Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет142/185
Дата06.02.2022
өлшемі3,12 Mb.
#76541
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   185
«Биология» пәні жаратылыстану ғылымдарының құрамдас бөлігі ретінде оқушыларға қоршаған ортаның көп түрлілігі мен эволюциясы туралы білім береді, тірі ағзалардың даму заңы мен заңдылықтарын қарастырады, сонымен қатар әлемнің таңғажайып құбылыстарын оқып-тануға және зерттеуге мүмкіндік береді.
7-сыныпқа арналған «Биология» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы оқушыларға алған білімдерін нысандар мен ақпаратты бақылау, топтастыру, жүйелендіру, салыстыру, талдау, себеп-салдарлық байланыстарды орнату сияқты дағдыларын дамыту үшін қолдануға көмектеседі.
«Биология» пәні: биологияның оқу құрал-жабдықтарын пайдалану бойынша, эксперименттік зерттеу жоспарын құру, зерттеулер жүргізу, алынған мәліметтерді жинау, өңдеу және түсінік беру сияқты бірқатар практикалық дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Биологияны оқу, оқушыларға алған білім, білік пен дағдыны күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік береді.
«Биология» пәнінің мақсаты – оқушыларға органикалық дүниенің көптүрлілігі, ондағы болып жатқан құбылыстар мен үдерістердің заңдары мен заңдылықтары, сонымен қатар адам оның ажырамас бөлігі туралы білім мен түсінік жүйелерін беру.
Оқу пәнінің міндеттері:
1) жер бетіндегі барлық тірінің құндылығын түсіну үшін өмірдің құрылымды-функционалды және генетикалық негіздері туралы, тірі табиғаттың негізгі патшалықтары ағзаларының көбеюі мен дамуы, экожүйе, биоалуантүрлілік, эволюция туралы білім жүйесін асыру;
2) экологиялық этика нормалары мен ережелерін, табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру;
3) генетикалық сауаттылықты қалыптастыру - салауатты өмір салты негіздері, психикалық, тән және моральдық денсаулық сақтау;
4) оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, биологиялық білімдерін практикада қолдануға ұмтылу, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология, экологиялық менеджмент және қоршаған ортаны қорғау саласындағы практикалық іс-шараларға қатысу;
«Биология» пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасының негізі оқытудың төрт бөлімін қамтиды: «Тірі ағзалардың алуан түрлілігі, құрылымы және функциялары»; «Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік»; «Эволюциялық даму, ағза және қоршаған орта»; «Кіріктірілген қолданбалы ғылымдар».
Биология бойынша білім беру бағдарламасы оқытудың бастапқы сатыларының өзінде пән туралы бүтіндей түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Биология бойынша оқу бағдарламасына мынадай бөлімшелер енгізілді: «Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары», оның шеңберінде тұқым қуалайтын және жүре пайда болған белгілері қаралады, «Микробиология және биотехнология» – микроорганиздер, антибиотиктер және антисептиктер туралы түсініктер енгізіледі.
Аталған бөлімшелерді оқыту оқушыларды қоршаған ортаны түсіну, сонымен қатар жоғары сыныптарда пәнді барынша тереңірек одан әрі зерделеуге көмектеседі.
Биология бойынша бағдарламаның негізгі ерекшеліктері болып биология бөлімдерін зерделеу жүйелілігінде оқытудың «шиыршық» принципін пайдаланылады. Бағдарламада 7-сыныптан бастап біртіндеп мазмұнының тереңдеуімен және күрделенуімен биология курсының барлық негізгі мәселелері оқытылады.
Демек, оқушылар ағзалардың әртүрлі топтарына тән биологиялық процестер мен құбылыстарды бір мезгілде зерделеу және салыстыру мүмкіндігін алады.
Оқу бағдарламасының мынадай бөлімдері бойынша тақырыптарды зерделеудің күрделілік және тереңдік деңгейіне назар аудару керек:

      • «Тірі ағзалардың әралуандылығы» – оқушыларды ағзалардың әр түріне арналған анықтау-кілттерін құрастырған кезде дихотомия әдісіне оқыту.

  • «Қорек» – адамның ас қорыту жүйесі бойынша білім негіздерін қалау (аталған тақырыпты оқушылар 9-сыныпта барынша толық зерделейтін болады).

  • «Жасушалық цикл» – генетикалық материал туралы түсінікті енгізу (химиялық формуланы ғана және ДНҚ-мен байланысты оқушылар 10-сыныпта жан-жақты зерделейтін болады).

Сабақтарды жоспарлаған кезде практикалық дағдыларды дамытуға бағыталған белсенді оқыту әдістерін көбірек қарастыру керек.
«Биология» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 7 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

Мектепте «Физика» пәнін оқыту заманауи технологиялық әлемдегі өмірге дайындауда маңызды мағынаға ие.


Жаңартылған мазмұндағы 7-сыныпқа арналған «Физика» пәнін оқытудың мақсаты - білім алушылардың ғылыми дүиетанымдық негіздерін, әлемнің жаратылыстанымдық-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауын, өмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.
Оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:

  1. білім алушылардың әлемнің заманауи физикалық бейнесінің негізінде жатқан заңдылықтар мен принциптер туралы іргелі білімді, табиғатты танудың ғылыми әдістерін меңгерту;

  2. білім алушылардың интелектуалдық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлективтік мәдениетін, физикалық экспериментті және зерттеу жұмыстарын орындау дағдыларын дамыту;

  3. оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;

  4. меңгерген дағдыларды табиғат ресурстарын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда, қоғам мен адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қолдану.

7-сыныптың физика курсында табиғат құбылыстарын қарастырады, физиканың негізгі заңдарымен танысады және осы заңдарды техникада және күнделікті өмірде қолдану деңгейінде оқытылады.
Физика мен оның заңдары барлық жаратылыстану саласының өзегі екендігіне басты назар аударылады. Сондықтан, курстың ең маңызды міндеттердің бірі - оқушылардың әлемнің заманауи физикалық бейнесінің негізін және табиғатты танудың ғылыми әдістерді туралы түсініктерін қалыптастыру.
Қазіргі заманауи физика қарқынды дамып келе жатқан ғылым, оның жетістіктері адам қызметінің көптеген салаларында әсер етеді. Бағдарламаның мазмұны физика эксперименттік ғылым болып табылатына, оның заңдары фактілерге, тәжірибелер көмегіне сүйенетіне негізделеді.
Физика - нақты ғылым және құбылыстардың заңдылықтары сандармен зерттеледі, сондықтан басты назар физикалық заңдарды тұжырымдау мен оларды түсіндірудің математикалық аппарататын қолдануына аударылады.
7-сыныптың физика курсына кіріспе «атом», «зат», «материя» және «физикалық термин», «физикалық шама», «гипотеза» және «эксперимент», «өлшем» және «өлшеу қателігі» сияқты негізгі ұғымдарды оқытады, одан әрі оқу материалын оқыту кезінде қазіргі ғылымның заманау деңгейі мен қоршаған ортамен байланыстың үзілмеуіне мүмкіндік береді.
Оқушылардың алған білімі қоршаған ортаға шығармашылық көзқарасын және оны дамытуға ықпал ететін болады және қоршаған орта туралы шындықты дұрыс талдауына көмектеседі.
Мектепте «Физика» пәнін оқыту заманауи технологиялық әлемдегі өмірге дайындауда маңызды мағынаға ие. Оқушылар оқу процесінде бақылау жүргізуге, топтастыруға, құбылыстарды бір-бірімен байланыстыру мен оларға түсінік беруге үйренулері тиіс. Ерекше басымдылық ғылыми мәселелерді әлеуметтік және тұлғалық маңызды міндеттер мәнмәтінінде қарастыра алатын ақпараттанған және сыни ойлайтын азаматты тәрбиелеуге аударылуы тиіс.
Оқушылар оқу процесінде бақылау жүргізуге, топтастыруға, құбылыстарды бір-бірімен байланыстыру мен оларға түсінік беруге үйренулері тиіс.
Жаңартылған мазмұндағы бағдарламаның ерекшелігі келешек мамандығында жетістіктің маңызды критерий болып табылатын білім алушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру, өйткені проблеманы зерттеу, идеяларды сынақтан өткізу, жақсартудың жолдарын ұсыну қандай да болмасын проблеманы шешу үшін әмбебап операциялар болып табылады
Алған білімдерін практикада қолдану үшін оқушылар технология, коммуникация, медицина, ауыл шаруашылығы, түрлі өнеркәсіп және энергетика сияқты, адам қызметінің әртүрлі салаларындағы физиканың жетістіктері мен рөлін түсінуі қажет.
Физика пәні сабақтарында оқушылар тәжірибелер өткізіп қоймайды, мәліметтерді жинақтайды, жазып алады және талдайды; градиентті тәуелділігі мен табуға қатысты кестені құрастырады, соның ішінде Корнфильд әдісін пайдалана отырып ақаулықтарды табады, тәжірибені өткізуге әсер ететін факторларды анықтайды және оны жақсарту жолдарын ұсынады. Осының арқасында, әрбір оқушы зерттеу жолын жеке меңгереді және қандай да болмасын физика заңдылығына қатысты қорытындыны жасай алады. Мысалы, сұйықтықтың кинематика саласындағы зертханалық жұмыстар кешенін орындау оқушылардың қазіргі күні сұранысқа ие «Мұнай-газ ісі», «Жылуэнергетика», «Сумен қамтамасыз ету» мамандықтарын сәтті игеруіне дайындай алады.
«Орындалуға міндетті тәжірибелік және зертханалық жұмыстар тізілімі» оқушыларға пән бойынша жаңа білім алып, зерттеу машықтарын дамытуға мүмкіндік беретіндей етіп іріктелген.
Жаңартылған бағдарламаның басты мақсаттарының бірі – физика шамаларын тәжірибе жүзінде анықтау, қолдағы құралдармен тәжірибе өткізу, көрсеткіштерді оқи білу және нәтижені талдау. Осыған байланысты, бұл қосылған тәжірибелік есептердің есесінен, оқу бағдарламасының әрбір бөлімшесі кем дегенде 3 практикалық жұмыстардан тұрады:

  • ауырлық күшін зерттеу («Кинематика негіздері» бөлімшесі 7 сынып);

  • түрлі денелердің созылуын зерттеу («Кинематика негіздері» бөлімшесі 7 сынып);

  • жұмыстың мәнін график бойынша анықтау («Кинематика негіздері» бөлімшесі 7 сынып);

  • ауырлық күші мен үйкеліс күшінің жұмысын салыстыру («Динамика негіздері» бөлімшесі 7 сынып);

  • көлік түрлерінің қуатын бағалау («Сақталу заңдары» бөлімшесі 7-сынып);

  • үстел теннисіне арналған шариктің тебілу биіктігін анықтау («Сақталу заңдары» бөлімшесі 7-сынып);

  • күштің айналу осіне дейінгі қашықтыққа тәуелділігін зерттеу («Статика» бөлімшесі 7-сынып);

7-сыныптарға арналған «Физика» пәнінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы 10 зертханалық жұмыс және 22 практикалық жұмыстан тұрады.
7-сыныпта физиканы оқыту математикадан өтілген білім мазмұнымен байланысына негізделеді. Мұғалім оқушылардың 6-сыныпта математиканы оқығанда қандай білім алғанына, 7-сыныпта математика сабақтарында нені қарастыратынына сүйенеді. Мұнда 7-сынып оқушылары қазірдің өзінде координаталық жазықтық және теріс сандармен, әріппен белгілеумен таныс екендігі, формуланы жаза аладытыны есте болу керек. Олар бүтін және бөлшек сандармен әрекеттерді орындауды біледі, арифметикалық ортаны таба алады, сызықтық теңдеулерді шешеді. Оқу жылының ішінде оқушылардың математикалық дайындығы екі белгісізі бар теңдеулер туралы білімімен толықтырылады, олар функция ұғымын және оның графикалық көрсетілімін меңгереді.
Физика және химияда көптеген ортақ ұғымдар зерттеледі: атом, молекула, физикалық және химиялық құбылыстар, масса, дененің агрегаттық күйі. Осы шамаларды және оларды қолдану мен түсіндіруде бірдей анықтаманы қолдану қажет.
Физика мен биологияда өзарабайланысы ретінде жалпы және ішінара пайымдау болады. Табиғаттың біртұтастығын түсіну қабілеті және физика заңдарының әсері туралы білімі оқушылардың биологиядан алған білімдерін кеңейтуі мүмкін. Ол биологияның әдістерін физикамен байланыстырып пайдаланануды қарастыруға ықпал етеді.
Жаңартылған білім беру мазмұнында жетістікке қол жеткізу үшін мыналарды жасау ұсынылады:

  • ғылыми тілді қалыптастыру мақсатында оқушылардың сөздік қорын байыту, үш тілдегі физикалық терминологиямен таныстыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу;

  • физикалық процестерге диаграммалар, сызбалар, жалпылама және талдау кестелерін жасай білу дағдыларын, баяндау, сипаттау, салыстыру, графикті талдау, қорытынды жасау және жалпылама қорыту (жазбаша және ауызша); дағдыларын қалыптастыру

  • есептердің шешімін сауатты ресімдеуге назар аудару;

  • жүргізілген тәжірибелік және зертханалық жұмыстар бойынша кеңейтілген жазбаша есептерді немесе ауызша баяндамаларды дайындай білуді дамыту;

  • оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, олардың пікірлерінің қисындылығы және дәлелдермен түйінделу дәрежесін арттыру.

Оқу бағдарламасының келесі бөлімдері бойынша тақырыпты оқу күрделілігі және тереңдігі деңгейіне назар аудару қажет:

  • «7.2.1.4 үдеудің не білдіретіндігін түсіну» - есептерді шешуде формулалар қолданбай, «үдеу» түсінігінің өзін ғана енгізу. 7-сынып деңгейінде үделген қозғалыс және «үдеу» түсінігі тек негізгі деңгейде оқытылады, сәйкесінше жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі графигінің астында ауданды есептеу, тікбұрыштың ауданын есептеуге келтіріледі.

  • «7.1.1.7 графикалық әдіспен бір түзу бойымен бағытталған векторды қоса және ала білу» - оқушыларға қиын емес есептер ұсыну және әр түрлі денелердің қозғалысының нақты мысалында жақсы меңгерілетін «вектор» бастапқы түсінігін енгізу ұсынылады.

  • 7.3 «Қатты денелердің, сұйықтықтар мен газдардың қысымы» бөлімінде «Торричелли тәжірибесі» және «Атмосфералық қысым» тақырыптары қаралады.

«Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 7 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет