Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет64/185
Дата06.02.2022
өлшемі3,12 Mb.
#76541
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   185
Оқу жылдамдығы дегеніміз – белгілі бір уақыт ішінде оқылатын мәтіннің көлемі. Жалпы, оқу техникасымен жұмыс – ұзақ процесс, оған балалар үнемі қызығушылық таныта қоймайды. Дегенмен жақсы оқу техникасы болмайынша, баланың жоғары сыныптарда білім алуы қиынға соғады.
Осыған орай, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мұғалімдерге көмек ретінде әзірлеген «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта мектеп деңгейлерінің оқыту тілдері бойынша әдістемелік ұсынымдама» Академия сайтына (www.nao.kz) орналастырылды. Әдістемелік құралда оқу мәтіндерінің түрлері мен оқу техникасы, оқу әдістері қарастырылып, негізгі мектептердегі оқу нормативтері мен оқу жылдамдықтарын тексеруі бойынша ұсынымдамалар берілген. Төменде берілген ұсынымдамаларды 6, 8, 9-сынып білім алушыларының оқу жылдамдықтарын дамыту барысында қолдану ұсынылады.
6, 8, 9-сыныптардағы оқу жылдамдығына қойылатын талаптар:
1) мәнерлеп оқу, логикалық екпінді ең маңызды сөздерге қойып оқу;
2) оқу барысында сөзді бұзбай, автордың айтатын ойын дұрыс жеткізу.

30-кесте – 6, 8, 9 – сыныптарға арналған оқу нормативтері





Сынып

Сөз саны

Таңба саны

6-сынып

105-110

720-780

8-сынып

120-130

840-900

9-сынып

130-155

900-1080



6, 8, 9 -сыныптарда оқу жылдамдығын тексерудің ерекшеліктері.
Оқу жылдамдығын тексеруге арналған мәтіндер төмендегі талаптарға сай болуы қажет:

  • нақты сюжеттік негізінің бар болуы;

  • күрделі емес құрылымда құрылған сөйлемдерден тұруы қажет;

  • мәтіндер диалогтерден, өлең жолдарынан, түсініксіз сипаттаулардан болмауы керек ;

  • оқушыларға таныс сөздерден тұруы қажет;

  • мүмкіндігіне қарай эмоционалдық қарым-қатынастан бейтарап болуы керек.

Оқу жылдамдығына талдау жасау барысында:

  • оқу тәсілі;

  • оқу қарқыны;

  • оқу сауаттылығы;

  • түсініп оқуы;

  • мәнерлеп оқуы ескеріледі.

Оқу жылдамдығын тексеруге таңдалатын мәтіндер бала танымына жақын, етене таныс, күнделікті қарым-қатынас жасап отырған ортаға байланысты таңдалады. Мәтіндер қызғылықты, қоршаған орта мен табиғатты терең тануға ықпал ететін, дүниетанымын кеңейтетін, ұлттық рухты көтеретін, батырлыққа, ерлікке жетелейтін, баяндалатын іс-әрекет пен оқиғалар сабақтаса байланысқан, бірін-бірі толықтыратын болып келу жағы қарастырылады. Оқу жылдамдығын тексеру барысында мына төмендегі материалдарды пайдалануға болады:
1) жыл мезгілдері және олардың бір-бірінен өзгешеліктері, ерекшеліктері;
2) білім алушылардың өз бастарынан кешкен оқиғалары;
3) оқыған кітаптары, естіген әңгімелері, көрген кинофильмдері;
4) қоршаған орта мен табиғатты бақылаудан алған әсерлері мен ой-пікірлері;
5) балалардың еңбек әрекеттері, ойындары;
6) отбасы, ауылы, туған өлкесі;
7) үй жануарлары және олардың қасиеттері;
8) жабайы аңдар және құстар;
9) түрлі кәсіптер туралы;
10) туған елдің тарихы, ұлы ойшылдары мен ақын-жазушылары, билері мен батырлары т.б.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2017-2018 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:
15 тамыз - жазушы, әдебиеттанушы, ғалым, сыншы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Тұрсынбек Кәкішевтің туғанына 90 жыл (1927-1984)
5 қазан - Ұлт азаттық қозғалысының басшысы, атақты батыр Сырым Датұлының туғанына 275 жыл 100 жыл (1742);
4 мамыр - әйгілі жырау, дана би, абыз, қазақ ауыз әдеби шығармашылығының көрнекті өкілі Бұқар Жырау Қалқаманұлының туғанына 350 жыл (1668);
25 маусым - Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 125 жыл(1893 -1937);
15 тамыз - ақын, Қазақстан Республикасының халық жазушысы, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ғафу Қайырбековтің туғанына 90 жыл (1928-1994);
28 қазан -қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл Сұлтанмахмұт Шоқпытұлы Торайғыровтың туғанына 125 жыл(1893-1920);
Қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын Ақан Сері (Ақжігіт) Қорамсаұлының дүниеге келгеніне 175 жыл (1843).
Оқыту қазақ тіліндегі мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне қосымша материалдар алу үшін ұсынылатын сайттар:

  1. http://nao.kz - Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми сайты;

  2. http://ustazuni.kz - мұғалімдерге арналған сайт;

  3. https://infourok.ru/ - ұстаздарға арналған білім көтеру, ашық сабақтар сайты;

  4. http://abai.kz - ақпараттық-танымдық сайт;

  5. http://u-s.kz - ұстаздар сайты;

  6. http://ustaz.kz - ашық сабақтар сайты;

  7. http://sabak - сайт творческих учителей Казахстана;

  8. http://ojarovaroza.ucoz.kz - қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімінің портфолиосы;

  9. http://sabaqtar.kz/kazaksh/ - Қазақстан ұстаздарына арналған әдістемелік сайт;

  10. http://bilimsite.kz/ustaz - білімділер сайты;

  11. http://u-s.kz/publ/ - ұстаздар сайты;

  12. http://sabaq.kz - ұстаздарға арналған танымдық-әдістемелік сайт;

  13. http://ped.kz - ұстаздардың әлеуметтік порталы;

  14. http://oqu-zaman.kz - ұстаздар мен білім алушыларға арналған қосалқы білімді сайт;

  15. http://tarbie.org - ұстаздар сайты;

  16. http://kazbilim-edu.kz - оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қазақ тілі сабақтарында тиімді пайдалану;

  17. http://bilimtime.kz - ұстаздарға арналған сайт.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет