «Сабақта білім алушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту», «Ойлау әрекетін белсендендіру кұралы ретінде жаңа материалды зерделеудегі проблемалық тәсіл», «Оқушының белсенді өздік жұмысы арқылы проблемалық жағдайларды жасау», «Оқушылардың сабақта және сабақтан тыс уақыттағы ғылыми және жобалық жұмыстары», «Оқушыларды олимпиадаға дайындау әдіс-тәсілдері», «Оқу процесін жаңғырту жағдайында сабақтарға ақпараттық технологияларды қолдану».
Тақырыптар мұғалімдердің мүмкіндіктері және жағдайларына байланысты өзгертілуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет