Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктеріТоқсан бойынша жиынтық бағалау
399-өзгерген 4сынып ктж
Әдебиеттік оқу Түсінік хат «Әдебиеттік оқу» оқу пәнінің оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген). «Әдебиеттік оқу» оқу пәнінің мақсаты – бастауыш сынып білім алушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. «Әдебиеттік оқу» оқу пәні бойынша төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді: 1) әдеби көркем шығармаларды оқыту арқылы қазақтың рухани қазынасын меңгерту; 2) коммуникативтік (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дағдыларды қалыптастыру; 3) ауыз әдебиетінің, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру арқылы білім алушыларға адамдардың өзара түсінісуі, сыйластық, құрмет сезімдері, адамгершілік қасиеттері, өзінің және өзгенің іс- әрекетіне жауапкершілікпен қарай білуі сияқты ізгілікті қасиеттерді қалыптастыру; 4) оқу сапасын (дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, көз жүгіртіп, болжап оқу) жетілдіру; 5) білім алушылардың оқырмандық мәдениетін қалыптастыра отырып, сөз әдебі нормаларын орынды қолдану дағдыларын меңгерту; 6) сыни ойлауын жетілдіру; 7) көркемдік-танымдық сипаттағы мәтіндерді өз мақсатына сай іріктеп, саралап, талдап, ой қорытындысын жасауға үйрету; 8) алған білімін өмір жағдаяттарына байланысты қолданып, дұрыс шешім жасай білуге үйрету; 9) оқылған шығарма сюжетінің ізімен немесе еркін тақырыпта ауызша, жазбаша шығармашылық жұмыс түрлерін орындауға дағдыландыру. 4. Оқу бағдарламасында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты білім алушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған. 5. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен бірлесе дамытылуы білім берудің «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты құндылықтарын бойына сіңіруіне, Отанына риясыз қызмет ететін, білімді, білікті, рухани терең азамат болып қалыптасуына негіз болады. «Әдебиеттік оқу» оқу пәнінің мазмұны Оқу жүктемесінің көлемі: 4-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында – 108 сағатты құрайды. Оқу жылының ұзартылуына байланысты қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады. «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу жылдамдығының нормасы
Ескерту: шылау, одағай, еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады. «Әдебиеттік оқу» пәнінің 4-сыныпқа арналған базалық мазмұны: 1) ауыз әдебиеті үлгілері: батырлар жырынан үзінділер, аңыз әңгімелер мен қиял-ғажайып оқиғалар, шешендік сөздер, ертегілер, мысалдар, ұсынылатын ақын-жазушылардың шығармалары: Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ж. Жабаев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, Б. Майлин, М. Әуезов, С. Бегалин, Б. Соқпақбаев, Ш. Смаханұлы, Қ. Мырза Әли, М. Әлімбай, Ө. Тұрманжанов, Ж. Смақов, Қ. Баянбай, Ә. Дүйсенбиев, Ф.Оңғарсынова, Ә. Табылдиев, А. Асылбеков, Ө. Қанахин, Т. Молдағалиев, Е. Өтетілеуов, Б.Кірісбаев, Елубай, С. Қалиев, С. Сейітов, Б. Ысқақов, Д. Жұмагелдинова, М. Айымбетов, М.Абылқасымованың өлең-жырлары, ертегі-мысалдары, әңгімелері, ғылыми-танымдық шығармалар: мақала, очерк, естелік, өмірбаян, күнделік, әлем халықтары балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің үлгілі шығармалары: әңгіме, мысал, ертегілері; 2) әдеби-теориялық білім: көркем мәтіндердегі пейзаж, портрет, мінездеу, диалог, монологтың орны туралы қарапайым түсінік, жазушы қолданған көркем сөздерді (теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу) табу, шығарманың тақырыбы мен идеясы, композициясы, сюжеті туралы практикалық тұрғыда түсіндіру, эпикалық жырлар, аңыз, теңеу, мысал, диалог, монолог, сатира, кейіптеу, фантастикалық шығарма, портрет, лирика, мінездеме, қайталау, логикалық екпін, сюжет, естелік туралы ұғымдар; 3) мәтінмен жұмыс: мәтін бойынша автордың көзқарасына өз пікірін білдіру, шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру, шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу, шығарманың композициялық құрылымын (сюжеттің басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі) анықтау, өлеңдерге сай ырғақты таңдай білу, сөздіктерге сүйене отырып, сөздердің мағынасын түсіндіру, жазушы тіліне назар аудару, көркем сөздерді қолдану, эпизодтар мен оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдау және салыстыру, көркем шығарманы басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм, кинофильм) нұсқасымен салыстыру, түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу, тұжырым жасау және себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету, «автормен диалог» жүргізу, оқыған шығарманың басты ойын өздігінен тұжырымдау, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланысты орнату, оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып жоспар құру, негізгі ойды тұжырымдау, оны мәтін атауымен сәйкестендіру, жоспар бойынша мәтінді мазмұндау, шығарма кейіпкерлерінің образын сезіне отырып, рөлге бөліп оқу, шығармашылық жұмыс: таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу; 4) оқу дағдысы: шығарманы іштей көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу. 11. Мұғалім ортақ тақырыптардың мазмұны аясында оқу мақсатын жүзеге асыруда білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзге де әдебиеттерді қолдана алады. «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша мұғалім әр түрлі қосымша жұмыстарды жүргізуге болады. Ал тапсырма критерийлері мен дескрипторлары алдын ала дайындалады. Мұғалім шығармашылық жұмыстардың түрлері мен оларды ұйымдастыру мерзімін өзі анықтайды. Пән бойынша жұмыс түрлері, критерийлері мен дескрипторлары
«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
жүктеу/скачать 307,85 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |