«Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
Сынып
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау
рәсімдерінің саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
5-сынып
1
2
2
3
6-сынып
1
1
3
2
7-сынып
1
1
3
2
8-сынып
2
2
3
1
«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытудың ерекшеліктері: «Дүниежүзі тарихы» пәні білім алушылардың бойында тарихи сана, толеранттылық, өз елі және басқа елдердің тарихы мен мәдениетіне құрметті қалыптастыру, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгерту және зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамытуға бағытталған.
«Дүниежүзі тарихы» пәнінің білім мазмұны: әлеуметтік қатынастардың дамуы, мәдениеттің дамуы мен өзара әрекеттестігі, саяси жүйелердің дамуы мен өзара әрекеттестігі, экономикалық қатынастардың дамуы бөлімдерін қамтиды. Сондықтан 5-8-сыныптарда «Дүниежүзі тарихы» бойынша ежелгі дәуір, орта ғасырдағы және жаңа замандағы әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық салалардың негізгі даму кезеңдері оқытылады.
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі: 5-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
6-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
7-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
8-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы әдістемелік ерекшеліктер 1. Тарихты оқытуда келесілерге ерекше көңіл бөлу ұсынылады:
тарихты оқыту процесі білім алушының ақпараттың белгілі бір көлемін (тарихи даталар, ұғымдар, тұлғалар, оқиғалар) механикалық есте сақтауға емес, алған білімі мен білігін оқу мен тәжірибелік міндеттерді өздігінен шешумен сипатталатын тұлғалық құзыреттілігін дамытуға;
тарихи оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді және тарихи тұлғалардың қызметін әлемдік және Отандық тарих контекстінде талдау және баға беру дағдыларын қалыптастыруға;
тарихи деректердің негізінде тарихи зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға (гипотезаларды ұсыну, зерттеу сұрақтарын құрастыру, деректерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, нәтижелер мен қорытындыларды шығару, өзінің ұстанымын анықтау);
қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
2. Тарихты оқытуда білім алушының оқыған тарихи фактілер мен оқиғаларды кеңістікте бағдарлау дағдысын қалыптастыру мен тарихи картаны «оқып», оны білім көзі ретінде пайдалануына көңіл бөлу ұсынылады.
Білім алушыларда тарихи картамен жұмыстың негізі 5-сыныптан қаланады, ол картаның шартты белгілерін қолдана білуі, тарихи және географиялық нысандарда дұрыс бағдарлана білуді қажет етеді.
Мысалы 6-сыныпта «VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау» аттыоқу мақсаты бойынша мұғалім білім алушыларға тарихи картаны пайдаланып түсіндіруге тапсырма бере алады, бұл білім алушылардың бойында уақыт пен кеңістікте бағдарлану дағдыларының дамуына септігін тигізеді.Сондықтан білім алушының алған тарихи білімін кеңістікте бағдарлауға мүмкіндік беретін картографиялық дағдысын дамыту ұсынылады. Бұл тарихи оқиғаларды, олардың өзгерісі мен даму жағдайын картада белгілеуге берілетін тапсырмалардан көрінеді. Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, презентация, интеллект карталар, диаграммалар жасауға тапсырмалар беру ұсынылады.
3. Оқу процесінде білім алушыны ынталы, қызығушылығы жоғары, дербес, сенімді, жауапты, талдау жасай алуға бағыттайтын оқытудың түрлі формалары ұсынылады:
мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы білім алушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;
білім алушыларды зерттеу және зерттеушілік жұмыстарын жүргізуге негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру;
білім алушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;
білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар құрастыру;
білім алушылардың жеке, жұптық, топтық және тұтас сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыруды қолдану;
оқу процесінде тарихи құжаттардың фрагменттерін талдау, ақпарат жинақтау және қорытынды жасау, себеп-салдарлық байланыстарды орнатуды және т.б. талап ететін тапсырмаларды кеңінен қолдану;
сабақта білім алушының біліміндегі кемшіліктерді уақытында анықтауға мүмкіндік беретін кері байланысты ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін қолдану.
4. Тарихи тұлғаға сипаттама бергенде мынадай арнайы жадынаманы қолдану ұсынылады: - тарихи қайраткердің сыртқы бейнесін суреттеу;
- тұлғалық белгілерін сипаттау;
- өмірінің ең жарқын мыңызды фактілерін атау;
- тұлғаның тарихқа қосқан үлесіне баға беру.
Бұл тарихи тұлғалардың іске асырған ерекше әрекеттерінің білім алушының есінде ұзақ сақталуына мүмкіндік береді.
Тарих пәні ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамдардың құқығы мен бостандығын құрметтейтін және қабылдайтын, Отанының дамуына өз үлесін қосуға ниетті тұлғаны тәрбиелеуден көрінетін «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық біріктіруші идеясын және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарын іске асыруда маңызды рөл атқарады.
Білім алушылардың тарихи білімін тәжірибеде нақтылау мақсатында мүмкіндігінше мұражайларға, тарихи ескерткіш орнатылған немесе тарихи-археологиялық орындарға экскурсиялар ұйымдастыру ұсынылады.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ұсынылатын сайттар: http://www.tarih-begalinka.kz; http://www.e-history.kz; http://bilimsite.kz/tarih/; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар: http://www.world-history.ru; http://historic.ru; http://historyatlas.narod.ru; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.
Тәрбиелік компонент Пән мазмұны біздің ата-бабаларымыздың бірегей мәдениетін, Қазақстанның әлемдік тарихтағы орны мен рөлін, оның әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсінуге, мүмкіндік береді.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2018-2019 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:
1.Ақын, ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 925 жыл (1093-1166);