«Биология» пәні бойынша жиынтық бағалау
рәсімдерінің саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
Сынып
|
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау
рәсімдерінің саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
7-сынып
|
3
|
3
|
3
|
3
|
8-сынып
|
3
|
2
|
3
|
3
|
«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер
Негізгі орта білім беру деңгейінде тарихты оқыту:
білім алушыларда тарихи сананы, толеранттылық, өз елі және басқа елдердің тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсетуді, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпы адамзаттық, ұлттық және жалпыадами құндылықтарды қалыптастыруға, ойлау, коммуникативтік және зерттеу дағдыларын дамытуға;
білім алушыларды ұлттық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне тарту, қазақ халқының мәдени және тарихи мұрасының құндылығы мен ерекшелігін түсіну, мәдени әртүрлілікті бағалау қабілеттілігін қалыптастыруға бағытталған.
2018/2019 оқу жылында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастыруда келесі оқу бағдарламалары қолданылады:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы «25 » қазандағы № 545 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы «25 » қазандағы № 545 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған (https://www.nao.kz /Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары./ Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары Қазақстан тарихы. Дүниежүзі тарихы)
2018-2019 оқу жылында тарих пәндері бойынша 5-8 - сыныптарда жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары енгізіледі.
«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу бағдарламасының білім мазмұны хронологиялық реттілікпен берілген (көне дәуірден бүгінгі күнге дейін) және әлеуметтік қатынастардың дамуы, мәдениеттің дамуы, мемлекеттің дамуы, экономикалық даму бөлімдерін қамтиды.
Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:
тарихи пәндер мазмұнының қөлемі тақырыптық бөлімдерді біріктіру арқылы ықшамдалған;
тарихи пәндер арасындағы пәнаралық байланыс іске асырылған. Бұл оқу материалдарын қайталамауға және Қазақстан тарихын әлемдік тарихи үдерістер контекстінде қарастыруға мүмкіндік береді;
тарихи ойлау дағдыларын (тарихи үдерістер мен құбылыстарды зерттеу, талдау, түсіну және түсіндіру) дамытуға бағытталған;
білім алушыларда тарихи сана, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға септігін тигізетін материалдарды зерделеуге ерекше көңіл бөлінген.
Білім алушылардың дайындығына қойылатын талаптар:
Күтілетін пәндік нәтижелер әр бөлімдер мен тақырыптар бойынша анықталған оқу мақсаттары түрінде берілген. Күтілетін нәтижелердің (оқу мақсаттарының) тақырыптық мазмұнға сәйкес нақыталануы білім алушыларда пәндік білім мен дағдыларды нақты оқу материалы негізінде қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Негізгі орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері мазмұнының жаңа құрылымы (сыныптар бойынша тарихи кезеңдерді бөлу) ұсынылады:
- сынып – ежелгі заман (шамамен 2 млн жыл бұрын – V ғасыр)
- сынып – ортағасырлар кезеңі (V - XVII ғасырлар);
- сынып – жаңа заман кезеңі (XVIII -XIX ғасырлар);
- сынып – қазіргі заман (XX ғасырдың бірінші жартысы);
9 - сынып – қазіргі заман (XX ғасырдың екінші жартысы – бүгінгі күнге дейін).
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша жаңа оқу бағдарламасына сәйкес 2017-2018 оқу жылынан бастап 5- сыныпта «Қазақстан тарихынан әңгімелер» оқытылмайды. Бұл бастауыш мектептегі «Дүниетану» пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасындағы білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі маңызды тарихи оқиғаларын зерделеуге ерекше назар аударылғанымен байланысты. Сондықтан да 5-сыныптың жаңа оқу бағдарламасында отандық тарихтың барлық курсы емес, тек қана Қазақстанның ежелгі заман тарихы (дүниежүзі тарихымен қатар) оқытылады. Сонымен, Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы пәндерін жүйелі түрде оқу 5- сыныптан басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |