Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы – білім алушылардың тапсырмаларды мұғалімнің бекітіп беруі бойынша өз бетімен орындауы және оқып-үйренетін материалды терең меңгеруге, сондай-ақ оны іс жүзінде қолдануға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және оқу біліктіліктері мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
Үй тапсырмасын ұйымдастыру кезінде:
орта білім беру ұйымының түрі және білім алушылардың контингенті;
сабақ кестесіне сәйкес басқа да пән бойынша берілген үй тапсырмасының көлемі;
жоғары сыныптарда әр сабақ бойынша берілетін үй тапсырмасынан оқу тоқсанына берілген тапсырмалар жүйесіне өту мүмкіндігі (немесе бөлімді аяқтағаннан кейін);
бірнеше оқу мақсаттарын ұйымдастыру негізінде жекелеген пәндер бойынша үй тапсырмасының оқу жобасының нысаны;
шығармашылық сипаттағы үй тапсырмасын орындау мерзімі (мысалы, модель жасау, жоба дайындау, еліктіргіш тарих, өз ертегісі бойынша киносценарий жазу) бір білім алушыға айына кемінде бір апта және бір тапсырмадан артық емес шегінде беру ескеріледі;
бейнелеу өнері, көркем еңбек, музыка, өзін-өзі тану, еңбекке баулу, технология, алғашқы әскери дайындық, алғашқы әскери және технологиялық дайындық және дене шынықтырудан үй тапсырмасын басқа пәндермен кіріктіру ұсынылады;
білім алушылар сабақта оқыту мақсаттарына жетсе ("біледі", "түсінеді", "қолданады", "талдайды", "бағалайды" және "жинақтайды") үй тапсырмасын орындау қажеттілігі болмайды.
Үй тапсырмасын:
мерекелік және демалыс күндері (жалпы дамуы үшін көркем, қосымша әдебиеттерді оқу, математикалық мектептер үшін жобалық жұмыстарорындау мен есептер шешуден басқа);
Достарыңызбен бөлісу: |