«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
Сынып
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау
рәсімдерінің саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
5-сынып
2
2
2
2
6-сынып
2
2
2
2
7-сынып
2
2
2
2
8-сынып
2
2
2
2
«Өзін-өзі тану» «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу үдерісінің басты міндеті:
тұлғаның құндылықтар жүйесін, қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен шешудің іс жүзіндегі дағдыларын анықтау;
оқушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, яғни адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа қатысына себепші болатын адамгершілік тәртіп негіздерін қалыптастыру;
жас ерекшеліктеріне қарай, жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі ретінде дамыта отырып, әрбір адамның табиғатына салынған жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару.
5-8-сыныптардағы «Өзін-өзі тану» базалық мазмұны төрт тарауды қамтиды:
«Таным қуанышы»;
«Адам болам десеңіз ...»;
«Адам және әлем»;
«Адамзаттың рухани тәжірибесі».
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 5-8-сыныптарда аптасына 1 сағаттан, жылына барлығы 34 сағатты құрайды.
5-сыныпта:
Тарау тақырыбы
Сабақ нөмірі
Сабақ тақырыбы
Таным қуанышы
1-2
Мен өзімді танимын
3-4
Менің талпыныстарым
5-6
Танымға бастар жол
7-8
Мен – Адаммын!
Адам болам десеңіз ...
9-10
Адам мінезі
11-12
Болу – болып көріну емес
13-14
Еңбек қуанышы
15-16
Адам жанының сұлулығы
Адам және әлем
17-18
Отбасы татулығы
19-20
Адам ұжымда
21-22
Адами қарым-қатынастар әлемі
23-24
Сенім туралы
Адамзаттың рухани тәжірибесі
25-26
Табиғат – шабыттың қайнар көзі
27-28
Ойдың, сөздің және істің бірлігіндегі өмір
29-30
Халықтың рухани мұрасы – даналық көзі
31-32
Ар ілімі
33-34
Әсемдік әлемінде
6-сыныпта:
Тарау тақырыбы
Сабақ нөмірі
Сабақ тақырыбы
Таным қуанышы
1-2
Ақиқатты іздеу жолында
3-4
Адамның мүмкіндіктері
5-6
Өзіне сенім
7-8
Әсемдікке талпыныс
Адам болам десеңіз ...
9-10
Өзгелермен үндесу
11-12
Ақкөңілділіктуралы
13-14
Ар-ұждан және абырой туралы
15-16
Адамдық борышың
Адам және әлем
17-18
Отбасының жылуы
19-20
Сыныптағы достық
21-22
Мен және қоршаған әлем
23-24
Қоғам игілігі үшін еңбек
Адамзаттың рухани тәжірибесі
25-26
Дәуірлерді жалғастырушы желі
27-28
Жүрек қалауымен
29-30
Адамзаттың шынайы көшбасшылары
31-32
Адамзаттың рухани байлығы
33-34
Қандай әсем әлем!
7-сыныпта:
Тарау тақырыбы
Сабақ нөмірі
Сабақ тақырыбы
Таным қуанышы
1-2
Ақыл-парасат, ерік-жігер және жүрек
3-4
Адамның ішкі әлемі
5-6
Өмірдің мәні
7-8
Адам бақыты
Адам болам десеңіз ...
9-10
Адам абыройы
11-12
Адам жауапкершілігі
13-14
Парыз тәртіптен басталады
15-16
Қоғамға қызмет ету
Адам және әлем
17-18
Адами қарым-қатынас жарастығы
19-20
Отбасылық құндылықтар
21-22
Ұжымдағы өзара қарым-қатынас
23-24
Адам және адамзат
Адамзаттың рухани тәжірибесі
25-26
Қоршаған әлеммен үндестік
27-28
Адамның рухани әлемі
29-30
Адам жасампаздығы
31-32
Сүйіспеншілік жолындағы өмір
33-34
Әсемдік әлемінде
8-сыныпта:
Тарау тақырыбы
Сабақ нөмірі
Сабақ тақырыбы
Таным қуанышы
1-2
Бұл әлемге келген соң...
3-4
Ар-ұждан үні
5-6
Шынайы білімнің нұры
7-8
Сүйіспеншілік – таным жолы ретінде
Адам болам десеңіз ...
9-10
Қайырымдылық көкжиектері
11-12
Достық айнасы
13-14
Сыйластық бастаулары
15-16
Отанға жол
Адам және әлем
17-18
Отбасын қадірлеу
19-20
Менің сыныптасым
21-22
Өз мұратына жету
23-24
Мен әлемді сүйемін!
Адамзаттың рухани тәжірибесі
25-26
Даналықтан қанып іш...
27-28
Қалаулар шегі
29-30
Шығармашылық қанатында
31-32
Болашақты жасаймыз
33-34
Қандай әсем әлем!
Оқушылардың білімін бағалау Рухани-адамгершілік білім берудің ерекшеліктеріне сәйкес сандық емес, сапалық баға маңызды, сондықтан әрбір жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «Сынақ» бағасы қойылады.
Егер оқушы Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Өзін-өзі тану" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында көрсетілген дайындық деңгейіне қойылатын барлық талаптарды орындап, жоба күнделігін әзірлесе, оқушыға «сынақ» қойылады.
«ӨНЕР»БІЛІМ САЛАСЫ
Музыка 5-6-сыныптарға арналған «Музыка» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы оқу мақсаттарының жүйесі арқылы ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Пәнді оқытудың мақсаты – қазақтың дәстүрлі музыкасы, әлем халықтары шығармашылығы, әлемдік классика және заманауи музыканың үздік үлгілері негізінде оқушылардың музыкалық мәдениеттілігін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту
Пәнді оқытудың міндеттері:өзге өнер түрлері мен оқу пәніне музыка өнерін кіріктіре отырып әлем тұтастығының бейнесі жөнінде түсінігін қалыптастыру; музыка өнерінің жалпы адамзаттық қажеттілікті құбылыс ретінде, оның адам өміріндегі рөлі мен маңыздылығы туралы түсінігін қалыптастыру; сын тұрғысынан ойлауы мен музыкаға жағымды қарым-қатынасын, музыкалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру; музыкалық шығармалар мен тапсырмаларды талдау, зерттеу және орындаушылық пен импровизациялау, презентациялау оқу пәндік-тақырыптық білім, білік, дағды аясында дамыту; музыкалық қабілеттілігін, белсенді шығармашылығын, орындаушылығы мен зерттеушілік дағдысын дамыту; музыка өнері негізінде коммуникация формалары жөнінде білімін қалыптастыру; музыкалық-шығармашылық жұмыстарға идеялар қосу негізінде өзін-өзі бағалау, өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуын қалыптастыру (шығармалар жазу, импровизация және өңдеу); ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану барысында музыкалық-орындаушылық және техникалық білімі мен біліктілігін қалыптастыру, дамыту.
«Музыка» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
- 5-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;
- 6-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
«Музыка» пәнінің оқу бағдарламасының мазмұны бөлімдер бойынша ұйымдастырылған. Бөлімдер пән бойынша оқыту мақсаттары және оған қол жеткізу реттілігін сыныптар бойынша мазмұндайтын бөлімшелерге бөлінген.
Оқу пәнінің мазмұны 3 бөлімнен тұрады:
1. «Музыка тыңдау, орындау және талдау» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: «Музыка тыңдау және талдау»; «Музыкалық сауаттылық»; «Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет».
2. «Музыкалық-шығармашылық жұмыстар жасау» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: «Идеялар және материалдарды жинақтау»; «Музыка шығару және импровизация».
3. «Музыкалық-шығармашылық жұмысты таныстыру және бағалау» бөлімі келесі бөлімшені қамтиды: «Музыкалық-шығармашылық жұмысты таныстыру және бағалау».
«Музыка» пәнінің 5-сыныпқа арналған базалық мазмұны: «Қазақ халқының музыкалық мұрасы»; «Қазақтың дәстүрлі тұрмыс-салт әндері және заманауи музыка»; «Әлем халықтарының музыкалық дәстүрі»; «Музыка тілі – достық тілі»; «Өлкетану: Туған өлке симфониясы» бөлімдерін қамтиды.
«Музыка» пәнінің 6-сыныпқа арналған базалық мазмұны:«Классикалық музыканың үздік туындылары»; «Заманауи музыка мәдениеті»; «Музыка және өнер түрлері»; «Музыка – өмір тынысы»; «Өлкетану: Туған жердің таланттары» бөлімдерін қамтиды.
Әрбір бөлімшелерде көрсетілген оқу мақсаттары, мұғалімге үш түрлі іс-әрекет арқылы (оқушылардың музыкалық сауаттылықты зерделеу, музыкалық-орындаушылық және музыкалық-шығармашылық іс-әрекеті) жұмысты жүйелі жоспарлауға, олардың жетістіктерін бағалауға және оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары оқушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды.
«Музыка» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. «Музыка» пәні бойынша жарты жыл және оқу жылының соңында "есептелінді" («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.
«Музыка» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2018-2019 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:
– қазақтың атақты әншісі, Әміре Қашаубаевтың туғанына 130 жыл (1888-1934);
– Қазақстан Республикасы Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Мәңгілік елдің Елордасы» (1998 жыл 10 маусым-2018 жыл 6 шілде);
– Қазақстан Республикасы Жергілікті әскери басқару органдарының құрылғанына 100 жыл толу(1918 жыл 8 сәуір).
5, 6, 7, 8-сыныптарға арналған «Көркем еңбек» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы оқу мақсаттары жүйесі арқылы ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Оқу бағдарламасының мақсаты – өнер және еңбек технологиясы саласында функционалды сауаттылықты қалыптастыру, шындыққа шығармашылықпен қарайтын тұлға дамыту.
«Көркем еңбек» оқу пәнінің бағдарламасы: қоршаған ортада өнер, дизайн мен технология туралы түсінік пен білімді дамытуға; Қазақстан және әлем халықтарының көркем-мәдениет мұрасын оқып үйренуге; өнер мен дизайнның көркем тәсілдері арқылы шығармашылық идеяларды, технологиялық дағдыларды дамытуға; зерттеу, жасау, талдау, нысандарды көркем түрлендіру үдерісінде оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға; оқу қызметінің барлық түрлерінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы тәжірибе алуға (зерттеу, идеялардың шығармашылықпен іске асыру, жұмыстардың таныстырылымы); жұмыс нәтижесі үшін түрлі ақпарат көздері мен ресурстарының маңыздылығын түсіне отырып, зерттеу мен пайдалануға; эстетикалық, еңбекке баулу, экономикалық, экологиялық, патриоттық тәрбиелеу мен рухани-өнегелік құндылықтарын қалыптастыруға; уақыт, материалдың қасиеті мен басқа да факторлардың әсерін анықтап және оны ескере отырып қызметін өз бетінше жоспарлай алуға; оқу мақсаттарына жетуде бірігіп жұмыс істеуді ұйымдастыру (жеке, жұптық және топтық жұмыс) бойынша тәжірибе жинауға бағытталған.
Жалпы негізгі білім беру жүйесіндегі «Көркем еңбек» пәнінің ерекшелігі әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету, әмбебап (тұрмыстық) және арнайы (пәндік) білімдер мен икемділікті, материалдар мен нысандарды түрлендіру және көркем өңдеу дағдыларын, үй шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен техниканы қолдану машықтарын иелену болып табылады.
Қала, ауыл және шағын жинақты мектептерде ұлдар мен қыздар тобына бөлу сыныптың толымдылығына қарамастан жүзеге асырылады (гендерлік қағида бойынша: ұлдар және қыздар тобы сынып толымдылығына тәуелді емес).