Сабақ тақырыбы:
|
Электр өрісі.
|
Мектеп:
НЗМ Петропавл қ.
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты:
|
Сынып:10
|
Оқушылар саны
|
Сабақтың оқу мақсаттары
|
10.3.1.1 – электр өрісінің қасиетін талқылау және оның күштік сипаттамасын анықтау;
10.3.1.2 - электр өрісінің заряд қозғалысына әсерін сипаттау;
|
Жетістік критерийлері
|
Оқушылар:
- электр өрісі түсінігінің физикалық мағынасын түсіндіре алады;
- оның күштік сипаттамасын анықтайды;
- электр өрісінің нүктелік зарядқа әсер ететін күшін түсіндіре алады;
- вакуумдегі нүктелік зарядтың электр өрісінің кернеулігі формуласын атайды және қолданады;
- электр өрісінің қозғалыстағы зарядтарға әсерін сипаттайды.
|
Тілдік
мақсаттар
|
Оқушылар өз ойларын дамыта отырып, туралы не білетінін ауызша және жазбаша талқылай алады.
Арнайыпәндік лексика және терминология:
Электр заряды, элементар заряд, электр зарядының екі түрі, электр өрісі, өріс сызықтары
Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:
Менің ойымша өріс біздің санамыздан тыс өмір сүріп жатса да, ......
Өріс ұғымын түсіну үшін, оны ойша кескіндеуге болады және оның күштік сипатын ....
|
Құндылықтарты дарыту
(жачандық азаматтықтың маңызды белгілері) (АЖ)
|
Нәтижелі қарым-қатынас дағдысын дамыту ,сыныптастарының көзқарастық пікірлеріне сыйластықпен қарау
АЖ білу және түсіну: қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарас
АЖ құндылығы: басқалардың пікіріне сыйластықпен қарау
АЖ дағды: диалог құра білу, сындарлы құрылымдық шешімдер ұсыну
Тақырыптың шешуші сәттерін жұптық және топтық талқылау кезіндегі құндылықтарды дарыту
|
Өткен сабақ материалдары
|
Электр өрісі. Зарядтарың әрекеттесуі. Кернеулік. Өрісті күш сызықтарымен көрсету (8 сынып)
|
Пәнаралық байланыстар
|
Математика (кескіндеу -кесінді бағыты)
|
АКТ қолданудағдылары
|
презентация Power Point, ресурстармен жұмыс
|
Бастапқы білім
|
Гравитациялық,электр, магнит, электрмагниттік өрістер
|
ЖОСПАР
|
Уақытша жоспарлау
|
Жоспарланған іс-шаралар
|
Ресурстар
|
Сабақ басы
5 мин
|
Мұғалім мен оқушылардың өзара сәлемдесуі (алдымен мұғалім кезекпен оқушылардың саусақтарына өзінің сәйкес саусақтарын тигізеді, бас бармақтан бастап:
әрқашан (басбармақты тигізіп);
және әр нәрседе (cұқ саусақ);
үлкен (ортаншы саусақ);
жетістік (аты жоқ саусақ );
тілеймін (кішкене саусақ);
Сәлеметсіздер ме! (толық алақанмен жанасу)
(G) Әрі қарай жұпта оқушылар дәл солай қайталайды.
Осылайша сыныпта бірлесе жұмыс істеу үшін жағымды орта туындайды.
(W)Мұғалім сұрақ-жауап арқылы білімдерін актуалдауды ұсынады:
1. Электр заряды дегеніміз не?
2. Зарядтың қандай түрлерін білесіңдер?
3. Қандай заряд элементар болып табылады?
4. Зарядталған бөлшектер бір-бірімен қалай әрекеттеседі?
5. Электрлену деп қандай процесті атайды?
Мұғалім слайдтағы суреттерді қарастыруды ұсынады:
Бұл сурет қандай құбылысқа негізделген? Неліктен?
Суретті талдау.
Осы жағдайлардың біреуінде метал гильза зарядталмауы мүмкін бе?
Оқушылармен талқылау және метал гильза мен зарядталған таяқшаның тартылуы бойынша демонстарция жасау.
Содан соң, мұғаім жаңа тақырыпты оқытудың қажеттілігіне әкеледі. Сабақ тақырыбы, сабақ мақсаттары және бағалау критерийлері экранға шығарылады.
|
1-слайд
2-слайд
3-слайд
4-6 слайд
|
Cабақ ортасы
30 min
|
Мұғалім бекіту үшін келесі тапсырманы орындауды ұсынады.
Есеп. Пластикалық стерженьді басқа стерженьмен үйкелегенде ол оң зарядталады. Осыдан соң нейлон жіпке ілінген сыртқы беті металл бояумен қапталған теннис добына жақындатады.
(a) Егер оң зарядталған стерженді допқа жақындатсақ, доп бетіндегі металл бояуының зарядымен не болуы мүмкін екенін жазып түсіндір
(b) Доп стерженге тартылды. Егер доп зарядталмаған болса неге доп тартылады,түсіндіріп жаз
(c) Электр зарядының өлшем бірлігін жаз:
[Жалпы балл саны -4]
Оқушылар орындап болған тапсырмаларының жауаптарын оқиды. Алыстан әсер ету құбылысына сұрақ туындайды. Алыстан әсер ету құбылысы электр өрісі арқылы жүзеге асады.Сабаққа қатысты қандай мағыналы сөздерді тізіп жазуға немесе атауға болатынын талқылаңдар және қойылатын бағалық баллдарды есептеңдер.
Мұғалім өздігінен мәтінмен жұмыс жасап, мәтіннің негізгі моменттерін жазып алуды ұсынады.
Мәтінді оқыңдар. Мағыналы сұрақтарды белгілеп оларға жауап жазып, тірек- схемасын құрыңдар.
Электр өрісі деп нені түсіндіреді?
Электромагниттік әсерлесулер жылдамдығы қандай?
Электр өрісінің қасиеттері қандай?
Электростатикалық өрісті қалай түсінесің?
Электростатикалық өрістің қасиеттері қандай?
Оқушылар дәптерлерінде жұмыс жасайды, содан соң жұпта алынған тірек-сызбаларын талдайды.
Жалпы сыныптың талқылау.
Мұғалім практикалық дағдыларын дамыту үшін келесі тапсырманы орындайды:
Тақтада өрістер суреттері көрсетілген, зарядтар таңбасын қояды. Талдау кезінде оқушылар электр өрісінің сызықтарының негізгі қасиеттерін атайды.
Өрістің біртекті немесе біртекті емес екенін анықтауды талқылау .Ол үшін ең бастысы сызықтардың қоюлығы немесе тығыздығын анықтау критерий болыпсаналады. Егер сызықтар тығыздығы бірлік аудан үшін әртүрлі болып өзгеріп отыратын болса өріс біртекті емес және керісінше бірдей болса өріс біртекті.
Электр өрісі сызықтарын Ван -де -Грааф генератораторы көмегімен демонстрациялау.
|
7-слайд
1-карточка
8-слайд
9-слайд
|
Сабақ соңы
5 минут
|
Рефлексия. Бағалау критерийлері (оқу мақсатын талдау)
Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды:
«Сабақ барысында қандай қиындықтар туындады?Біз үшін әлі нені түсіну қиын?»
Қиындықтарды талдау.
|
10-слайд
|
2-сабақ
|
2-сабақ басы
5 min
|
Мұғалім оқушыларға 3-карточкаларды таратып, келесі сұрақты қояды: «Екінші сабақта біз немен айналысамыз?»
Сабақ мақсаттарын анықтау.
|
11-слайд
|
Ортасы
30 min
|
3-карточкалар бойынша жұмыс.
Электр өрісінің кернеулігі-электр өрісіне қойылған нүктелік зарядқа әсер етуші күштің, сол заряд мөлшеріне қатынасына тең, векторлық шама
; (2) Электр өрісінің кернеулігі, өрісте орналасқан нүктелік зарядқа әсер етуші күшті анықтайды. (3) тыныштықта тұрған зарядталған бөлшек өрісі кернеулігі векторының бағыты, өріске орналасқан нүктелік оң зарядқа, зарядалған бөлшек тарапынан, әсер етуші күштің бағытымен сәйкес келеді.
Сынақ заряд ұғымы бұл зарыдэлектр өрісін тудырмайды және өте кішкентай, сондықтан қарастырып отырған өрісті өзгертпейді деп болжайды.
Нүктелік зарядтың кернеулігін анықтау үшін Кулон заңын пайдаланып нүктелік зарядтың q біртекті изотропты ортада электр өрісінің ,зарядтан r қашықтықта :
(2)
Егер q > 0 (2) формуладан нүктелік зарядтың q кернеулігі E барлық нүктелерде q зарядтан радиалды тысқары бағытталады және егер q < 0 зарядқа қарай бағытталады
(і) Жұппен жұмыс. Мысал ретінде оң және теріс нүктелік зарядтың кернеулігі қалай бағытталатынын ( масштабпен) көрсету.
Нүктелік заряды 27 н Кл-ға тең болғандағы өрісте 3 см, 6 см, 9 см, 12 см, 15 см, 18 см қашықтықтағы кернеулікті есептеп шығарыңдар.
r , қашықтықта
|
3
|
6
|
9
|
12
|
15
|
Е·104 Н/Кл
|
27
|
6.75
|
3
|
1,69
|
1,08
| |