6-сыныпта «Математика» оқу пәнінің базалық мазмұнына шамалы өзгерістер енгізілген.Атап айтқанда, қолданыстағы оқу бағдарламасы бойынша 6-сыныпта қарастырылатын «функция» ұғымына қатысты тарау 7-сыныпқа көшірілген. Осы тараудың орынан 6-сыныпта «Шамалар арасындағы тәуелділіктер» тарауы қарастырылады және келесі тақырыптардан тұрады: «Шамалар арасындағы тәуелділіктерді беру тәсілдері: аналитикалық (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл», «Нақты процестердің графиктерін қолданып шамалар арасындағы тәуелділіктерді зерттеу», «Тура пропорционалдық және оның графигі». Осыған байланысты «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен олардың жүйелері» бөліміне өзгерістер енгізілген. Яғни осы тарауда екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және оның графигі, екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері, екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу, есептерді сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару материалдары ғана қарастырылады.
5-6-сыныптарда «Математикалық моделдеу және анализ» бөліміне баса назар аударылған. Әр бөлімді игерген кезде мәтінді есептерді шығару ұсынылады. Статистикалық мәліметтерді ұсынуға арналған тапсырмаларды орындауға көңіл бөлінген. Бұл практикаға бағытталған есептерді қарастыруға байланысты.
3. 7-сыныпқа арналған «Алгебра» оқу пәні. Оқу пәнінің базалық мазмұнында қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда елеулі өзгерістер жоқ. Егер, қолданыстағы оқу бағдарламасында 5 тарау оқытылатын болса, жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында 6 тарау оқытылады. Бұл, «функция» ұғымына қатысты материалдар жеке «Функция. Функцияның графигі» тарауы етіп берілген және бұл тарауға 6-сыныптан «Функция ұғымы», «Функцияның графигі», «Сызықтық функция және оның графигі», «Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы», «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу» тақырыптары көшірілген. Бұл тақырыптар 6-сынып оқушыларының игеруіне қиындық туғызады деп есептеп, практик-мұғалімдердің ұсыныстары бойынша ауыстырылған.
Практикаға бағытталған, зерттеушілік және шығармашылық тапсырмаларды шешу қажеттілігіне баса назар аудару керек.
4. 8-сыныпқа арналған «Алгебра» оқу пәні.
Оқу пәнінің базалық мазмұнында қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда елеулі өзгерістер жоқ. Курстың базалық мазмұнына «Статистика элементтері» тарауы (Жиілік. Жиіліктер кестесі. Интервалдық кесте. Гистограмма. Жинақталған жиілік. Орта мән. Дисперсия. Стандартты ауытқу. Алқап.) қосылған. Бұл тараудың кейбір материалдары қолданыстағы оқу бағдарламасы бойынша 9-сыныпта қарастырылған боалтын.
5. 7-сыныпқа «Геометрия» оқу пәні. 7-сыныпта оқушылар «Геометрия» оқу пәнін оқуға енді ғана кіріседі, сондықтан қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында өзгерістер жоқ.
6. 8-сыныпқа «Геометрия» оқу пәні. «Геометрия» оқу пәнінің базалық білім мазмұнында қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда өзгерістер жоқ.
7-8-сыныптарда «Геометрия» пәнін оқытуда пәннің практикалық бағыттылығы күшейтіледі.
«Информатика» оқу пәнінің базалық мазмұнында 2013 жылғы оқу бағдарламаларымен салыстырғанда келесідей өзгерістер бар.
7. 5-сыныпқа «Информатика» оқу пәні. «Интернеттегі қауіпсіздік», «Алгоритмдер», «Бағдарламалау» тақырыптарымен толықтырылды. «Ақпарат және өңдеу» тақырыбы растр графикасын оқуға ауыстырылды.
8. 6-сыныпқа «Информатика» оқу пәні. «Компьютерлік ойындардың дамуы», «Компьютерлік ойындар жасау» тақырыптары қосылды. 2013 жылғы оқу бағдарламасының 7-сыныбындағы «Компьютерлік графика» және «Мәтіндік ақпараттарды таныстыру» тақырыбы бойынша компьютерде ақпаратты ұсыну тәсілдерін оқыту кейінге қалдырылды.
9. 7-сыныпқа «Информатика» оқу пәні. 2013 жылғы оқу бағдарламасының 6-сыныбынан «Ақпаратты өлшеу және компьютерлік есте сақтау» тақырыбы - мұрағаттық бағдарламаны оқыту кейінге қалдырылды.
10. 8-сыныпқа «Информатика» оқу пәні. Интегралды ортасындағы C/C ++, Python, Delphi, Lazarus бағдарламаларының бірі ұсынылады.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ бағалау процесін өткізу үшін мұғалімге көмек ретінде (http://smk.edu.kz) сайтқа келесі материалдарды: Критериалды бағалау бойынша нұсқаулық, Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының жинағы, Жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдамалар, Тоқсанға арналған жиынтық бағалау спецификациясы орналастырған және еркін түрде кіруге мүмкіншілік жасалған.
5-8-сыныптарда «Информатика» пәнін оқыту кезінде үштілділік саясатына ерекше көңіл бөлінуі керек. Пән үшін айрықша болып танылатын оқушылардың академиялық тілін дамыту ұсынылады. Бұл процесс әрбір сабақ үшін оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту жолдарын анықтауды қамтиды. Мысалы: «Оқушылар әлеуметтік желіні пайдалану мен атрибуттарын ауызша талқылай алады».
Программалау тілі ағылшын тілі болып табылатынын, көптеген компьютерлерлік интерфейстер де ағылшын тілінде берілгенін айта кету керек. «Информатика» пәні жоғары сыныптарда білім алушылардың калауы бойынша ағылшын тілінде оқып игеруіне болатынын пән мұғалімдері әрдайым естерінде сақтаулары керек. Мұғалімдер оқушылардың назарын, информатика бойынша (http://tinyurl.com/NIS-CS-Lexicon) лексиконда сипатталғандай академиялық тілді пайдалануға аударту, сондай-ақ ұқсастықтар мен метафораларды пайдалана отырып күрделі жүйелерді түсіндіру мүмкіндігі сияқты информатика саласындағы жұмыстарға қажетті тілдік дағдыларға аудартулары керек. Одан бөтен, мұғалімдер оқушылардың бойында бай академиялық тіл қалыптастыру мақсатында, диалог/жазу үшін пайдалы сөздерді пайдалануды қамтитын мұқият және жүйелі түрде тілдік қолдау көрсетулері керек.
Мұғалімдерге көмек ретінде TIMSS және PISA халықаралық зерттеулерге оқушыларды дайындауғаарналғанесептер жинағы әзірленді, ол Академия сайтында (www.nao.kz) орналастырылған.