Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ



бет44/193
Дата24.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#133233
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   193
Байланысты:
Нұсқау хат 2018-2019 оқу жылы
!16 ОШ БЖБ Әдебиет 7-сын қаз, !25-БЖБ Жаратылыстану 6-сын қаз
«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ


Өзін-өзі тану
«Өзін-өзі тану» оқу пәнінің мақсаты оқушылардың өз ішкі әлемін танып білуіне мүмкіндік беру және өзімен, қоршаған ортамен үйлесімді қарым- қатынасын құру болып табылады.
«Өзін-өзі тану» пәнінің базалық білім беру мазмұны төрт негізгі бөлімді қамтиды:

  1. «Өзін-өзі тану бақыты»;

  2. «Адами қарым-қатынасқа үйренейік»;

  3. «Адам болам десеңіз»;

  4. «Әсемдік»әлемінде».

Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына – 1 сағаттан, оқу жылында барлығы 34 сағатты құрайды.
Білім берудің барлық деңгейлерінде 33-34-сабақ қорытынды қайталау ретінде көрсетілген, ол курс аяқталғаннан кейін өтілген материалды жалпылау мен жүйелеуді білдіреді.
Қорытынды қайталау сағаттарын білім алушылардың жобалық іс-әрекет аясындағы шығармашылық жұмыстарының нәтижелерін таныстыруға берілген мүмкіндік ретінде де қарастыруға болады.
Шығармашылық жұмыстар жеке, топтық және ұжымдық сипатқа ие.


Білім алушылардың білімін бағалау
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім алушылардың білімін бағалау «Өзін-өзі тану» үлгілік оу бағдарламасында ұсынылған білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар білім алушылардың танымдық қызметін дамыту мониторингінің, өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға және қоғамға қызмет ету дағдыларына ұмтылудың өлшемшарты болып табылады.
Оқыту қорытындысы бойынша білім алушыларға «сынақ»/ «сынақ емес» қою кезінде білім алушының жобалық іс-әрекетке қатысуы ескеріледі. Орындалған жобалардың сапасын талдау кезінде білім алушылардың ұжымдық және топтық шығармашылықтағы белсенділігіне, сондай-ақ жеке шығармашылық іс-әрекетте мәселенің тереңдігін ұғынуына, жобаның мұраты мен мазмұнының жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлануына, сабақта қойылған мәселенің шешімін адамға және қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік негізінде іздеуіне назар аударылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет