«Бекітемін»
Мектеп директоры
_________________
«_____» _____2022 ж
|
«Келісілді»
Директордың ОІЖ орынбасары
___________________
«______»______2022 ж
|
Қаралды
Хаттама № 1___
«______»______2022 ж
|
|
|
|
|
|
|
«----------------------------- орта мектебі» КММ
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар
Пәні: қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика, жаратылыстану, дүниетану
Жүктеме: 16 сағат
Сынып: 4
Мұғалім:
2022-2023 оқу жылы
АЙ ЖӘНЕ ТОҚСАН БОЙЫНША ОҚУ КҮНІ ЖӘНЕ АПТА САНЫ
І ТОҚСАН
|
ІІ ТОҚСАН
|
ІІІ ТОҚСАН
|
ІV ТОҚСАН
|
ІX
|
X
|
XІ
|
XІI
|
І
|
ІІ
|
ІІІ
|
ІІІ
|
ІV
|
V
|
22
|
20
|
18
|
22
|
17
|
20
|
13
|
5
|
20
|
23
|
А33-60
Демалыс күндері
Күзгі демалыс – 7 күн (31 қазаннан 6 қарашаны қоса алғанда)
Қысқы демалыс – 9 күн (31 желтоқсаннан 8 қаңтарды қоса алғанда)
Көктемгі демалыс – 8 күн (18 наурыздан 26 наурызды қоса алғанда)
Сабақ кестесі
Күні
Сабақ
уақыты
|
Дүйсенбі
|
Сейсенбі
|
Сәрсенбі
|
Бейсенбі
|
Жұма
|
Сенбі
|
1 сабақ
__ сағ. __ мин.
|
|
|
|
|
|
|
2 сабақ
__ сағ. __ мин.
|
|
|
|
|
|
|
3 сабақ
__ сағ. __ мин.
|
|
|
|
|
|
|
4 сабақ
__ сағ. __ мин.
|
|
|
|
|
|
|
5 сабақ
__ сағ. __ мин.
|
|
|
|
|
|
|
6 сабақ
__ сағ. __ мин.
|
|
|
|
|
|
|
7 сабақ
__ сағ. __ мин.
|
|
|
|
|
|
|
Қазақ тілі
Түсінік хат
«Қазақ тілі» оқу пәнінің оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» оқу пәнін оқыту мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану.
«Қазақ тілі» оқу пәнін оқыту міндеттері:
1) тіл білімі бойынша бастапқы теориялық түсініктер беру;
2) сөйлеу әрекетінің түрлерін (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дамыту;
3) білім алушылардың сөздік қорын толықтыру және сөздің грамматикалық құрылысын меңгерте отырып, тілін дамыту және жетілдіру;
4) тілдің қоғамдық мәнін түсінуге, қарым-қатынас жасау салалары мен түрлі жағдаяттарда өз ойларын сауатты және мәдениетті түрде жеткізе білуге дағдыландыру;
5) түрлі мәтіндер негізінде білім алушыларға адамдардың өзара түсінісуі, сыйластық, құрмет сезімдері, адамгершілік қасиеттері, өзінің және өзгенің іс- әрекетіне жауапкершілікпен қарай білуі сияқты ізгі қасиеттерді қалыптастыру;
6) түрлі қарым-қатынас жағдаяттарында сөйлеу этикетін қолдану;
7) ауызша және жазбаша сөйлеу нормалары мен тіл мәдениеті негіздерін меңгерту;
8) қарым-қатынас жасаудың түрлерін мақсатты түрде қолдануға, ойын жинақтауға, ауызша немесе жазбаша мәтіндерге сүйене отырып, өзіндік пайымдау жасауға үйрету.
Оқу бағдарламасында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты білім алушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған.
Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен бірлесе дамытылуы білім берудің «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты құндылықтарын бойына сіңіруіне, Отанына риясыз қызмет ететін, білімді, білікті, рухани терең азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
Оқу жүктемесінің көлемі:
4-сыныпта –аптасына 4 сағаттан, оқу жылында – 144 сағатты құрайды.
Оқу жылының ұзартылуына байланысты қосымша сағаттар қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдаланылады.
Пәнді оқытудың басты ерекшелігінің бірі – білім алушылардың сауаттылығын арттыру және тілін дамыту мақсатында жазба жұмыстарына басымдық беру.
«Қазақ тілі» пәні бойынша жазба жұмыстарының түрлері және көлемі
Жазба жұмыстарының түрлері
|
4-сынып
|
Сөздік диктант
|
12-15 сөз
|
Диктант
|
55-70 сөз
|
Көшіру
|
55-70 сөз
|
Мазмұндама
|
80-100 сөз
|
Шығарма
|
55-70 сөз
|
«Қазақ тілі» оқу пәнінің 4-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) тіл және сөйлеу: ауызекі және жазба тілде сөйлеу туралы түсініктерін кеңейту; тірек сөздер мен жоспарды пайдаланып монолог құрау;
2) сөйлеу мәдениеті: сөйлеу мақсаты мен ортасына сәйкес белгілі бір тақырып аясында диалог құру; сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, сезімі мен көңіл күйіне әсерін ескеру; интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл мен ым-ишара, және қыстырма, одағай сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманды қызықтыру;
3) фонетика: буын үндестігі туралы ұғым қалыптастыру: дауысты дыбыстардың сөз ішінде жуан-жіңішкелігіне қарай үндесіп айтылуы және жазылуы; дыбыс үндестігі туралы түсінік; сөзге қосымшалар жалғауда дыбыс үндестігін ескеріп қолдану: түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса, оған жалғанатын қосымшаның бірінші дыбысы қатаң болып келетіні, түбірдің соңғы дыбысы ұяң немесе үнді болса, оған жалғанатын қосымшаның бірінші дыбысы да ұяң не үнді болып сәйкестенуі, дауысты дыбыстың әсерінен түбірдің соңындағы қатаң дыбыстың ұяң не үнді болып өзгеруі;
4) мәтін: мәтін түрлері (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) туралы берілген ұғымды кеңейту; мәтіннің құрылымын талдау; мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау;
пайымдаудың мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктерін (түсіндіру, дәлелдеу, қорытынды) анықтау; мәтін мазмұны бойынша шешім табуға 266 бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру; мәтіндерді салыстырмалы
талдау: бір тақырыпта түрлі жанрда берілген мәтіндерді салыстыру;
5) тыңдалған материал бойынша негізгі тұсын түртіп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айту; берілген мәтіннің тақырыбы мен диаграмма, сызба, кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау және өз ойын дәлелдеу; аудио- бейне жазба мазмұнын өзіндік бағалау;
6) сөз тіркесі, сөйлем: сөйлемге қатысты өтілгенді қайталау; сөйлемдегі сөз тіркестерін табу; сөйлемнің бірыңғай мүшелері және олардың тыныс белгісі; жай және құрмалас сөйлем; құрмалас сөйлемді сызба бойынша құрау; құрмалас сөйлемнің тыныс белгісі;
7) диалогте қолданылатын тыныс белгілер;
8) күрделі сөз туралы жалпы түсінік: біріккен сөз; біріккен сөздің жасалуы және оның жиі кездесетін түрлері; қос сөз және олардың жасалуы; қос сөздердің мәні және емлесі; қысқарған сөз; қысқарған сөздердің жасалуы және олардың емлесі; бірігу, қосарлану, тіркесу жолымен туынды сөздер жасау;
9) сөз және оның мағынасы: тұрақты сөз тіркестері туралы түсінік беру;
мәнмәтінде тұрақты сөз тіркестері мен көпмағыналы сөздерді ажырата білу, мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану; түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) берілген тақырыпты, қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау;
10) сөз таптары: зат есім туралы өтілгенді қайталау, зат есімнің септелуі;
септік жалғауының аттары мен септелуі; септік жалғауының емлесі; тәуелденген сөздердің септелуі; көптік жалғаулы сөздердің септелуі; зат есімнің жіктелуі;
жіктік жалғаулары, олардың жекеше, көпше түрлері; етістік, туралы өтілгенді қайталау; етістік, оның жіктелуі; жекеше және көпше жіктеу үлгілері; етістіктің шақтары: осы шақ, өткен шақ, келер шақ; сын есім; қарсы мәндес сын есімдер;
сан есім, дара және күрделі сан есімдер, емлесі; есімдік туралы жалпы түсінік;
жіктеу есімдіктері, олардың септелуі; үстеу туралы түсінік; шылау туралы түсінік, олардың мәні; шылау мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы;
одағай сөздер және олардың емлесі; еліктеуіш сөздер туралы түсінік; олардың мәні мен емлесі;
11) шығармашылық жұмыс: оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама және тірек сөздерді қолданып эссе жазу; берілген тақырыпта әңгімелеу, сипаттау және пайымдау элементтері бар мәтін құрап жазу; түрлі стильде мәтін жазу; қабырға газетіне мақала, жарнама, жаңалық жазу; мінездеме жазу; жіберілген қателерді (пунктукациялық,
орфографиялық, грамматикалық, стилистикалық) анықтап, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету;
12) жыл бойы өткенді қайталау.
«Қазақ тілі» пәнін оқытуда мынадай педагогикалық тәсілдемелер мен технологияларды қолдануға болады:
оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі – әрекеттік тәсілдеме (сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша дамыту);
дамыта оқыту технологиясы (білім алушылар оқу әрекетінің жүйесін игереді, өзінің іс-әрекетін жоспарлауды және оны басқаруды үйренеді);
зерттеушілік тәсілдеме (білім алушылар «нені білемін?, нені білгім келеді?, нені үйрендім?» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);
саралап оқыту технологиясы (білім алушыларды қабілетіне, мүмкіндігіне, ерекшелігіне қарай оқыту міндетін қою);
жүйелі-әрекеттік тәсілдеме (білім алушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіруден, өз оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынудан, оның ережелер жүйесін түсіну мен қабылдаудан, жетілдіруге белсенді қатысудан тұрады).
Тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, орфографиялық құбылыстары мен фактілері өзара байланыста оқытылады және олар білім алушылардың сөйлеу практикасында қолдануға бағытталады.
Оқу мақсаты бір тоқсан ішінде сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша үйлестіріледі. Сөйлеу әрекетінің түрлері (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) бойынша оқу мақсаттарын біріктіре алады. Бір сабақта әртүрлі негізгі дағдылардың 2-3 оқу мақсатын біріктіруге болады. Білім алушылардың оқу мақсатын меңгеру деңгейіне қарай мұғалім сағат санын
өзі бөле алады.
Мұғалім жазбаша жұмыстарды өткізуде дескрипторлары бар критерийлер құрастырады. Жазбаша жұмыстардың дескрипторлары анық және нақты болуы тиіс. Олар тапсырманы орындаудың қай кезеңінде білім алушы қиындыққа және оларды түзетуге тап болды дегенді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушылар мен ата-аналарға конструктивті кері байланыс беруге мүмкіндік береді.
Жазба жұмыстарының түрлері, критерийлері мен дескрипторлары
№
|
Жұмыс түрлері
|
Критерийлер/дескрипторлар
|
1.
|
Диктант (грамматикалық
тапсырмаларымен)
|
мәтінді бұрмалаусыз жазады: әріптерді қосу және ауыстыру, тастап кету; әріптер мен дыбыстар
арақатынасын белгілей біледі;
грамматикалық тапсырмаларды орындайды;
оқылған материал бойынша
тыныс белгілерін қояды; жазу кезінде сөздерді дұрыс жазады; сөздерді жазу барысында орфографиялық нормаларды сақтай біледі.
|
2.
|
Сөздік диктант
|
сөздерді қатесіз жазады;
ережеге бағынбайтын сөздерді дұрыс жаза алады.
|
3.
|
Ескерту диктанты – есту диктантының түрі. Мақсаты – мәтін, сөз жазғанға дейін орфограммаларды түсіндіру арқылы қателерді ескерту.
Тақырыпты өтудің бастапқы кезеңдерінде қолданылады. Жазу алдында орфографиялық талдау жүргізіледі – білім алушылар сөздің қалай жазылғанын және неге солай жазылғанын түсіндіреді.
|
тексерілетін емлеге сай ережені біледі; сөздерді жазу кезінде емле ережелерін қолданады;
өтілген материал аясында тыныс белгілерін дұрыс қоя алады;
ережеге бағынбайтын сөздерді дұрыс жаза алады.
|
4.
|
Еркін диктант мәтінді жазу барысында білім алушылар жекелеген сөздерді ауыстыра алады, сөйлемнің құрылымын өзгерте алады. Мәтін әуелі тұтас оқылады, сонан соң бөліктері бойынша (3-4 сөйлем); әрбір бөлігі қайталап оқығаннан кейін жазылады. Білім алушылар мәтіннің әр бөлігін есте сақтау арқылы жазады. Бұл жұмыс түрі білім алушыларды мазмұндама жазуға дағдыландырады.
|
сөздерді мағынасы жағынан таңдай біледі/алмастыра алады; мәтіннің бөлігі бойынша есте сақтай отырып, жаза біледі; сөздерді жазу кезінде
орфографиялық ережелерді қолданады; оқылған материал бойынша тыныс белгілерін қоя біледі.
|
5.
|
Көру диктанты
Бұл диктант түрі білім алушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілген өлеңдерді алуға болады.
|
есте сақтау арқылы мәтін жаза біледі;
емлені жазу кезінде ережелерді қолдана біледі;
оқылған материал бойынша
тыныс белгілерін қояды; жазылған мәтін үлгісі бойынша тексереді.
|
6.
|
Суретті диктант (дыбыссыз диктант) – мұғалімі үнсіз пәндік суретті көрсетеді, білім алушылар заттың атауын жазады.
|
суреттегі бейнені сөздермен сәйкестендіре
біледі;
бейнеленген суретті сөздермен жаза біледі; емлені жазу барысында ережелерді қолдана біледі.
|
7.
|
Іріктеу диктанты – есту немесе көру диктантының түрі. Бүкіл мәтінді жазу емес, тек қана оқылған ережелер орфограммасы бар сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді жазғызу. Қосымша тапсырма қоса жүруі мүмкін.
|
оқылған орфограммалары бар
сөздерді таңдай біледі;
сөзді жазу кезінде орфографиялық ережені қолдана біледі.
|
8.
|
Шығармашылық диктант — үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі, білім алушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арттыру көрсеткіші. Бұл диктанттың көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою, сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрау, басы жазылған
мәтінді аяқтау сияқты басқа
диктанттарға ұқсамайтын өзгешеліктері болады.
|
белгілі бір сөзді немесе грамматикалық нысанды таңдай біледі; сөздерді жазу кезінде
орфографиялық ережені қолдана алады.
|
9.
|
Дұрыс құралмаған сөйлемдерден байланысқан
мәтін құрау
|
дұрыс құралмаған сөйлемдерден
мәтін құрай алады; мәтін құрылымын сақтайды; құралған мәтінді қатесіз көшіре алады.
|
10.
|
Қысқартулармен көшіру
|
сөйлемнің жеңілдетілген түрін жаза алады; сөзді жазу кезінде емле ережелерін қолданады.
|
11.
|
Сөздерді қосу арқылы сөйлемдерді көшіру
|
сөздерді қосу арқылы сөйлемдерді жаза алады;
сөйлемдерді жазу кезінде емле ережелерін қолданады.
|
12.
|
Мазмұндама
|
мазмұндау кезінде ойды өзгертпей сақтай біледі; орфографиялық нормаларды сақтайды.
|
13.
|
Шығарма
|
жоспар құра алады; ой бірізділігін сақтай біледі;
- орфографиялық нормаларды сақтай біледі.
|
Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес бастауыш білім беру деңгейі бойынша оқытылатын «Қазақ тілі» оқу пәнінен өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша бағалау саны 5.3-кестеде көрсетілген.
Сыныптар
|
Бөлімдер бойынша
жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
|
ТЖБ
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
Әр тоқсанда
|
4-сынып
|
2
|
2
|
2*
|
2
|
1
|
*Бөлім бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және жазылым; айтылым және жазылым; оқылым және жазылым)
Қазақ тілі пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) әр бөлімді қайталау мақсатында берілген сағат есебінен өткізу қарастырылады. Бөлім бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыруда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріліп (мысалы, тыңдалым және жазылым; оқылым және жазылым), жазылым дағдысын дамытуға бағытталған жазба жұмысының бір түрін қарастыру ұсынылады.
БЖБ, ТЖБ ұйымдастыруда білім алушылардың «Жазылым» дағдысын дамытуға бағытталған жазба жұмыстарын (сөздік диктанты, диктант, мазмұндама, шығарма, бақылау диктанты) тақырыпқа сай грамматикалық тапсырмаларымен бірге беруді қарастыру;
Әр БЖБ бойынша жалпы балл саны 10 балл, ал ТЖБ бойынша: 12-18 балл беру ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |