«Физика» пәні бойынша жиынтық бағалау
рәсімдерінің саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
Сынып
|
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау
рәсімдерінің саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
7-сынып
|
3
|
2
|
2
|
3
|
8-сынып
|
2
|
2
|
2
|
1
|
«География» пәнінің мазмұны:
- білім мен білік; жоспарлау дағдылары; талдау мен өңдеу; түсіндіру; жүйелеу; алгоритм бойынша жұмыс істеу; зерттеушілік, тәжірибе-эксперименттік дағдыларды жетілдіру;
- бағалау мен қорытынды жасауды тиянақтау; әлемнің заманауи ғылыми-жаратылыстану бейнесінің негізін қалаушы түсініктерді, заңдылықтарды, теориялар мен принциптерді, табиғатты танудың ғылыми әдістері, табиғатты, экономиканы және қоғамды кешенді зерделеу негізінде адамзаттың жаһандық және жергілікті проблемаларын түсіну;
- экологиялық мәдениеттің, ғылыми, жобалық және кеңістіктік ойлаудың дамуы;
- патриоттық сезімді, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу;
- білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану бағыттары бойынша кәсіптік бағдарын жүзеге асыру тәрізді жүйелі-әрекеттік нәтижелердің функционалды қалыптасуына қол жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс.
Бағдарламаның шиыршықты құрылымына байланысты 8-сыныптағы пән мазмұны білім алушылардың өткен оқу жылында алған білімдері мен дағдыларын одан әрі тереңдетеді және дамытады.
«Географиялық зерттеу әдістері» бөлімінде географиялық ақпаратты визуалдау, өз зерттеулерінде далалық, картографиялық, теориялық әдістерді қолдану, сандық және сапалық деректерді өңдеу мен талдау, еліктемелік (иммитациялық), графиктік, мәтіндік, математикалық және басқа да модельдер құрастыру, жұмыс нәтижесін түрлі формада ұсыну дағдыларын одан әрі дамытуға көңіл аудару қажет.
«Картография және географиялық деректер базасы» бөлімінде білім алушыларды тақырыптық карталарды жіктеуді және оқуды, сонымен қатар оларды қосымша сипаттайтын профиль, диаграмма, график, кесте тәрізді элементтерін құрастыруды үйрету қажет. Географиялық номенклатура нысандарымен жұмыс істеу дағдалырын дамытуды жалғастыру ұсынылады. Білім алушылар тілдік дағдыларын дамытуларымен қатар, сәйкес түсініктемелер бере отырып географиялық нысандарды картадан батыл көрсетуді де үйренулері тиіс. Егер 7-сыныпта бұл бөлім бойынша географиялық деректердің кесте түріндегі қарапайым базасын жасау қарастырылған болса, 8-сыныпта оқытудың сәйкес мақсаттарына қолжеткізуде АКТ біртіндеп қолдану қарастырылған.
7-сыныпта «География» оқу пәні аясында «Физикалық география» бөліміне өлкетанудың «Туған өлкенің флорасы мен фаунасы» және «Туған өлкемнің визит карточкасы: өлкетанудың деректер базасын әзірлеу» тақырыптары кіріктірілді. Бұл тақырыптарды оқу барысында өлкеге тән өсімдіктер мен жануарларды анықтау, оларды қорғау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру, сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегіменөлкенің деректер базасын құрастыру ұсынылады.
7-сыныпта «Литосфера» бөлімі бойынша жер қыртысының құрылысы, ірі геотектуралар оқытылады. 8-сыныпта тақырып жер бедері түрлерінің, тау жыныстары мен минералдардың, пайдалы қазбалардың таралу заңдылықтарын оқумен жалғастырылады. Бұл бөлімді жергілікті жер бедерінің тұрғындардың тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсеріне баға берумен қорытындылау ұсынылады. Білім алушылардың өз ойларын дәлелді жеткізулеріне көңіл аудару қажет.
7-сыныпта «Атмосфера» бөлімінде метеорологиялық құбылыстар, ауа райы мен оның элементтері зерделенеді. 8-сыныпта жер шарының түрлі бөліктеріндегі климаттың ерекшеліктерін қарастыру ұсынылады. Сонымен қатар, климатты, атмосфераның ғаламдық циркуляциясы оқытылады.
7-сыныпта «Гидросфера» бөлімндеі Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктерін оқудан басталады да, құрлық суларын оқумен жалғастырылады. Бұл тақырыпты оқу барысында қазақстандық және жергілікті компонентті қосымша қамтуға баса назар аударылуы тиіс.
«Биосфера» бөлімі бойынша 7-сыныпта биосфераның, топырақтың құрамы мен құрылымы, ал 8-сыныпта табиғат зоналары мен Жердің биіктік белдеулері оқытылады. Сонымен қатар балалар өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғаудың қажеттілігін дәлелдейді, қорғау жолдарын ұсынады.
«Табиғи-аумақтық кешендер» бөлімі бойынша өткен оқу жылында «Табиғи-аумақтық кешендер» ұғымы, олардың пайда болу шарттары мен мысалдары, кеңістіктік рангтары анықталған болатын. Биылғы оқу жылында білім алушылар географиялық қабықты планетарлық масштабтағы табиғи-аумақтық кешен ретінде және оның даму заңдылықтарымен танысады.
7-сыныпта «Халық географиясы» бөлімі бойынша адамзаттың нәсілдік және діни құрамы оқытылады. 8-сыныпта халық санының және құрылымының негізгі көрсеткіштерін есептеу арқылы дүниежүзіндегі, Қазақстан Республикасындағы және өлкедегі демографиялық жағдайды анықтау бойынша жүйелі әрекет басталады.
«Табиғи ресурстар» бөлімі бойынша 7-сыныпта «табиғи ресурс» ұғымы, оларды жіктеудің негізгі тәсілдері мен шоғырлану орындарына көңіл аударылады. 8-сыныпта білім алушылар табиғат ресурстарын экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалайды, дүниежүзінің жекелеген аймақтарының табиғи-ресурстық әлеуетін анықтайды.
«Әлеуметтік-экономикалық ресурстар» бөлімінде көлік және әлеуметтік инфрақұрылым туралы білім беріледі. 8-сыныпта сауда және қаржы инфақұрылымы оқытылады.
«Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы» бөлімінде білім алушылар дүниежүзі шаруашылығын өнеркәсіп және ауыл шаруашылығына жіктеудің қарапайым түрімен танысады. 8-сыныпта дүниежүзілік шаруашылықты өндіруші, өңдеуші және қызмет көрсету салаларына жіктеуді, сонымен қатар аталған салалардың қызметін ұйымдастыру түрлеріне сипаттама беруді, түрлі салалардың өнеркәсіпті орналастыру факторларына талдау жасауды, дүниежүзі шаруашылығы салаларын жоспар бойынша сипаттауды үйренеді.
«Елтану және саяси география негіздері» бөлімінде 7-сынып білім алушылары дүниежүзі елдерінің географиялық және экономикалық-географиялық жағдайына баға беру ерекшеліктерін зерделейді. 8-сыныпта дүниежүзінің саяси картасын, оның негізгі нысандары мен олардың ерекшеліктерін, картадағы сандық және сапалық өзгерістерді, дүниежүзі елдерінің саяси ынтымақтастығының қажеттілігі мен ерекшеліктерін оқиды.
Пәннің үлгілік оқу бағдарламасында шиыршықты оқу мақсаттары қарастырылған. Бағдарламаның бірінші және екінші бөлімдеріндегі мақсаттар әр бөлімде қайталанып отырады. Оларды оқу және дамыту екі рет, яғни: бірінші рет – бірінші тоқсанда дербес тақырыптар мен сабақтар ретінде, екінші рет – келесі бөлімдердің барлық тақырыптарын оқу барысында шиыршықты мақсаттар ретінде жүзеге асырылуы арқылыжүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Тапсырмалардың белгілі бір бөлігі оқу бағдарламасындағы «Географиялық зерттеу әдістері» мен «Картография және географиялық деректер базасы» бөлімдерінің шиыршықты мақсаттарын жүзеге асыруды қарастырады, сонымен қатар барлық бөлімдердің оқылатын тақырыбының мақсаттарын толықтырады. Бұл мақсаттар бойынша әр сабақтың тәжірибеге бағытталуын қамтамасыз ететін зерттеушілік және картографиялық дағдыларды қалыптастыруға арналған тапсырмаларды әзірлеуді қарастыру қажет.
8-сыныпта материктердің ерекшеліктері зерделенеді. Оқытудың стандарттық, ақпараттық тәсіліне қарағанда, жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы оқытудың белсенді мақсаттары арқылы планетаның материктерін әрекетті зерделеуді талап етеді. Бұл білім алушылардың әр түрлі ақпарат көздерін және салыстыру, талдау, бағалау және жинақтау тәрізді ойлау операцияларын қолдана отырып, әрбір материктің ерекшелігін анықтайды.
«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында үлгілік оқу жоспарында қазақстандық және өлкетанулық материалдарды қамту қарастырылған.
Мұғалімнің білім алушылардың танымдық қызығушылық ерекшеліктеріне сәйкес келетін неғұрлым қызықты және шығармашылық тапсырмаларды таңдау мүмкіндігі бар.
Білім алушыларды әртүрлі географиялық ақпарат көздерімен, олардың ішінен қажетті ақпаратты табу, оны талдау және түсіндіру, бағалау және қойылған мақсатқа жету үшін қолдану тәрізді жұмыс түрлерін істеуге үйрету маңызды болып табылады.
Негізгі оқу материалы сабақта меңгерілуі тиіс екеніне көңіл аударамыз. Оқылмаған материалды, сонымен қатар географиялық номенклатура нысандарын үйде оқуға тапсыру мүмкін емес. Үй тапсырмасының басты қызметі – сабақта меңгерілген білім мен біліктерді бекіту болып табылады.
7 -сыныпқа арналған «География» оқу пәнінің «Физикалық география» бөліміне өлкетану бойынша екі тақырып енгізілді: «Туған өлкенің флорасы мен фаунасы» және «Менің өлкемнің визит карточкасы: өлкетанулық деректер қорын дайындау». Аталған тақырыптарды оқыту кезінде өзінің туған өлкесіне тән өсімдіктер мен жануарларды зерттеу бойынша ұжымдық жұмыстарды, оларды қорғау жөнінде іс-шараларды ұйымдастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен өлкенің деректер қорын жасау ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |